Жер асты газ құбырының саңылаусыздығын тексеруді және газдың шығу


Газдың және зертханалық жабдықтардың қауіпсіз пайдаланылуы



бет4/18
Дата19.05.2022
өлшемі354 Kb.
#457615
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Құбырлар рамки для теории

1.4 Газдың және зертханалық жабдықтардың қауіпсіз пайдаланылуы

Қазір газ отын ретінде көп пайдаланылады. Ал оны дүрыс пайдаланбаса жалын шарпып, қопарылыс жасауы, ал газ өздігінше ағытылса адамды улауы мүмкін, Сондықтан газ қондырғыларының жарамды болуы - басты талап. Әдетте, үйде төмендегі қысымдағы (4,9 кііа -0,05 кг/см2) газ жолдары пайдаланылады.


Бөлмеде газдың исі шықса үйге кірмеу керек, от жағуға, электр жарығын қосуға болмайды. Тез газды сөн-діріп, бөлмені желдету керек. Газды жағарда әуелі сірің-ке жағып, сосын газды ашу керек. Егер от шілтердің ішіне кетіп түрса, оны тез сөндіріп, салқындағаннан кейін қайтадан жағу керек. Егер одан да болмаса, маман шақырту қажет.
Адам газбен уланғанда дәрігер шақырып, адамды таза ауаға шығару керек жөне оның үйықтауына жол бермей қозғалтып түру қажет. Қажетті жағдайда мүсәтір спиртін иіскетіп, жасанды дем алдыру керек. Ол кезде оның денесін салқындатпай ысқылау, қыздыру қажет
1.5 Жер асты және жер үсті газ құбырларын ағымдағы жөндеу

Газ жіберуді жүргізетін бригада барлық ішкі газ құбырларын мен газ жабдығын қолданыстағы сыртқы газ құбырларына қосар алдында, сондай-ақ жөндеуден кейін оларды сыртынан қарап шығып, бақылаушы нығыздауды жүргізуге тиіс.


Бақылаушы нығыздау ауамен не оқшау газдармен орындалады.
Тұрғын үйлердің ішкі газ құбырлары мен газ жабдығын бақылаушы нығыздау 500 даПа (500 мм вод.ст) қысымымен жүргізілуі тиіс. Қысымның түсуі 5 мин. 20 даПа (20 мм вод.ст.) аспау керек.
Қосылатын газ құбырларындағы ауа қысымы оларды қосу не газды жіберу бойынша жұмыстар басталғанша сақталуы тиіс.
Егер қаралған және бақылаушы нығыздаудан өткен газ құбырлары газбен толтырылмаса, онда газды жіберу бойынша жұмыстарды қайта бастаған кезде олар қайтақаралып, нығыздалуы тиіс.
Бақылаушы нығыздау нәтижелері газ қауіпті жұмыстарды орындауға наряд-рұқсаттамаға жазылуы тиіс.
Газ құбырларын ағымдағы және күрделі жөндеу Ағымдағы жөндеу кезінде газ құбырларына техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүргізу нәтижесінде анықталған, барлық кемшіліктер жойылады.
Жер үсті газ құбырларын ағымдағы жөндеу кезінде мынадай жұмыс түрлері жүргізіледі:
- газ құбырының иілуін (майысуын) орнына келтіру; - газ құбырының бекіткіштерін жөндеу және ауыстыру, тіреуіштердің зақымдануларын жою;
- газ құбырлары мен арматураны (қажет болған сайын) бояу;
- компенсаторларды жөндеу және ауыстыру;
- арматура мен компенсаторларды лай мен тоттан тазарту;
- қабырғаның үстіндегі белгілерді қалпына келтіру не ауыстыру;
- барлық дәнекерленген, бұрандалы және фланцтік жалғаулардың саңылаусыздығын аспаппен не сабын эмульсиясымен тексеру;
- арматурадан газдың шығуын жою, орауыштарды дәнекерлеу;
- газ құбырлары мен арматураның бітелген жерлерін жою;
- газ құбыры түтіктерінің механикалық зақымдануларын (газ шықпайтын) жою;
- газ құбырынан газдың шығуын жою.
Жер асты және жер үсті газ құбырларын ағымдағы жөндеу кезінде мынадай
жұмыс түрлері орындалады:
- жер үсті газ құбырларының топырақпен үйілуін қалпына келтіру, топырақтың отыруы, жылжуы, опырылуы және эрозиясы кезінде жобалау белгілерге дейін жер асты газ құбырларының үстінен топырақ төгу;
- газ құдықтарының, қақпақтарының, кілемдердің қисайған, отырған және басқа да ақауларын, конденсат жинағыштар мен су қақпақтарының тіреушелерінің шеттерін жою;
- газ құбырларының бітелген жерлерін жою;
- арматура мен газ құбырларынан газдың шығуын жою;
- газ құбырларының оқшаулау төсемдерінің кейбір зақымдалған жерлерін жөндеу;
- кілемдер мен бақылау түтіктерін ауыстыру;
- жер асты өткелдерінің төселген жерлерін, құбырлардың футеровкасын қалпына келтіру, газ құбырларын тартудың шайылған учаскелеріне топырақ төгу, жүктерді қалпынакелтіру;
- газ құдықтарын лайдан, су мен бөтен нәрселерден тазарту, баспалдақ пен
қапсырмаларды тексеру және бекіту, кірпіш қалау мен сылақтың кейбір жерлерін қалпына келтіру, қылтаның сынған жерлерін дұрыстау, құдықтардың жиектері мен гидрооқшаулығын қалпына келтіру.
Газ құбырларын күрделі жөндеу кезінде мынадай жұмыс түрлері жүргізіледі:
- газ құбырларының жеке учаскелерін ауыстыру;
- газ құдықтарын ауыстыру;
- газ құбырының жеке учаскелерінде оқшаулауды ауыстыру;
- газ құбырының құбыр қабырғаларын қалпына келтіру, орауыштарды ұштастыру;
- күшейткіш муфталарды орнату;
- газ құбырларын енгізу жерлерін ауыстыру;
- үстіңгі жабындарды бұзу және ауыстыру, газ құдықтарының қылталарын қайта салу;
олардың гидрооқшаулығын толығымен қалпына келтіру, биіктігі бойынша құдықтарды көтеру, сылау, баспалдақ пен қапсырмаларды ауыстыру;
- конденсат жинағыштардың кілемдерін, су қақпақтарын бөлшектеу, қосымша орнату не ауыстыру;
- жер асты газ құбырларының учаскелерін ғимараттардың тіреуіштері мен алдына шығару;
- жер асты газ құбырларының жерге енгізу және жерден шығу жерлерінің футляры мен оқшаулығын ауыстыру.
- жер асты газ құбырларының тіреуіштерін ауыстыру.
Ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары туралы газ құбырының пайдалану паспортында жазылады. 5.8 Конденсат жинағыштардан конденсатты жою Конденсат жинағыштардан конденсат арнайы ыдысқа алынып тасталады. Төмен қысымдағы газ құбырларынан қол сорғышымен, ал жоғары және орта қысымдағы газ құбырларынан – газ қысымымен алынып тасталады.
Конденсат жинағыштардан конденсатты жою бойынша жұмыстар газ қауіпті жұмыстарға жатады, оларды құрамында кемінде екі адам бар жұмысшылар бригадасы орнатылған нысандағы наряд-рұқсаттама бойынша орындайды.
Объектіге шығар алдында бригадир немесе көрсетілген жұмыстарды басқару тапсырылған, ең білікті жұмысшы құрал-саймандардың, материалдар мен құрылғылардың жинақталуын, жеке қорғану құралдарымен және арнайы киіммен қамтамасыз етілуін тексереді, тиісті пайдалану-техникалық құжаттамасымен танысады.
Төмен қысымдағы газ құбырларынан конденсат жинағыштардан конденсаты айдап шығару мынадай тәртіппен жүргізеледі:
- конденсат жинағыштың тіреушесіндегі қақпақ алынады;
- конденсат жинағыштағы конденсаттың деңгейі өлшеуіш сызғышпен өлшенеді;
- тіреуше арқылы қол сорғышының сорғыш келте құбыры түсіріледі және тіреушеде бекітіледі;
- сорғыштың айдауыш келте құбыры конденсатты төгу үшін арнайы сыйымдылыққа не автоцистернаға салынады;
- конденсатты айдап шығару жүргізіледі, аяқталғаннан кейін сорғыштың сорғыш келте құбыры алынады және тіреушедегі қақпақ бұрап жабылады;
- аспаптың не сабын эмульсиясының көмегімен бұранда жалғауларының
саңылаусыздығы тексеріледі.
Жоғары және орта қысымдағы газ құбырларындағы конденсат жинағыштардан конденсатты жою мынадай тәртіппен жүргізіледі:
- конденсат жинағыштың тіреушесіндегі тиек құрылғысының жабылғаны тексеріледі, конденсат жинағыштың тіреушесіндегі қақпақ бұрап алынады;
- муфтаға бұрып апаратын түтік бұратылады, оны арнайы сыйымдылыққа не автоцистернаға қосады;
- конденсат жинағыштың тіреушесіндегі тиек құрылғысы ақырын ашылады және конденсаттың сыйымдылыққа не автоцистернаға құйылуы жүргізіледі;
- конденсат жойылғаннан кейін конденсат жинағыштың тіреушесіндегі тиек
құрылғысы жабылады, бұрып апаратын түтік бұрып алынады;
- қақпақ тіреушенің муфтасына бұрып салынады және аспаптардың не сабынэмульсиясының көмегімен тиек құрылғысының және бұранда жалғауларының саңылаусыздығы тексеріледі.
Газ құбырынан конденсатты жою кезінде автоцистерна не сыйымдылық люгінің қақпағы үнемі ашық болу керек.
Конденсатты жер бетіне, су ағызу жүйелеріне, канализацияға және басқа
инженерлік коммуникацияларға құюға тыйым салынады.
Конденсатты жою бойынша жұмыс нәтижелері жер асты газ құбырлары
қызметінің эксплуатациялық журналында ресімделеді.
Жер асты болат газ құбырларын тот басудан электр-химиялық қорғау
құралдарына техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу
Жер асты газ құбырларын тот басудан электр-химиялық қорғау құралдарына техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу, ЭХҚ тиімділігін бақылау және газ құбырларының тот басудан зақымдануын болдырмау бойынша іс-шараларды әзірлеу пайдаланушы ұйымның мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерінің жеке құрамымен немесе мамандандырылған ұйымдармен іске асырылады
ЭХҚ құралдарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және тиімділігін тексеру бойынша жұмыстарды орындау мерзімділігі Табиғи газдарды тарату және тұтыну жүйелерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарымен орнатылады. ЭХҚ құралдарының қолданыс аясындағы газ құбырларында электр әлеуеттерін жоспарлы өлшеумен бірге ЭХҚ тиімділігін тексеру кезінде әлеуетті өлшеуді жүргізуге рұқсат етіледі.
ЭХҚ қондырғыларына техникалық қызмет көрсету электр-қорғау
қондырғыларының меншік иесі-ұйымдарының техникалық басшылары орнатылған тәртіппен бекітілген кестелер бойынша қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүргізіледі. ЭХҚ құралдарын пайдалану кезінде олардың жұмыс істемей қалған жағдайлары және тұрып қалған уақытының есебі жүргізіледі.
ЭХҚ катод қондырғыларына техникалық қызмет көрсету өзінде мынадай
әрекеттерді қамтиды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет