Жер ќатынастарын мемлекеттік ќўќыќтыќ реттеу механизмі


Жер учаскесіне кепіл құқығы



бет31/96
Дата13.06.2022
өлшемі1.43 Mb.
#459180
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   96
treatise203 (2)

Жер учаскесіне кепіл құқығы


Бақылау сұрақтары
1. Жер пайдалану құқығының түсінігі және оның түрлері.
2. Жер пайдалану құқығының субъектілері және олардың түрлері.
3. Жер меншік иелерімен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері.
4. Сервитуттар түсінігі, түрлері пайда болу және тоқтату шарттары.


Әдебиеттер
1. Архипов И.Т. Земельное право РК. Алматы. - 1997.
2. Бектұрғанов А.Е. Қазақстан Республикасы жер құқық қатынастары. - Алматы, - 1997.
3. Боголюбов С.А.- отв.ред.(авторский коллектив) Земельное право. – М.: Издательство Норма-Инфора, - 1998.
4. Стамқұлов Ә.С. Қазақстан Республикасының Экология құқығы. – Тараз: Атамұра, - 2003. – Жалпы және ерекше бөлім.
5. Стамкулов А.С. Қазақстан Республикасының Жер құқығы. – Алматы: Заң әдебиеті баспасы, – 2005.
6. Хаджиев А.Х. Земельное право Республики Казахстан. Общая часть Учебное пособие - Алматы. 2001

6 ТАҚЫРЫП. ЖЕРГЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ, ӨЗГЕРУ, ТОҚТАТЫЛУ НЕГІЗДЕРІ. ЖЕРМЕН МӘМІЛЕ ЖАСАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Сұрақтары:
1. Жерге меншік құқығының және өзге құқықтардың пайда болу негіздері.
2. Жерге меншік құқығының және пайдалану құқығының тоқтатылуы.
3. Жер учаскесін алып (сатып алу) қою, түрлері және тәртібі.
4. Жер мәмілелері. Жерге ақы төлеудi құқықтық реттеу.


1. Жерге меншік құқығының және өзге құқықтардың пайда болу негіздері.
Жepге меншік немесе пайдалану ќұќығы:
1) меншік немесе жер пайдалану ќұќығын табыстау;
2) меншік немесе жер пайдалану ќұќығын беру;
3) меншік немесе жер пайдалану ќұќығының әмбебап ќұќыќтыќ мирасќорлыќ тәртiбiмен ауысуы (мұраға ќалдыру, заңды тұлғаның ќайта ұйымдастырылуы) арќылы туындайды.
Меншік немесе жер пайдалану ќұќығын табыстау, беру және оның ауысуы жер учаскесiнiң нысаналы маќсаты ескерiле отырып жүзеге асырылуға тиiс.
Меншік немесе жер пайдалану ќұќығы:
1) мемлекеттiк органдар актiлерiнiң;
2) азаматтыќ-ќұќыќтыќ мәмiлелердiң негiзiнде;
3) Ќазаќстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздерде туындайды.
Жерге меншік және басқа да құқықтар келесі негіздер арқылы пайда болу мүмкін:
1. Меншік немесе жер пайдалану ќұќығын табыстау. Табыстау дегеніміз – жерді тұлғаға тікелей мемлекет арқылы беруін білдіреді. Азаматтарға және заңды тұлғаларға жер пайдалану ќұќығын табыстау атќарушы органның жер учаскесiне ќұќыќ табыстау жөнiндегi ќұзыретiне сәйкес оның шешiмi негiзiнде жүргiзiледi.
2. Меншік немесе жер пайдалану ќұќығын беру; Беру дегеніміз - тұлғаға жерге құқықтың басқа бір тұлғамен азаматтық құқықтық мәміле арқылы беруін білдіреді.
3. Әмбебап, мирасқорлық тәртібі арқылы ауысуы. Әмбебап, мирасқорлық дегеніміз - жерге құқықтың мұрагерлік арқылы пайда болуын білдіреді. Мысалы: мұраға ќалдыру, заңды тұлғаның ќайта ұйымдастырылуы, т.б.
Жер учаскелерiн меншiкке немесе жер пайдалануға берудi облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері өздерiнiң белгiленген құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
Жер кодексіне сәйкес, мемлекеттiк меншiктегi жерден жер учаскесiне құқықты табыстау мынадай ретпен жүргiзiледi:
1) жер учаскесiне тиiстi құқық табыстау туралы өтiнiм жасау. Жер учаскелерiне меншiк және жер пайдалану құқығының табысталуына мүдделi жеке және заңды тұлғалар жер учаскесi орналасқан жердегi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкіміне өтiнiш бередi.
Өтiнiште: жер учаскесiн пайдаланудың мақсаты; оның болжамды мөлшерi; орналасқан жерi; сұралатын пайдалану құқығы, басқа жер учаскесiнiң болуы немесе болмауы көрсетiлуге тиiс. Пайдалы қазбалар шығарылатын жағдайда өтiнiмге жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың көшiрмесi қоса берiледi.
Жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш түскен кезінен бастап екі айға дейінгі мерзімде қаралады, ал шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш үш апталық мерзімде қаралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет