Тең сайлау құқығы
Тең сайлау құқығы: • Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына олардың
тұратын мекен-жайы орнына қатыссыз, соның ішінде елімізден тысқары
жердегілерге; • сайлаушылардың саны, шамамен бірдей сайлау округтерін құру
арқылы; • сайлауімимы сайлау учаскесіндегі бір гшш сайлаушылар тізіміне қосу
арқылы; • тең сайлау құқығы талаптарын екі немесе одан да коп рет, тіпті басқа
сайлаушы үшін де дауыс беру арқылы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік
тағайындау арқылы қамтамасыз етіледі.
Жанама сайлау құқығы
Жанама сайлау құқығы—Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға
таңдаушылар мәслихат депутаты болып табылатын республика азаматы қатысады
дегенді білдіреді. Аталған сайлауда халықтың еркіндігі жанама жолмен тікелей сайлау
құқығы арқылы сайланған мәслихат депутаттарының, яғни таңдаушылардың дауыс
беруі арқылы көрініс табады. Әрбір таңдаушы бір дауысқа ие болады.
Жасырын дауыс беру
Жасырын дауыс беру — сайлауда сайлаушылардың еркін білдіруіне
қандай да бір бақылау жасау мүмкіндігіне жол берілмейді.
Жасырын дауыс беру:
• әрбір сайлаушының жеке өзі дауыс беруі, дауыс беру құқығын басқа тұлғаға беруге
жол бермеу арқылы; • басқа тұлға үшін дауыс беруге жол бермеу; • дауыс беруге
арналған бюллетеньдер сайлаушыларға сайлаушылар тізімдері арқылы сайлаушының
жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі бойынша; • сайлау бюллетені
сайлаушының жасырын дауыс беру кабинасында жеке толтырылуы арқылы жүзеге
асады. Сайлау бюллетенінде дауыс берушінің жеке басын айқындауға мүмкіндік
беретін белгілер салуға болмайды. Заңда дауыс берудің жасырын тәртібін бұзған
лауазымды тұлғалар мен оған кінәлілерге жауапкершілік көзделген.
[1]
Дереккөздер