«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Заң»


-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫН



бет7/12
Дата09.06.2016
өлшемі0.73 Mb.
#123952
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

5-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫН
ТIКЕЛЕЙ КЕЛIССӨЗДЕР НЕГIЗIНДЕ БЕРУ

      56-бап. Тiкелей келiссөздер объектiлерi

      1. Барлауға арналған келiсiмшарт негiзiнде коммерциялық табумен байланысты өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын алуға айрықша құқығы бар тұлғамен бiрлесiп өндiру жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн берiлетiн жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, тiкелей келiссөздер негiзiнде кең таралғандардан басқа пайдалы қазбаларды барлау, өндiру, бiрлескен барлау мен өндiру жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн берiлетiн жер қойнауы учаскелерiн құзыреттi орган айқындайды.
      Осы Заңның 35-бабының 2-тармағында белгiленген жағдайларда келiсiмшарттар конкурс өткiзiлмей-ақ, тiкелей келiссөздер негiзiнде жасалады.
      2. Тiкелей келiссөздер негiзiнде барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын:
      1) автомобильге жанармай құю стансаларын қоспағанда, мұнай мен газды сақтауға арналған жерасты немесе топырақ қабатынан төмен тереңдiктегi құрылыстарды;
      2) жер астындағы тереңдiгi үш метрден астам тоннельдердi, метрополитендердi, жерасты жолдары мен инженерлiк құрылыстарды;
      3) қорларды жасанды толтыру үшiн жер қойнауына жерасты суларын айдауға арналған құрылыстарды;
      4) қатты, сұйық және радиоактивтi қалдықтарды, зиянды улы заттарды көму мен жиып қою және сарқынды және өнеркәсiптiк суларды жер қойнауына ағызу үшiн топырақ қабатынан төмен тереңдiктегi қалдық қоймаларын, қойыртпақ қоймаларын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған келiсiмшарттар жасалады.
      3. Тiкелей келiссөздер негiзiнде кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндiру жөнiндегi операцияларды жүргiзуге берiлетiн жер қойнауы учаскелерiн облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы айқындайды.

      57-бап. Тiкелей келiссөздердi жүргiзудiң тәртiбi мен


              шарттары

      1. Тiкелей келiссөздер негiзiнде жер қойнауын пайдалануға келiсiмшарт жасасу құқығына осы Заңда айқындалған тұлғалар ие болады.


      Тiкелей келiссөздер негiзiнде жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшiн жүгiнетiн тұлға осы Заңмен жер қойнауын пайдаланушыларға қойылатын талаптарға сай болуға тиiс.
      2. Пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi тiкелей келiссөздердi құзыреттi органның жұмыс тобы жүргiзедi. Жұмыс тобы туралы ереженi және оның құрамын құзыреттi орган бекiтедi.
      Барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi тiкелей келiссөздердi жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның жұмыс тобы жүргiзедi. Жұмыс тобы туралы ереженi және оның құрамын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтедi.
      3. Келiсiмшарт жасасуға үмiткер тұлға тiкелей келiссөздерге қатысу үшiн өтiнiмдi осы тарауда белгiленген талаптарға сәйкес құзыреттi органға жiбередi.
      Осы Заңның 35-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жер қойнауын пайдалануға құқық беру жөнiнде тiкелей келiссөздер жүргiзу туралы құзыреттi органнан хабарлама алған кезден бастап жер қойнауын пайдалану мақсаты үшiн жердi резервтеудi Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзедi.
      4. Тiкелей келiссөздерге қатысуға өтiнiм қабылданғаннан кейiн жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган өтiнiш берушi жүгiнгеннен кейiн бiр ай iшiнде берiлетiн жер қойнауы учаскесi бойынша геологиялық ақпарат топтамасын ақылы түрде бередi.
      5. Құзыреттi орган өтiнiш берушiнi тiкелей келiссөздерге қатысуға арналған өтiнiм келiп түскен күннен бастап екi ай iшiнде тiкелей келiссөздер жүргiзу туралы немесе тiкелей келiссөздер жүргiзуден бас тарту туралы шешiм қабылдағаны жөнiнде хабардар етуге мiндеттi.
      Құзыреттi орган өтiнiш берушiнi тiкелей келiссөздер жүргiзiлетiн күн туралы хабардар етедi.
      6. Тiкелей келiссөздер осы Заңның 58-бабының талаптарына сәйкес ресiмделген өтiнiм келiп түскен күннен бастап екi ай iшiнде жүргiзiледi. Тiкелей келiссөздер жүргiзу мерзiмi құзыреттi органның шешiмiмен ұзартылуы мүмкiн.
      7. Осы баптың ережелерi кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi тiкелей келiссөздердi жүргiзу кезiнде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына қатысты қолданылады.

      58-бап. Тiкелей келiссөздерге қатысуға өтiнiм



      1. Тiкелей келiссөздерге қатысуға өтiнiм:
      1) заңды тұлғалар үшiн - өтiнiш берушiнiң атауын, оның орналасқан жерiн, мемлекеттiк тиесiлiгiн, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелуi және салық органдарында тiркелуi туралы мәлiметтердi, жарғылық капиталдағы үлестерiнiң мөлшерi (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерiнен) көрсетiле отырып, өтiнiш берушi - заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлерi туралы мәлiметтердi, бағалы қағаздардың жалпы саны көрсетiле отырып, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында заңды тұлғаның осындай қағаздарының айналымы туралы мәлiметтердi, өтiнiм берушiнiң еншiлес ұйымдары туралы мәлiметтердi;
      2) жеке тұлғалар үшiн - өтiнiш берушiнiң аты мен тегiн, заңды мекен-жайын, азаматтығын, өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттары туралы, өтiнiш берушiнiң салық органдарында тiркелуi туралы, өтiнiш берушiнiң кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi ретiнде тiркелуi туралы мәлiметтердi;
      3) өтiнiш берушiнiң мүддесiн бiлдiретiн басшылардың немесе өкiлдердiң өкiлеттiктерi туралы мәлiметтердi қоса алғанда, мұндай тұлғалар туралы деректердi;
      4) ұлттық компанияларды қоспағанда, барлық өтiнiш берушiлердiң, сондай-ақ барлауға арналған келiсiмшарт негiзiнде өздерi жүргiзген коммерциялық табудың негiзiнде жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшiн жүгiнетiн тұлғалардың өтiнiмiнде көрсетiлетiн өтiнiш берушiнiң техникалық, басқарушылық, ұйымдастырушылық және қаржылық мүмкiндiктерi туралы деректердi қамтуға тиiс.
      Өтiнiш берушi құзыреттi органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының талабы бойынша тiкелей келiссөздер жүргiзудiң негiзiне қарай өзге де ақпаратты қосымша бередi.
      2. Барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келiсiмшарт жасасу жөнiндегi тiкелей келiссөздерге қатысуға арналған өтiнiмге мынадай мәлiметтердi:
      1) зиянды, улы заттарды, қатты және сұйық қалдықтарды көму объектiлерiнiң, сарқынды және өнеркәсiптiк суларды ағызатын жердiң, оның iшiнде объектiнiң орналасқан жерiн, пайдалану кезеңiн, ұстауға арналған шығындарды, жерасты сулары, қоршаған орта мен жер қойнауы мониторингiнiң қадағалау желiсiнiң болуы мен орналасуының жалпы сипаттамасын;
      2) объектiлердiң физикалық сипаттамасын - оқшаулау сипаттамасын, тау-кен жыныстарының типiн, коллектор қаттарының жерасты тереңдiгiн және тиiмдi қуатын, оның алаңын, кеуектiлiк коэффициентiн, төселетiн және жабылатын су тiрегiнiң сипаттамасын, жерасты суларының табиғи ағысының жылдамдығын, көмудiң, жиып қою мен ағызудың сапалық және сандық көрсеткiштерiн, тау-кен техникалық, арнаулы инженерлiк-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық шарттарын;
      3) қызметi зиянды, улы заттардың, қатты және сұйық қалдықтардың, сарқынды және өнеркәсiптiк сулардың түзiлуiне әкеп соғатын ұйымдар туралы мәлiметтердi;
      4) өнiмнiң атауы, ол түзiлетiн техникалық өндiрiс немесе процесс, оның физикалық сипаттамасы, толық химиялық құрамы, уытты компоненттердiң болуы, өрт қаупi, жарылыс қаупi, ерiгiштiгi, сақтау кезiнде басқа заттармен үйлесiмдiлiгi, негiзгi ластаушы радионуклидтер, олардың белсендiлiгi, сондай-ақ тасымалдау жүйесiнiң сипаттамасы көрсетiле отырып, зиянды, улы заттардың, қатты және сұйық қалдықтардың, сарқынды және өнеркәсiптiк сулардың сипаттамасын;
      5) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның қорытындысын;
      6) мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын қамтитын құжаттар қосымша берiлуге тиiс.
      3. Өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын алуға өтiнiм мыналарды:
      1) қол қойылған бонустың мөлшерiн;
      2) кадрлардағы, сатып алынатын тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетiлетiн қызметтердегi қазақстандық қамтудың мөлшерлерiн;
      3) өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар мөлшерiн көздеуге тиiс.
      4. Өтiнiмде көрсетiлген мәлiметтердi растайтын, тиiстi түрде куәландырылған құжаттар (не олардың нотариат куәландырған көшiрмелерi) өтiнiмге қоса берiледi.

      59-бап. Тiкелей келiссөздердiң қорытындылары бойынша


              шешiмдер қабылдау

      1. Тiкелей келiссөздер негiзiнде жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы не беруден бас тарту туралы шешiм өтiнiш берушiнiң келiсiмшарт бойынша мiндеттемелердi орындау мүмкiндiгi туралы куәландыратын деректердiң негiзiнде қабылданады.


      2. Құзыреттi органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының тiкелей келiссөздердiң қорытындылары бойынша шешiмi тiкелей келiссөздердiң хаттамасымен ресiмделедi, оған жұмыс тобының барлық қатысушы мүшелерi қол қояды.
      Тiкелей келiссөздердiң қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын берген жағдайда тiкелей келiссөздердiң хаттамасына өтiнiш берушiнiң уәкiлеттi өкiлi қол қояды.
      Тiкелей келiссөздердiң хаттамасына қол қойылған күн тiкелей келiссөздердiң қорытындылары бойынша шешiм қабылданған күн болып есептеледi.
      Құзыреттi орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап он күннен аспайтын мерзiмде өтiнiш берушiнi тiкелей келiссөздердiң қорытындылары бойынша қабылданған шешiм туралы хабардар етуге мiндеттi.
      3. Тiкелей келiссөздер негiзiнде жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы шешiм қабылданған жағдайда өтiнiш берушiмен келiсiмшарт осы тарауда көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы Заңда белгiленген тәртiппен және шарттарда жасалады.
      Өтiнiш берушi тiкелей келiссөздер барысында ұсынған және құзыреттi орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы қабылдаған жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу шарттары мiндеттi түрде тiкелей келiссөздер хаттамасына, ал кейiннен келiсiмшартқа қосылады.

      60-бап. Барлау сатысынан өндiру сатысына ауысу кезiнде


              жер қойнауын пайдалану құқығын берудiң
              ерекшелiктерi

      1. Барлауға арналған келiсiмшарт негiзiнде кен орнын тапқан және бағалаған жер қойнауын пайдаланушының конкурс өткiзiлмей-ақ, тiкелей келiссөздер негiзiнде өндiруге арналған келiсiмшарт жасасуға айрықша құқығы болады.


      2. Барлауға арналған келiсiмшарттың негiзiнде кен орындарын табу мен бағалауды жүргiзген тұлға барлауға арналған келiсiмшарт қолданысының мерзiмi iшiнде не барлауға арналған келiсiмшарт аяқталған күннен бастап үш айдан кешiктiрмей өндiруге арналған келiсiмшарт жасасу жөнiнде тiкелей келiссөздер жүргiзу туралы өтiнiммен құзыреттi органға жүгiнуге құқылы.
      3. Құзыреттi орган және жер қойнауын пайдаланушы өтiнiм келiп түскен күннен бастап екi айдан кешiктiрмей, өндiруге арналған келiсiмшарттың мынадай талаптарын:
      1) тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердегi және кадрлардағы қазақстандық қамтудың мөлшерiн;
      2) өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар мөлшерiн тiкелей келiссөздер жолымен бiрлесiп айқындайды.
      4. Тiкелей келiссөздердiң нәтижелерi бойынша тараптар хаттамаға қол қояды. Егер тараптар осы баптың 3-тармағында көрсетiлген талаптар бойынша тiкелей келiссөздер басталған күннен бастап үш ай iшiнде келiсiмге келмесе, құзыреттi орган өндiру жөнiндегi операцияларды жүргiзуге құқық беруден бас тарту туралы шешiм шығарады.
      Егер өтiнiш берушiнiң кiнәсiнен тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап жиырма төрт ай iшiнде келiсiмшарт жасалмаса, өтiнiш берушi өндiруге арналған келiсiмшарт жасасуға айрықша құқығынан айырылады, ал жер қойнауының тиiстi учаскесi (учаскелерi) осы Заңда көзделген тәртiппен, барлауға арналған шығындарды осындай тұлғаға өтеу шартымен конкурсқа шығарылады не тiкелей келiссөздер негiзiнде берiледi.
      5. Құзыреттi орган өтiнiш берушiге осы баптың 4-тармағына сәйкес тiкелей келiссөздер негiзiнде өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беруден бас тарту туралы шешiм қабылдаған жағдайда құзыреттi орган жер қойнауының тиiстi учаскесiн (учаскелерiн) үш ай iшiнде конкурсқа шығарады.
      Конкурс осы Заңның 4-тарауында көзделген тәртiппен өткiзiледi. Келiсiмшарт жасасуға үмiткер тұлғаның мынадай мiндеттемелерi:
      1) осы баптың 3-тармағында көзделген, мына мөлшерлерден:
      коммерциялық табу нәтижесiнде өндiруге арналған келiсiмшарт жасасу жөнiндегi тiкелей келiссөздердiң тараптарымен келiсiлген;
      құзыреттi органмен тiкелей келiссөздер нәтижесiнде кен орнын тапқан және бағалаған өтiнiш берушi бұрын қабылдамаған мөлшерлерден кем болмайтын мiндеттемелерi;
      2) экологиялық қауiпсiздiк талаптарын ескере отырып, келiсiмшарттық аумақты өндiру жөнiндегi операцияларды жүзеге асыру үшiн жарамды күйде ұстау үшiн қажеттi шараларды қабылдау және конкурстың жеңiмпазы анықталған күннен бастап өндiруге келiсiмшарт жасалғанға дейiн тиiстi келiсiмшарттық аумақта халық пен персонал үшiн қауiпсiз жағдайды қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттемелерi;
      3) барлауға арналған келiсiмшарттың негiзiнде коммерциялық табуды жүргiзген тұлғаға конкурсқа шығарылған жер қойнауы учаскесiн табуға және бағалауға және осы баптың 11-тармағының 2) тармақшасына сәйкес келiсiмшарттық аумақты өндiру бойынша бұдан әрi жүргiзiлетiн операцияларды жүзеге асыру үшiн жарамды күйде ұстауға жұмсалған шығындарды өтеу жөнiндегi мiндеттемелерi осындай конкурсқа қатысудың қажеттi шарты болып табылады.
      Мұндай өтеу мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi органның ресми статистикалық ақпараты негiзiнде айқындалатын инфляция ескерiле отырып, тиiстi шығындардың толық сомасын бiржолғы төлеу тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      Мұндай шығындарды өтеу мерзiмiн құзыреттi орган белгiлейдi және ол конкурстың жеңiмпазымен келiсiмшарт жасалған күннен бастап үш айдан аспауға тиiс.
      Конкурстың жеңiмпазы өзi өтейтiн шығындардың аудитiн жүргiзуге құқылы. Конкурстың жеңiмпазы мен барлауға арналған келiсiмшарттың негiзiнде кен орнын тапқан және бағалаған жер қойнауын пайдаланушы арасында өтелетiн шығындардың мөлшерi туралы дау туындаған жағдайда мұндай дау сот тәртiбiмен шешiлуге тиiс.
      6. Құзыреттi органның тiкелей келiссөздер негiзiнде жер қойнауын пайдалану құқығын беруден бас тарту туралы шешiмiне сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.
      7. Егер осы баптың 5-тармағына сәйкес өткiзiлетiн конкурс өткiзiлмедi деп танылса, құзыреттi орган мен барлауға арналған келiсiмшарттың негiзiнде кен орнын табуды және бағалауды жүргiзген тұлға осы баптың 3-тармағында көрсетiлген шарттарды айқындау мақсатында тiкелей келiссөздер жүргiзуге тиiс.
      Осындай шарттар бойынша келiсiмге қол жеткiзiлген жағдайда тiкелей келiссөздер хаттамасына осы баптың 4-тармағында белгiленген тәртiппен қол қойылады және жобалау құжаттары мен келiсiмшарттың жобасын әзiрлеу жүзеге асырылады.
      Осы баптың 3-тармағында көрсетiлген шарттар бойынша келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда құзыреттi орган және барлауға арналған келiсiмшарттың негiзiнде кен орнын табу мен бағалауды жүргiзген тұлға қол қойылған бонустың, тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетiлетiн қызметтердегi және кадрлардағы қазақстандық қамтудың, сондай-ақ өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстардың мөлшерлерiне қатысы бар қайталама конкурстың қажеттi шарттарын бiрлесiп айқындайды.
      8. Қайталама конкурс өткiзiлмедi деп танылған жағдайда барлауға арналған келiсiмшарттың негiзiнде кен орнын табуды және бағалауды жүргiзген тұлға тiкелей келiссөздер барысында өзi ұсынған шарттарда онымен өндiруге арналған келiсiмшарт жасасуды талап етуге құқылы.
      Бұл ретте құзыреттi орган тiкелей келiссөздер хаттамасы болған жағдайда мұндай тұлғамен өндiруге арналған келiсiмшарт жасасуға мiндеттi.
      9. Осы баптың ережелерi кең таралған пайдалы қазбаларды барлау сатысынан өндiру сатысына көшу кезiнде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына қатысты қолданылады.
      10. Барлауға арналған келiсiмшарттың негiзiнде кен орнын тапқан және бағалаған және өндiруге арналған келiсiмшарт жасасу жөнiндегi тiкелей келiссөздердi жүргiзу туралы өтiнiм берген жер қойнауын пайдаланушы барлауға арналған тиiстi келiсiмшарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн барлауға арналған келiсiмшартқа, жұмыс бағдарламасына және жобалау құжаттарына сәйкес мiндеттемелерiн атқаруды жалғастырады.
      11. Барлауға арналған келiсiмшарттың қолданылуы тоқтатылғаннан кейiн өндiруге арналған келiсiмшарт жасасу жөнiндегi тiкелей келiссөздердi жүргiзу туралы өтiнiм берген жер қойнауын пайдаланушы:
      1) келiсiмшарттық аумақтың бiр бөлiгi (бөлiктерi) қайтарылған жағдайда осы Заңның 111-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалану объектiлерiн жою немесе консервациялау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге, оның iшiнде барлау жөнiндегi операцияларды жүргiзу салдарынан бұзылған жер учаскелерi мен басқа да табиғи объектiлердi келiсiмшарттық аумақтың қайтарылатын бөлiгiнде (бөлiктерiнде) одан әрi пайдалану үшiн жарамды жағдайға дейiн қалпына келтiруге;
      2) барлық келiсiмшарттық аумақта немесе қайтаруға жатпайтын келiсiмшарттық аумақтың бiр бөлiгiнде (бөлiктерiнде) өндiру жөнiндегi операцияларды жүргiзу ниетi болған кезде - өндiруге арналған келiсiмшартты жасасқанға дейiн экологиялық қауiпсiздiк талаптарын ескере отырып, келiсiмшарттық аумақты (келiсiмшарттық аумақтың бөлiктерiн) өндiру бойынша одан әрi жүргiзiлетiн операцияларды жүзеге асыру үшiн жарамды күйде ұстау үшiн қажеттi шаралар қабылдауға және тиiстi келiсiмшарттық аумақта (келiсiмшарттық аумақтың бөлiктерiнде) халық пен персонал үшiн қауiпсiз жағдайларды қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Барлауға арналған келiсiмшарттың негiзiнде кен орнын тапқан және бағалаған жер қойнауын пайдаланушымен тiкелей келiссөздер негiзiнде өндiруге келiсiмшарт жасалмаған жағдайда оның келiсiмшарттық аумақты (келiсiмшарттық аумақтың бөлiктерiн) өндiру бойынша одан әрi жүргiзiлетiн операцияларды жүзеге асыру үшiн жарамды күйде ұстау жөнiндегi мiндеттемесi осы бапта белгiленген тәртiппен өткiзiлетiн конкурстың жеңiмпазын анықтау кезiнде тоқтатылады.
      12. Егер келiсiмшарт күшiне енгеннен кейiн белгiленген мерзiмде өндiруге арналған келiсiмшарт жасалған жер қойнауын пайдаланушы конкурс нәтижелерi бойынша кен орнын тапқан және бағалаған тұлғаға барлауға арналған шығындарды осы баптың 5-тармағының талаптарына сәйкес өтемесе, онда мұндай тұлға құзыреттi органнан осы жер қойнауын пайдаланушымен жасалған келiсiмшартты дереу бұзуды немесе қайталама конкурс өткiзудi талап етуге құқылы. Бұл ретте, кен орнын тапқан және бағалаған тұлға өндiруге арналған келiсiмшартты жасасқан және барлауға арналған шығыстарды өтеу жөнiндегi мiндеттемелерiн осы баптың 5-тармағына сәйкес орындамаған тұлғадан залалды өтеудi талап етуге құқылы.
      13. Тiкелей келiссөздердiң не осы бапқа сәйкес өткiзiлген конкурстың қорытындылары бойынша өндiруге арналған келiсiмшарт жасалғаннан кейiн жер қойнауын пайдаланушының осы баптың 5-тармағы 2) тармақшасының және (немесе) 11-тармағының қағидаларына сәйкес жүргiзiлген шығыстары осындай өндiруге арналған келiсiмшарт бойынша шығыстарға жатқызылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтелуге тиiс.

6-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН КЕЛIСIМШАРТ

       61-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған


               келiсiмшарттардың түрлерi

      1. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн келiсiмшарттардың мынадай түрлерi:


      1) барлауды жүргiзу үшiн – барлауға арналған келiсiмшарт;
      2) өндiрудi жүргiзу үшiн – өндiруге арналған келiсiмшарт;
      3) бiрлескен барлау мен өндiрудi жүргiзу үшiн – бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарт;
      4) барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды жүргiзу және (немесе) пайдалану үшiн – барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келiсiмшарт;
      5) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеудi жүргiзу үшiн  - жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге арналған келiсiмшарт (шарт) қолданылады.
      Келiсiмшартты жасасу, орындау, өзгерту немесе тоқтату осы Заңға сәйкес жүргiзiледi.
      2. Жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге арналған келiсiмшартты (шартты) қоспағанда, келiсiмшарттың талаптары Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн жер қойнауын пайдалану түрлерi бойынша модельдiк келiсiмшарттардың ережелерi ескерiлiп айқындалуға тиiс және мынадай талаптарды:
      1) анықтамаларды;
      2) келiсiмшарттың мақсатын;
      3) келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiн;
      4) келiсiмшарттық аумақты;
      5) мүлiкке және ақпаратқа меншiк құқығын;
      6) мемлекеттiң пайдалы қазбаларды сатып алу және реквизициялау құқығын;
      7) тараптардың жалпы құқықтары мен мiндеттерiн;
      8) барлау немесе өндiру кезеңiн (келiсiмшарт түрiне қарай);
      9) коммерциялық табуды;
      10) пайдалы қазбаны өлшеудi;
      11) мердiгерлiк жұмыстарды орындауды;
      12) қаржыландыруды;
      13) салық салуды;
      14) бухгалтерлiк есептi;
      15) сақтандыруды;
      16) консервациялауды немесе таратуды және тарату қорын;
      17) жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғауды;
      18) халықтың және персоналдың қауiпсiздiгiн;
      19) жер қойнауын пайдаланушының келiсiмшарт талаптарын бұзғаны үшiн жауаптылығын;
      20) еңсерiлмейтiн күштi;
      21) құпиялылықты;
      22) құқықтар мен мiндеттер берудi;
      23) қолданылатын құқықты;
      24) дауларды шешу тәртiбiн;
      25) келiсiмшарт тұрақтылығының кепiлдiктерiн;
      26) келiсiмшарттың қолданысын тоқтата тұру және тоқтату талаптарын;
      27) келiсiмшарт тiлiн қамтуға тиiс.
      Келiсiмшарт: қол қойылған бонусты төлеудiң мөлшерi мен талаптары бойынша; өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстардың мөлшерi мен талаптары бойынша; кадрлардағы қазақстандық қамту бойынша; Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келiсiмшартты орындау кезiнде тартылған қызметкерлердi оқытуға, олардың бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыреттi органмен келiсiлген мамандықтар тiзбесi бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстардың мөлшерi бойынша; тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердегi қазақстандық қамту бойынша; жұмысқа тартылған шетелдiк персоналға қатысты, мердiгерлiк жұмыстармен айналысатын персоналды қоса алғанда, қазақстандық персонал үшiн еңбекақы төлеудiң тең жағдайларын қамтамасыз ету бойынша; келiсiмшарт бойынша жұмыстарды орындау үшiн қажеттi Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар мөлшерi бойынша мiндеттемелердi қамтуға тиiс.
      Келiсiмшартта жер қойнауын пайдаланушының технологиялық процестiң үздiксiз болуын және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн мүлiктi беру жөнiндегi мiндеттемелерi, сондай-ақ осы Заңның 72-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларда құзыреттi органның осындай мүлiктi беру жөнiндегi өкiлеттiктерiн көрсету қамтылуға тиiс.
      Сол бойынша келiсiмшарт бұған дейiн тоқтатылған жер қойнауы учаскесiне келiсiмшарт жасалған жағдайда жаңа жер қойнауын пайдаланушымен жасалатын келiсiмшартта, осы Заңның 72-бабының 10-тармағына сәйкес берiлген мүлiктiң құнын қоса алғанда, бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы және сенiмгерлiкпен басқарушы бұған дейiн жүргiзген шығындарды өтеу жөнiндегi мiндеттемелер, сондай-ақ сенiмгерлiкпен басқарушыға сыйақы төлеу жөнiндегi мiндеттеме қамтылуға тиiс.
      Келiсiмшарттың талаптары жер қойнауын пайдаланушының өзi қабылдаған, оның iшiнде тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетiлетiн қызметтердегi және кадрлардағы қазақстандық қамту бойынша, келiсiмшартта көзделген салықтық емес сипаттағы төлемдер бойынша мiндеттемелердi орындамағаны, тиiсiнше орындамағаны үшiн тұрақсыздық төлемi (айыппұлдар, өсiмпұлдар) мөлшерiн қамтуға тиiс.
      Көмiрсутек шикiзатын өндiруге арналған келiсiмшартта жер қойнауын пайдаланушының iлеспе газды қайта өңдеу (кәдеге жарату) жөнiндегi мiндеттемелерi қамтылуға тиiс.
      Келiсiмшарт басқа да ережелердi қамтуы мүмкiн.
      3. Келiсiмшарт талаптарының Қазақстан Республикасы үшiн тиiмдiлiгi тiкелей келiссөздердiң қорытындылары бойынша не конкурстық ұсыныста белгiленген талаптардағыдан төмен болмауы керек.
      4. Бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарт Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша стратегиялық маңызы және (немесе) күрделi геологиялық құрылымы бар жер қойнауы учаскелерiне, кен орындарына қатысты ғана жасалады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе:
      барлауды жүргiзу кезеңiнде мұндай келiсiмшартқа Қазақстан Республикасының заңдарында барлауға арналған келiсiмшарт үшiн көзделген ережелер қолданылады;
      кен орны табылып, бағаланғаннан және тиiстi жобалау құжаттары белгiленген тәртiппен бекiтiлгеннен кейiн коммерциялық табумен байланысты өндiруге арналған айрықша құқықтың негiзiнде келiсiмшартқа өндiру сатысымен байланысты өзгерiстер енгiзiледi, содан соң мұндай келiсiмшартқа Қазақстан Республикасының заңдарында өндiруге арналған келiсiмшарт үшiн көзделген ережелер қолданылады.
      5. Геологиялық немесе тау-кендiк бөлу және жұмыс бағдарламасы, жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге арналған келiсiмшарттарды (шарттарды) қоспағанда, келiсiмшартқа мiндеттi қосымшалар болып табылады.
      6. Келiсiмшарттардың талаптарында Қазақстан Республикасы құқығының келiсiмшарттар бойынша қолданылатын құқық болып табылатыны мiндеттi түрде көзделуге тиiс.
      7. Келiсiмшарт қазақ және орыс тiлдерiнде жасалуға тиiс. Келiсiмшарт тараптарының келiсiмi бойынша келiсiмшарттың мәтiнi өзге тiлге аударылуы да мүмкiн.
      8. Жер қойнауын пайдаланушылардың, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттардың талаптарын орындауын бақылауды құзыреттi орган жүзеге асырады.
      Кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты жер қойнауын пайдаланушылардың барлауға немесе өндiруге арналған келiсiмшарттар талаптарын орындауын бақылауды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады.
      Жер қойнауын пайдаланушы келiсiмшарттың талаптарын бұзған жағдайда құзыреттi орган, ал кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге арналған келiсiмшарттарға қатысты - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жазбаша түрде хабардар ете отырып, жер қойнауын пайдаланушының белгiленген мерзiмде мұндай бұзушылықты жою жөнiндегi мiндетiн атап көрсетедi.
      9. Жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге арналған келiсiмшарт (шарт) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жасалады.

      62-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет