пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi беру
1. Жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi беру:
1) өтемдi не өтеусiз азаматтық-құқықтық мәмiлелер негiзiнде басқа тұлғаға жер қойнауын пайдалану құқығын iшiнара немесе толық иелiктен шығару;
2) өтемдi не өтеусiз азаматтық-құқықтық мәмiлелер негiзiнде жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi иелiктен шығару;
3) жер қойнауын пайдалану құқығын, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталына беру;
4) жер қойнауын пайдалану құқығына ие мемлекеттiк кәсiпорындардың мүлiктiк кешендерiн жекешелендiру процесiнде жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдалану құқығын иелiктен шығару;
5) банкроттық кезiндегi конкурстық iс жүргiзу процесiнде жер қойнауын пайдалану құқығын, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi иелiктен шығару;
6) жер қойнауын пайдалану құқығынан, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлерден, оның iшiнде кепiлге беру кезiнде ақы өндiрiп алу;
7) бiр немесе бiрнеше қатысушылардың қосымша салымдар енгiзуi жолымен, сондай-ақ заңды тұлғаның қатысушылары құрамына жаңа қатысушыны қабылдау жолымен жарғылық капиталды ұлғайту нәтижесiнде жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы, егер осы заңды тұлғаның негiзгi қызметi Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, осындай жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешiмдердi тiкелей және (немесе) жанама түрде айқындау және (немесе) шешiмдерге ықпал ету мүмкiндiгi бар заңды тұлғадағы үлеске құқықтың пайда болуы арқылы жүзеге асырылады.
2. Кең таралғандарын қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi беру құзыреттi органның осы Заңның 37-бабында белгiленген тәртiппен берiлетiн рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi беру облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының осы Заңның 37-бабында белгiленген тәртiппен берiлетiн рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
3. Жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның, осындай жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешiмдердi тiкелей және (немесе) жанама түрде айқындау және (немесе) шешiмдерге ықпал ету мүмкiндiгi бар заңды тұлғаның, егер осы заңды тұлғаның негiзгi қызметi Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, акцияларын немесе акцияларға меншiк құқығын растайтын өзге де бағалы қағаздарын не акцияларға айырбасталатын бағалы қағаздарын ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға бастапқы шығару, оның iшiнде қосымша эмиссия шеңберiнде шығарылған осындай бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында бастапқы орналастыру құзыреттi органның осы Заңның 37-бабында белгiленген тәртiппен берiлетiн рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
4. Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi кепiлге беру құзыреттi органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты осы Заңның 37-бабында белгiленген тәртiппен берiлетiн рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге салудан алынған кредиттi жер қойнауын пайдаланушының өзi немесе жарғылық капиталында жер қойнауын пайдаланушының жүз пайыздық қатысу үлесi бар еншiлес ұйым жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартта көзделген Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану не кейiннен қайта бөлiсудi ұйымдастыру мақсаттарына пайдалануға тиiс.
5. Осы баптың 2-тармағының ережелерi мынадай жағдайларға:
1) жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның, осындай жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешiмдердi тiкелей және (немесе) жанама түрде айқындау және (немесе) шешiмдерге ықпал ету мүмкiндiгi бар заңды тұлғаның, егер осы заңды тұлғаның негiзгi қызметi Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымда болатын акцияларын немесе акцияларға меншiк құқығын растайтын өзге де бағалы қағаздарын не акцияларға айырбасталатын бағалы қағаздарын иелiктен шығару жөнiнде мәмiлелер жасасуға;
2) жер қойнауын пайдалану құқығының, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердiң барлығын немесе бiр бөлiгiн:
мұндай еншiлес ұйым салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекетте тiркелмеген жағдайда, қатысу үлесiнiң (акциялар пакетiнiң) кемiнде тоқсан тоғыз пайызы тiкелей немесе жанама түрде жер қойнауын пайдаланушыға тиесiлi болатын еншiлес ұйымның пайдасына;
жер қойнауын пайдалану құқығының, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердiң барлығын немесе бiр бөлiгiн сатып алушы салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекетте тiркелмеген жағдайда, әрқайсысында қатысу үлестерiнiң (акциялар пакеттерiнiң) кемiнде тоқсан тоғыз пайызы тiкелей немесе жанама түрде белгiлi бiр тұлғаға тиесiлi болатын заңды тұлғалар арасында беруге;
3) егер осындай берудiң нәтижесiнде тұлға жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның және (немесе) осындай жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешiмдердi тiкелей және (немесе) жанама түрде айқындау және (немесе) шешiмдерге ықпал ету мүмкiндiгi бар заңды тұлғаның, егер осы заңды тұлғаның негiзгi қызметi Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, жарғылық капиталындағы қатысу үлесiнiң (акциялар пакетiнiң) 0,1 пайыздан кемiне тiкелей немесе жанама түрде (үшiншi тұлғалар арқылы) билiк ету құқығын сатып алса, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғадағы акцияларды (қатысу үлестерiн) беруге қолданылмайды.
6. Жер қойнауын пайдаланушыға жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiмшарт (шарт) негiзiнде берiлген жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру осы органның алдын ала келiсiмi негiзiнде ғана жүргiзiлуi мүмкiн.
7. Кең таралған пайдалы қазбаларды және жерасты суларын өз мұқтажын қанағаттандыру үшiн барлауға немесе өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру қойнауында кең таралған пайдалы қазбалар немесе жерасты сулары бар жер учаскесiн жеке меншiкке немесе жер пайдалануға берумен бiр мезгiлде жүргiзiледi. Жер учаскесiн уақытша жер пайдалануға беру кезiнде кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын өз мұқтажын қанағаттандыру үшiн пайдалану талаптары уақытша жер пайдалану туралы шартта көзделуi мүмкiн.
Кең таралған пайдалы қазбаларды және жерасты суларын өз мұқтажын қанағаттандыру үшiн барлауға немесе өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының рұқсаты талап етiлмейдi.
Өз мұқтажын қанағаттандыру үшiн кең таралған пайдалы қазбаларға және жерасты суларына жер қойнауын пайдалану құқығын қойнауында солар болатын жер учаскесiнсiз беруге тыйым салынады.
8. Жер қойнауын пайдалану құқығын басқа тұлғаға iшiнара беру жағдайында жер қойнауын пайдаланушы және осындай тұлға келiсiмшарт бойынша бiрлесiп құқықтарды жүзеге асыру мен мiндеттердi орындау кезiнде туындайтын өзара мiндеттемелер бойынша келiсiмге келуге тиiс. Жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы бiрлескен қызмет туралы шарт не келiсiмшарт бойынша қызмет шеңберiнде өзара құқықтар мен мiндеттердi белгiлеу туралы өзге де шарт құзыреттi органмен немесе кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органымен келiсiледi және келiсiмшарт тараптары үшiн мiндеттi күшi бар келiсiмшартқа толықтыру болып табылады.
9. Иелерi бiрнеше жеке немесе заңды тұлға болып табылатын жер қойнауын пайдалану құқығының бiр бөлiгiн беру жағдайында мұндай беру осы жер қойнауын пайдалану құқығының барлық иелерiнiң келiсiмiмен ғана мүмкiн болады.
10. Жер қойнауын пайдаланушының келiсiмшартқа қандай да болсын қатысуы сақталатын кезге дейiн ол және жер қойнауын пайдалану құқығы берiлетiн тұлға келiсiмшарттың негiзiнде туындаған мiндеттемелер бойынша ортақ жауапкершiлiк атқарады.
11. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру жер учаскесiн, тау-кендiк немесе геологиялық бөлудi қайта ресiмдеудiң сөзсiз негiзi болып табылады.
Жер қойнауын пайдалану құқығын беру келiсiмшарт талаптары бойынша қалыптастырылған тарату қорын қайта ресiмдеудiң (берудiң) сөзсiз негiзi болып табылады.
12. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша барлық шығыстар, егер беру шарттарында өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдаланушының шығыстарына жатқызылады.
13. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру келiсiмшартқа тиiстi өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу қажеттiлiгiне әкеп соғады және осындай өзгерiстер және (немесе) толықтырулар тiркелген кезден бастап жасалған болып есептеледi. Құзыреттi орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi азаматтық-құқықтық мәмiле жасасу фактiсi болмаған кезде не жер қойнауын пайдаланушының құзыреттi органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органына негiзiнде жер қойнауын пайдалану құқығын беруге рұқсат берiлген дәйексiз ақпарат беруi фактiсi анықталған кезде, не осы баптың 8 және 9-тармақтарының ережелерi сақталмаған кезде келiсiмшартты тiркеуден бас тартуға құқылы.
Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлерге құқықтарды беру осы баптың ережелерi ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен ресiмделедi.
14. Жер қойнауын пайдалану құқығын, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi беруге бағытталған, құзыреттi органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының осы баптың 2-тармағында көзделген рұқсаты болмай, сол сияқты рұқсаттың қолданылу мерзiмi өткеннен кейiн, сондай-ақ осы баптың 6-тармағына сәйкес берiлетiн жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның алдын ала келiсiмiнсiз жасалған мәмiлелер мен өзге де iс-әрекеттер олар жасалған кезден бастап жарамсыз болады.
Жасалған мәмiле туралы құзыреттi органға ол жасалғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде хабарламау мәмiленi жарамсыз деп тануға негiз болып табылады.
37-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын және онымен
байланысты құқықтарды иелiктен шығаруға рұқсат
беру тәртiбi
1. Егер осы Заңда өзгеше белгiленбесе, өзiне тиесiлi жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi иелiктен шығару ниетi бар тұлға құзыреттi органға жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi табыс етуге рұқсат беру туралы өтiнiш жiбередi.
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) иелiктен шығарған кезде жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған рұқсат беру туралы өтiнiш облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органына жiберiледi.
2. Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi иелiктен шығаруға рұқсат беру туралы өтiнiш қазақ және орыс тiлдерiнде жасалуға және:
1) жер қойнауын пайдалану құқығы не жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектi тиесiлi заңды тұлғаның толық атауын не жеке тұлғаның тегiн және атын;
2) иелiктен шығарылатын жер қойнауы учаскесiн және жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) көрсетудi не иелiктен шығаруға жататын жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiнi көрсетудi;
3) иелiктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығының (оның бiр бөлiгiнiң) көлемiн не қатысу үлесiнiң (акциялар пакетiнiң) мөлшерiн, иелiктен шығарылатын бағалы қағаздар санын дәл көрсетудi, сондай-ақ бастапқы иегерде және басқа тұлғаларда қалатын құқықтар көлемiн, иелiктен шығарылатын бағалы қағаздардың түрiн көрсетудi;
4) жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның, осындай жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешiмдердi тiкелей және (немесе) жанама түрде айқындау және (немесе) шешiмдерге ықпал ету мүмкiндiгi бар заңды тұлғаның жарғылық капиталының жалпы мөлшерi туралы және қатысушыларының құрамы, акцияларға меншiк құқығын растайтын не акцияларға айырбасталатын шығарылған бағалы қағаздарының жалпы саны, акцияларының жалпы саны мен пакеттерiнiң арақатынасы туралы мәлiметтердi;
5) жер қойнауын пайдалану құқығын не жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiнi сатып алушы туралы мәлiметтердi:
заңды тұлғалар үшiн - сатып алушының атауын, оның орналасқан жерiн, мемлекеттiк тиесiлiгiн, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелуi және салық органдарында тiркелуi туралы мәлiметтердi, басшылары мен олардың өкiлеттiктерi туралы мәлiметтердi, қатысу үлестерiнiң (акциялар пакеттерiнiң) мөлшерi көрсетiле отырып, қатысушылар туралы мәлiметтердi, бағалы қағаздардың жалпы саны көрсетiле отырып, заңды тұлғаның мұндай қағаздарының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы айналымы туралы мәлiметтердi, сатып алушының еншiлес ұйымдары туралы мәлiметтердi;
жеке тұлғалар үшiн – сатып алушының тегi мен атын, заңды мекенжайын, азаматтығын, жеке басын куәландыратын құжаттары, салық органдарында тiркелуi не кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi ретiнде тiркелуiнiң болуы не болмауы туралы мәлiметтердi, сатып алушы қатысушысы (акционерi) болып табылатын заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi;
6) соңғы үш жылда оларда өз қызметiн жүзеге асырған мемлекеттер тiзбесiн қоса алғанда, сатып алушының бұрынғы қызметi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ персоналдың бiлiктiлiгiн қоса алғанда, сатып алушының қаржылық, техникалық, басқарушылық және ұйымдастырушылық мүмкiндiктерi туралы деректердi;
7) жер қойнауын пайдалану құқығын не жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiнi иелiктен шығару негiзiн;
8) жер қойнауын пайдалану құқығын не жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғадағы қатысу үлесiн (акциялар пакетiн) иелiктен шығару бойынша құқық қатынасында өтiнiш берушiнiң құқықтық мәртебесiн көрсетудi;
9) сатып алушының өтiнiште және оған қоса берiлетiн құжаттарда өзi туралы көрсетiлген барлық мәлiметтердiң дұрыс екенi туралы жазбаша растауын;
10) өтiнiшке қол қойған адамның тегi мен атын, осындай адамның өкiлеттiктерiн көрсетудi, оның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәлiметтердi;
11) жер қойнауын пайдалану құқығының не жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiнiң бағасы және басқа да иелiктен шығару талаптары туралы мәлiметтердi қамтуға тиiс.
Өтiнiшке онда көрсетiлген мәлiметтердi растайтын, тиiстi түрде куәландырылған құжаттар (не олардың нотариат куәландырған көшiрмелерi) қоса берiледi.
Өтiнiшке қоса берiлетiн барлық құжаттар қазақ және орыс тiлдерiнде жасалуға тиiс. Егер өтiнiштi шетелдiк немесе шетелдiк заңды тұлға берсе, мұндай құжаттар әрбiр құжатқа дұрыстығын нотариус куәландырған қазақ және орыс тiлдерiндегi аудармасы мiндеттi түрде қоса берiлiп, өзге тiлде жасалуы мүмкiн.
3. Құзыреттi орган Мемлекеттiң басым құқығын жүзеге асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның хаттамасы келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi иелiктен шығаруға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы ұсыныстар әзiрлеу үшiн қажеттi материалдарды жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi сарапшылық комиссияның қарауына жiбередi.
4. Жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi сарапшылық комиссия материалдарды алған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде өтiнiштi және өзге де материалдарды қарап, жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi иелiктен шығаруға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы тиiстi ұсыныс әзiрлейдi.
Жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi сарапшылық комиссия өтiнiш берушiден және басқа да тұлғалардан жер қойнауын пайдалану құқығын не жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi иелiктен шығаруға тiкелей қатысы бар кез келген қосымша материалдарды сұратуға және алуға құқылы.
Жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi сарапшылық комиссияның жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi иелiктен шығаруға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы ұсынысы құзыреттi органға жiберiлетiн хаттамамен ресiмделедi.
5. Құзыреттi орган жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi сарапшылық комиссияның ұсынысы негiзiнде ұсынысты алған кезден бастап бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi иелiктен шығаруға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы шешiм қабылдайды.
6. Құзыреттi орган мынадай талаптар сақталғанда ғана:
1) егер жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) сатып алушы осы Заңда жер қойнауын пайдаланушыларға және жер қойнауын пайдалану құқығының берiлуiне үмiткер тұлғаларға қойылатын талаптарға толық сай келсе;
2) егер мұндай беру Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, оның iшiнде елдiң ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, келiсiмшарт шеңберiнде құқықтарды шоғырландыру және (немесе) жер қойнауын пайдалану саласындағы операцияларды жүргiзуге арналған құқықтарды шоғырландыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық келiсiмдер талаптарын сақтамауға әкеп соқпаса;
3) егер жер қойнауын пайдалану құқығын, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi беруге рұқсат беру туралы өтiнiш осы баптың 2-тармағының талаптарына сай келсе, жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi иелiктен шығаруға рұқсатты бередi.
7. Құзыреттi органның жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi белгiлi бiр тұлғаға иелiктен шығаруға рұқсат беруi туралы мәселе мұндай иелiктен шығарудың әрбiр жағдайы үшiн жеке-жеке қаралады. Жер қойнауын пайдаланушының не оның қатысушысының (акционерiнiң) қалауы бойынша мұндай иелiктен шығаруға ортақ рұқсатты келiсiмшартта не өзге шартта белгiлеуге жол берiлмейдi.
8. Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiнi беруге рұқсат беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дау айтылуы мүмкiн.
9. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге рұқсат беруден бас тарту осы баптың 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес себебi түсiндiрiлмей ресiмделедi.
10. Жер қойнауын пайдалану құқығы келiсiмшарт күшiне енген кезден бастап екi жыл iшiнде берiлмейтiн болады.
Осы тармақтың ережелерi:
1) ұлттық басқарушы холдингтiң, ұлттық компанияның немесе олардың еншiлес ұйымдарының жер қойнауын пайдалану құқығын беруi немесе сатып алуы;
2) кепiл нысанасы ретiнде жер қойнауын пайдалану құқығына өндiрiп алуды қолдану;
3) жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру шеңберiнде жер қойнауын пайдалану құқығын беру немесе сатып алу;
4) осы Заңның 36-бабы 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдалану құқығын беру жағдайларында қолданылмайды.
11. Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiнi иелiктен шығаруға рұқсат алты ай мерзiмге берiледi.
Мәмiле белгiленген мерзiмдерде жасалмаған жағдайда өтiнiш берушi рұқсаттың қолданылу мерзiмiн алты айдан аспайтын мерзiмге ұзарту немесе мәмiле жасасуға жаңа рұқсат алу үшiн құзыреттi органға жүгiнуге мiндеттi.
Иелiктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiнi сатып алуды жүзеге асырған тұлға жасалған мәмiле туралы құзыреттi органға мәмiле жасалған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей хабарлауға мiндеттi.
12. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының рұқсат беруi (беруден бас тартуы) және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi сарапшылық комиссиялардың кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы қатысу үлесiн (акциялар пакетiн) беруге рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы ұсыныстар әзiрлеуi осы бапта белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
38-бап. Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезiнде жер
қойнауын пайдалану құқығының және онымен
байланысты құқықтардың құқық мирасқорлығы
тәртiбiмен ауысуы
1. Жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның немесе жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның қатысушысы (акционерi) болып табылатын заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы жағдайында беру актiсi не бөлу балансы негiзiнде жер қойнауын пайдалану құқығының (оның бiр бөлiгiнiң) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердiң құқық мирасқорлығы тәртiбiмен ауысуына осы Заңның 37-бабында белгiленген тәртiппен берiлетiн құзыреттi органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының рұқсаты негiзiнде ғана жол берiледi.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын өзгерту нысанында ұлттық басқарушы холдингтi, ұлттық компанияны немесе оның еншiлес ұйымын қайта ұйымдастыру, жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаны қайта құру жағдайларында, сондай-ақ осы Заңның 36-бабы 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда қолданылмайды.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда құзыреттi орган жер қойнауын пайдаланушы өтiнiш бiлдiрген кезден бастап бiр ай iшiнде келiсiмшартқа тиiстi өзгерiстер енгiзедi.
39-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының және онымен
байланысты құқықтардың жеке тұлғаның қайтыс болуы
жағдайында әмбебап құқық мирасқорлығы тәртiбiмен
ауысуы
Жер қойнауын пайдалану құқығының, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердiң мұрагерлiк тәртiбiмен ауысуы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
40-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын тоқтату
1. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында белгiленген негiздер болмаса, ешкiм жер қойнауын пайдалану құқығынан айырылмайды.
2. Жер қойнауын пайдалану құқығы:
1) келiсiмшарттың қолданылуы тоқтатылған;
2) барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес және радиоактивтi қалдықтарды, зиянды заттарды көмуге және сарқынды суларға арналған жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге, сондай-ақ осы Заңның 35-бабының 6-тармағына сәйкес өндiрiстiк-техникалық жерасты суларын тәулiгiне екi мың текше метр және одан да көп көлемде барлауға немесе өндiруге арналған рұқсаттың қолданылу мерзiмi өткен немесе ол керi қайтарып алынған;
3) Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Заңның 14-бабына сәйкес жер қойнауы учаскесiн пайдалануға тыйым салу туралы шешiм қабылдаған;
4) жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлға таратылған жағдайларда тоқтатылады.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығын тоқтату жер қойнауын пайдалану мақсатында берiлген жер учаскесiне жер пайдалану құқығын тоқтатудың сөзсiз негiзi болып табылады.
41-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын мәжбүрлi түрде
Достарыңызбен бөлісу: |