- жұмыс жеке құрамы үшін жыл сайын; - техникалық басшылар, мамандар мен инженерлік-техникалық қызметкерлер үшін үш жылда бір рет жүргізу қажет.
1.2 Пайдалану құжаттамасының құрамы
Объектілерді пайдалануға қабылдау актілері және оларға қоса берілетін жобалау мен құрылыстың атқарушы құжаттамасы пайдалану ұйымының мұрағатында объектілерді пайдаланудың бүкіл мерзімі бойы сақталуға тиіс. Пайдалану ұйымы техникалық пайдалану кезінде орындалатын жұмыстардың түрі, өндірістік қызметтің көрсеткіштері, өлшем бірліктерін тексеру бойынша пайдалану құжаттамасын жасайды және жүргізеді.
Пайдалану құжаттамасын ДЭЕМ-де жүргізу және оны магниттік тасығыштарда сақтауға рұқсат етіледі.
Пайдалану құжаттамасының түрлері мен нысандары қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттармен орнатылады.
Жасалатын пайдалану құжаттамасының көлемі нормативтік-техникалық құжаттарда көрсетілген көлемге сәйкес келуге тиіс, ал мұндай нұсқаулар болмаған жағдайда пайдаланушы ұйыммен айқындалады.
Пайдалану құжаттамасының негізгі нысандары осы Ережелердің Б-қосымшасында келтірілді.
Атқарушы құжаттама жоғалған жағдайда объект туралы деректерді қалпына келтіру көзбен шолып қарау және аспаптар көрсеткіштерінің, техникалық тексеру, шурфтық тексеру, бақылау нығыздау нәтижелерінің негізіндегі өлшеулермен және басқа әдіс-тәсілдермен жүргізіледі.
Объектті әрі қарай пайдалану процесінде қалпына келтірілген құжаттама нақтыланады және техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстарды орындау процесінде анықталған деректер негізінде толықтырылады.
1.3 Сыртқы газ құбырлары
Сыртқы газ құбырларын техникалық пайдалану кезінде мынадай жұмыс түрлері орындалады:
- елді-мекендердің аумағына газ құбырына берілетін қысымды бақылау;
- газ құбырларын және сыртқы газ құбырында, ғимаратқа енгізу немесе тұтынушының сыртқы газ пайдалану жабдығының алдында орналасқан арматураны қоса алғанда, олардағы құрылыстарға техникалық қызмет көрсету, ағымдағы және күрделі жөндеу;
- газ құбырларын тот басудан электрлі-химиялық қорғау құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу, ЭХҚ қызметінің тиімділігін тексеру;
- газ құбырларында ылғал мен конденсаттың болуын тексеру және оларды жою;
- газ құбырларын техникалық диагностикалау;
- апаттарды оқшаулау мен жою, апаттық-қалпына келтіру жұмыстары;
- газ құбырларын және олардағы құрылыстарды бөлшектеу.
Жұмыстарды жүргізу реттілігі мен әдіс-тәсілдері осы Ережелерде, қолданыстағы салалық үлгі нұсқаулықтарында, орнатылған тәртіппен бекітілген басшы құжаттарында, әдістемелерде, технологиялық карталарда келтірілген және пайдаланушы ұйым әзірлейтін өндірістік нұсқаулықтарда көрсетілген болу керек.
Қалалар мен елді-мекендердің газ тарату тораптарында газ қысымын бақылау оны мерзімді түрде (бірақ жылына кемінде бір рет) өлшеу арқылы жүргізіледі.
Газ құбырларында ылғал мен конденсатты тексеру, оларды жою бітелген жерлердің пайда болу мүмкіндігін жоқ мерзімділікпен жүргізіледі.
Газ құбырларына техникалық қызмет көрсету кезінде мынадай жұмыс түрлері жүргізіледі:
- трассаларды аралап шығу кезінде газ құбырларының жай-күйін қадағалау;
- газ құбырларын техникалық тексеруден өткізу.
Газ құбырларының трассаларын аралап шығу пайдаланушы ұйым орнатқан, бірақ «Газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде көзделген мерзімдерден сирек емес мерзімдерде жүргізіледі. Аралап шығу кестелері газ құбырларын пайдалану шарттарының өзгерістеріне сүйене отырып, үш жылда кемінде бір рет қайта қаралуы тиіс. Газ құбырларының трассаларын аралап шығу кезіндегі жұмыстар «Газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің және осы тараудың талаптарына сәйкес орындалады.
Газ шығуын, сондай-ақ жер асты болат газ құбырларының оқшаулағыш жабындарының зақымдануларын айқындау мақсатында жүргізіледі. Техникалық қызмет көрсету бір айда кемінде бір рет іске асырылады, сондай-ақ жаңа жабдықты орнату, жөндеу немесе қызмет мерзімі біткен жабдықты ауыстыру жағдайында жүргізіледі.
Ағымдағы және күрделі жөндеу (газ құбырларын ауыстыру, қайта жаңғырту) газ құбырларына техникалық қызмет көрсету және диагностикалау нәтижелері бойынша жүргізіледі. Газ құбырларын диагностикалау алты айда бір рет жүргізіледі.
Әрі қарай пайдалануға жатпайтын болат газ құбырын қайта жаңғырту жаңа болат құбырына ауыстыру немесе тозған болат газ құбырларының ішінде полиэтилен құбырларын созу, болат газ құбырларының ішкі бетін арнайы екі компонентті желім негізіндегі синтетикалық мата шлангымен қаптау әдісімен, сондай-ақ орнатылған тәртіппен қолдануға рұқсат етілген басқа әдіс-тәсілдермен жүргізіледі.
Апаттық-қалпына келтіру жұмыстары газ құбырларын жөндеу және газдың шығуы уақытша жойылғаннан кейін тұтынушыларға газды беруді қалпына келтіру қажеттілігі кезінде жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |