Жер ќатынастарын мемлекеттік ќўќыќтыќ реттеу механизмі


Жер құқық бұзушылықтарының түciнiгi, түрлерi және құрамы



бет58/96
Дата13.06.2022
өлшемі1.43 Mb.
#459180
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   96
treatise203 (2)

1. Жер құқық бұзушылықтарының түciнiгi, түрлерi және құрамы.
Жер құқық бұзушылық дегеніміз - жер құқықтық тәртіпті жер меншік иелерінің жер пайдаланушылардың құқығымен заңды мүдделерін заңсыз кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік арқылы бұзу.
Жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартудың негізі - нақты құқық бұзушылықтың көрініс табуы.
Жер құқық бұзушылық ретінде тану үшін ол келесідей құрамға ие болуы керек:
1. Объектісі, жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың заңды мүдделері және құқықтық тәртібі.
2. Объективтік жағы, жер құқық бұзушылық негізі болған әрекет немесе әрекетсіздік.
3. Субъектісі, жеке және заңды тұлғалар.
4. Субъективтік жағы, кінәнің көрініс табуы. Кінәнің өзі 2 нысанда жасалуы мүмкін: Қасақана және абайсыздық нысанда
Жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік келесі түрлері көзделген:

  • әкімшілік;

  • тәртіптік;

  • қылмыстық;

  • азаматтық.

Жер құқық бұзушылық жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершіліктің негізі болып табылады. Жер құқық бұзушылық дегеніміз – жер құқықтық тәртіпке және мемлкеттің жеке және заңды тұлғалардың құқықтарымен заңды мүдделеріне қайшы келетін кінәлі және заңсыз әрекет немесе әректсіздік.
Жер құқық бұзушылықтың келесі белгілерін қарастырамыз:

  • заңсыздық;

  • кінәлілігі;

  • әрекет және туындаған саладарының арасындағы тікелей себепті байланыс;

  • туындаған салдары;

  • жер заңдарына қайшылығы;

Жер заңдарын бұзушылықты мынадай түрге бөледі:
1) жерге меншік иесінің құқығын бұзу:
2) жер пайдаланушының жер жер пайдалану құқығын бұзу:
3) жердің экологиялық жағдайын бұзу:
4) жер учаскесі меншік иесінің және жер пайдаланушының жер заңдарында белгіленген міндеттемелерді орындамау:
5) жерді басқару саласындағы жер заңдарын бұзу.
Жердің экологиялық жағдайын бұзудың түрлеріне:
1) жердің (топырақтың) құнарлы қабатын бұзу жоғалту:
2) жердің құнарлы қабатын сыдырап алу:
3) жердің құнарлығына теріс әсер ететін мелиоративтік жұмыстар жүргізу:
4) жерде арамшөптер мен зиянды карантинді өсімдіктердің, бұталардың қаптап кетуіне жол беру:
5) су және жел эрозиясына қарсы агротехникалық шаралар қолданбау:
6) жердің құнарлығын арттыру агротехникалық шараларын қолданбау нәтижесінде жердің құнарлығының елеулі түрде төмендету:
7) топырақты (жерде) зиянды заттардың,зиянды микро- организмдердің және топырақты ластайтын басқа да биологиялық заттардың қолдануына нормативтік шегінен тыс жол берілуі:
8) жаңа және қайта жаңартылған үйлерді, құрылыстарды,ғимараттар мен басқа да объектілерді орналастыру,жобалау мен пайдалануға беру кезінде, жердің жай-күйіне қолайсыз ықпал ететін жаңа техника мен технологияларды енгізу кезінде жерді қорғау жөніндегі шаралар көзделуге және жүзеге асыруға, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнайы талаптардың (нормативтерді, нормалардың, ережелердің) орындалмауы.
9) нормативтен тыс радиациялық ластануға ұшырған немесе халықтың өмірі мен денсаулығына қандай да бір қатер төндіретін жер учаскелерін жеке меншікке тұрақты немесе уақытша беру:
10) заңдармен белгіленген санитарлық талаптарға және нормативтерге сәйкес өнім алу қамтамасыз етілмейтін радиоактивтік ластануға ұшырған жер учаскелерін ауыл шаруашылық айналымынан уағында шығармау:
11) жерді селден, көшкіннен, су астында қалудан, батпақтаудан, қайталап сортанданудан, құрғап кетуден, тығыздалудан қорғау шараларын қолданбау.т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет