Жер ќатынастарын мемлекеттік ќўќыќтыќ реттеу механизмі


Жер құқығы және азаматтық құқық



бет11/96
Дата13.06.2022
өлшемі1.43 Mb.
#459180
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   96
treatise203 (2)

Жер құқығы және азаматтық құқық. Жер құқығы азаматтық құқықпен тығыз байланыста. Себебі жер табиғи ресурс, қоршаған ортаның құрамдас бөлігі болып табылатындығымен қатар, жылжымайтын мүлік ретінде азаматтық айналымның объектісі болып табылады. Сол себептен, жер құқық қатынастарын реттеу барысында азаматтық құқық нормаларының қолданылатынын жоққа шығармаймыз. Дегенмен, жер учаскесі жеке меншікке беріліп, азаматтық айналымның объектісі ретінде танылғанымен, біршама шектеулер қойылады. Жер учаскесімен азаматтық құқықтық мәмілелер жасап, оны ашаруашылық айналымға түсірмес бұрын келесі жағдайларды анықтап алу қажет:

  • жер учаскелерін, жер пайдалану құқығын және жер үлестерін жер айналымына енгізу заңды түрде қамтамасыз етілгені;

  • жер нарықтық қатынастарының объектісі ретінде танылып отырған жер учаскесі немесе жер пайдалану құқығы шаруашылық және азаматтық айналымнан алынбағаны;

  • жер заңдарымен жеке меншікте болу мүмкіндігі анықталғаны;

  • жер учаскесінің шекаралары айқындалғаны;

  • жер учаскесіне құқықтарды куәландыратын құжаттары бар учаскелер болуы қажет.

Сонымен қатар, жер учаскесіне меншік құқығы, оның ішінде жеке меншік құқығы азаматтық құқықтағы жеке меншік құқығындай абсолютті емес, біршама шектеулер қолданылады. Атап айтсақ, жер учаскесінің нысаналы мақсатын қамтамасыз ету, жерді ұтымды пайдалану міндеті, топырақты қорғау неормативтерін сақтау, барлық жер қорының меншік нысанына қарамастан, жер мониторингісінің, жер кадастрының объектісі ретінде танылатыны, т.б.
Жер құқығы және аграрлық құқық. Жер құқық мен аграрлық құқықтың ұқсастығы – екі құқық саласының құқықтық реттеу пәні ретінде жер құқық қатынастарының танылуы. Ал айырмашылығы келесі белгілері арқылы айқындалады: жер құқық қатынастарының объектісі ретінде Қазақстан Республикасының меншік нысанына қарамастан барлық жер қоры танылса, ал аграрлық құқық қатынастарының объектісі ретінде тек ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер танылады. Жер құқығы тауарлы ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін, өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін алғышартын анықтайды, яғни жер учаскесін осы мақсаттар үшін беру тәртібін, шарттарын айқындайды, ауылшаруашылық жерлерінің басымдылығын, ауылшаруашылық алқаптарын пайдалану тәртібін, олардың ерекше қорғалуын қамтамасыз етеді. Ал аграрлық құқық болса, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерде ауылшаруашылық қызметін жүргізуге байланысты туындайды және осы салада туындайтын ауылшаруашылық өндірістік қатынастарды реттейді. Сол себептен, жер құқықғы кең мағынада қарстырылатын құқық саласы болса, аграрлық құқық тар мағынада, яғни ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді қызметті жүзеге асырумен байланысты болатын құқық саласы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет