Тәртіптік жауапкершілік
Аталған жауапкершілікке тек қана жеке тұлғалар тартылады. Оның қолдануы негізі болып тәртіптік бұзушылық болып табылады.
Басқа жауапкершіліктерден ерекшелігі:
1. Субъектісі тек қана жұмыс істеп жүрген жұмысшы немесе көмеккер.
2. Тәртіптік жауапкершілік жер эаңдарының нормаларына байланысты тәртіптерді орындауға міндетті жұмысшылыар мен қызметкерлерге қолданылады.
3. Тәртіптік жауапкершілікте жұмыс істеп жүрген уақтысында жауапкершілк заңдарын бұзғаны үшін қолданылады.
4. Тек қана ұйым әкімшілігін басқару органы қолданылады.
5. Тәртіптік жауапкершілік мүліктік жауапкершілікпен қатар қолданылуы мүмкін.
6. Тәртіптік жауапкешілікті жазалау шараларын ескерту, сөгіс, қазіргі екі тәртіптік заңмен алынып тасталған төмен қызметке, немесе жұмыстан шығау.
Азаматтық жауапкершілік
Азаматтық жауапкершілік АК нормаларымен реттеледі. Бұл жауапкершілік жер заңдарын бұза отырып зиян және шығындар келтірілген қолданылады. Азаматтық құқықтық жауапкершілік келесідей ерекшеліктері бар:
1. Бұл жауапкершілік жеке және заңды тұлғалар тартылуы мүмкін.
2. Бұл жауапкершілік басқа заңдылық жауапкершілік түрлерімен қатар қолдануы мүмкін: Мысалы, заңсыз бөтен жерді басып алған тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылады және зардап келтірілген жағдайда оны өтеуге де міндетті.
3. Шығындарды зиянды өтеу туралы тек сот органы арқылы шешіледі.
Жер заңдарын бұза отырып зиянның әртүрлері болуы мүмкін. Бұл зиян бірнеше топтарға бөлінеді:
1. Экологиялық зиян.
2. Экономикалық зиян.
Экологиялық зиян дегеніміз - жер заңдарын бұзу арқылы қошаған ортаға жерге табиғат объектісі ретінде зардап келтірілгенін білдіреді. Бұл зиян Экологиялық кодекске сәйкес өтеледі. Бұл зиянды толық түрде өтеуге мүмкіндік жоқ. Сондықтан заңда бұл жерлерді қалпына келтіруге керекті нақты шығындар мөлшерінде өтейді.
Экономикалқ зиян дегеніміз - жер меншік иелерінің жер пайдаланушылардың мемлекет өзіне материялдық жағынан келтірілген шығындар болып табылады. Бұл шығындарды өтеу толық мөлшерде жүзеге асырылады және басшылыққа АК нормалары алынады.
Зиянның тағы мынадай түрлері бар:
1. Материялдық зиян;
2. Моральдық зиян.
Әдебиеттер
Бақылау сұрақтары
1. Жер құқық бұзушылықтарының түciнiгi, түрлерi және құрамы.
2. Жер құқық бұзушылықтар үшiн жауапкершiлiктiң түciнiгi. Жер заңдарын бұзғаны үшiн заңды жауапкершiлiктiң түрлері.
3. Жер заңдарын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік.
4. Жер заңдарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік.
5. Жер заңдарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілік.
6. Жер заңдарын бұзғаны үшін азаматтық құқықтық жауапкершілік.
7. Жерге келтірілген залады өтеу.
8. Жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік көздейтін заңдарды жетілдіру мәселелері.
Достарыңызбен бөлісу: |