Жер ќатынастарын мемлекеттік ќўќыќтыќ реттеу механизмі


Иеліктен шығарылатын жер пайдалану құқығы дегеніміз -



бет28/96
Дата13.06.2022
өлшемі1.43 Mb.
#459180
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   96
treatise203 (2)

Иеліктен шығарылатын жер пайдалану құқығы дегеніміз - оның иесі өзіне тиесілі жер учаскесін заңды тағдырын шешуге құқығы бар жағдайдағы пайдалану. Яғни, иеліктен шығарылатын жер пайдалану құқығы деп оның иесі өзіне тиесілі жер пайдалану құқығын заңда көрсетілген жағдайлар мен тәртіптер арқылы оқшаулауға құқылы екендерін білдіреді. Оқшаулау деп - азаматтық заңдармен реттелетін азаматтың жер учаскесімен құқықтық мәмілелерді жасауға мүмкіндігі болып табылады. Бұл құқық барлық жер пайдаланушыларға тиесілі емес.
Иеліктен шығарылмайтын жер пайдалану құқығы дегеніміз - оның иесі өзіне тиесілі жер учаскесін заңды тағдырын шешуге құқығы болмайтын жағдайдағы пайдалану құқығы.
Жер пайдаланушылардың:
1) ортақ пайдаланудағы;
2) қорғаныс қажеттерiне берiлген;
3) орман қорының;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы;
5) қызметтiк жер телiмiнiң;
6) уақытша өтеусiз және уақытша қысқа мерзiмдi өтеулi жер пайдалану құқығымен берiлген жер учаскелерiнiң;
7) кепiлге берудi қоспағанда, шаруа (фермер) қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша жер пайдалану құқығымен берiлген жер учаскелерiнiң;
8) су қорының жерiнде жер пайдалану құқығын иелiктен шығаруды қоса алғанда, жер пайдалану құқығына қатысты мәмiлелер жасасуына жол берiлмейдi.
Жер пайдалану құқығын иелiктен шығару және оны беру кезiнде жер пайдаланушылардың жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өз бетiнше өзгертуге құқығы жоқ.


2. Жер пайдалану құқығының субъектілері және олардың түрлері.
Жер пайдалану құқығының субъектілері бірнеше топқа бөлінеді:

  1. жеке және заңды тұлғалар.

  2. ұлттық және шетелдік тұлғалар. Ұлттық жер пайдаланушыларға мыналар жатады: ҚР азаматтары, ҚР заңды тұлғалары, шетелдік қатысуы бар ҚР заңды тұлғалары; ал енді шетелдік жер пайдаланушыларға келесі тұлғалар жатады: Шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетел мемлекеттері, халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер.

  3. мемлекеттік және мемлекеттік емес тұлғалар. Мемлекеттік жер пайдаланушыларға: Мемлекеттік заңды тұлғалар жатады. Мемлекеттік жер пайдаланушылардың құқықтық жағдайының ерекшеліктері:

- мемлекеттік жер пайдаланушылар жер учаскелерінде шаруашылық жүргізуді жүзеге асырады. Сондай ақ учаскелердің нысаналы мақсаты мен жер пайдаланушы тұлғалардың жоғарыдағы мақсатын ескере отырып, жер пайдаланудың басқа да құқықтарын іске асырады.
- мемлекеттік жер пайдаланушылардың өзіне тиесілі жер пайдалану құқығын иелігінен шығаруға, сондай ақ кепілге беруге құқығы жоқ.
- кейінгі жер пайдалану туралы шарт жалдау шарты немесе уақытша өтеусіз пайдалану туралы шарт нысанында жасалады.
- кейінгі жер пайдаланушы жер учаскесінде шарттық жүргізуді жүзеге асырады, сондай-ақ кейінгі жер пайдалану туралы шарттар белгіленген шарттарды сақтай отырып жер пайдаланушының басқа да құқытар мен міндеттерді жүзеге асырады. Мемлекеттік емес тұлғаларға: Азаматтар, мемлекеттік емес заңды тұлғалар, кәсіпкерлер жатады.

  1. тұрақты және уақытша жер пайдаланушылар

  2. бастапқы және кейінгі жер пайдаланушылар Бастапқы жер пайдаланушыларға: Жерді тікелей мемлекеттен немесе басқа бастапқы жер пайдаланушыдан тәртібі арқылы алған тұлғалар болып табылады. Кейінгі жер пайдалануда бастапқы жер пайдаланушы өзінің биліктік мәртебесін сақтап отырады. Ал кейінгі жер пайдаланушылардың құқықтары бастапқы жер пайдаланушылармен шектеліп отыруы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет