гидрографиялық тармақты да қамтиды. Өзі кезегінде соңғысы (өзен-өзек, көл-тоған, сай-жыра жүйесі) ландшафттың жалпы сипатын себептейді. Ландшафттарды айтарлықтай өзгертіп отыратын жерге орналастыру шешімдері өте жоғары дәрежеде территорияның гидрографиялық тармақпен кескіленуінен тәуелді.
Бір қатар жағдайларда жерге орналастыру міндеттерінің орындалуы гидрогеологиялық жағдайлармен байланысты. Соңғыларына су көздерінің дебиті, жер асты және артезиан суларының орналасу тереңдігі жатады. Бұл жағдайлар елді мекендер мен ауылшаруашылық өндірісін сумен қамсыздандыру мүмкіншіліктерін себептейді,
Адам тіршілігіне байланысты ландшафттардағы түбегейлі өзгерістерге қарамастан, онда әлі де біраз табиғи өсімдіктер кездеседі. Жерге орналастыру шешімдерін қабылдағанда аса маңызды табиғи шөп жамылғысы, оның түрлері мен улы арам шөптермен басылуы назардан тыс қалмағаны жөн. Мал азығы алаптарының культуртехникалық күйін, олардың территориясында батпақ, төмпешіктер, тас және басқа, сапасына теріс әсер ететін заттардың бар болуын сипаттайтын мағлұматтар қажет.
Сонымен бірге территорияны реттестіргенде шөп жамылғысы мен табиғи алаптарының сапалық сипаттамасы, мал азықтығы ескерілуге тиісті. Осыған байланысты план-картографиялық материалдардың құрамында жалпы ситуация мен жер бедері бейнеленген жер пайдаланушылықтың геодезиялық планы және топырақ картасымен қатар геоботаникалық карта да енеді. Ал аса күрделі жағдайларда өсімдіктер түрлері және басқа да сипаттамаларды қамтыған картограммалар қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |