Жерге орналастырудың принциптері


Жерге орналастыру шешімдерін себептейтін жағдайлар



бет2/3
Дата23.08.2023
өлшемі23.79 Kb.
#476188
1   2   3
лекция 5 (1)

Жерге орналастыру шешімдерін себептейтін жағдайлар


Жерге орналастыруда әр түрлі табиғи, экономикалық және әлеуметтік факторларды ескеріп отырған әрқашанда қажетті. Бұл жерге орналастырудың негізгі принциптерінің бірі.
Жерге орналастыру факторларын 3 топка түйістіріп қарастыруға болады:

  1. жердің кеңістік қасиеттері мен экологиялық жағдайлар;

  2. климат жағдайлары;

  3. әлеуметтік - экономикалық жағдайлар.

Жердің кеңістік қасиеттері мен ландшафттың экологиялық жағдайларына мыналары жатады:

  • топырақ қыртысы мен оның күйі;

  • бедер;

  • гидрографиялық тармақ пен ландшафттың сипаттамасы;

  • табиғи есімдік жамылғысы.

Климат жағдайларының арасында аса маңызды факторлар ретінде жауын - шашын мөлшері мен жердің ылғалдану деңгейін, желдің күші мен бағытын, ауаның температуралық режимін бөліп қараған дұрыс.
Әлеуметтік-экономикалық факторларға жерге орналастыру объ-ектісінің қаржы-шаруашылық іс-әрекеттерінің көрсеткіштері, елді меке-ндерінің (шаруашылық орталықтарының, тұрақты және уақытша қоныстарының) саны мен орналасуы, жабдықталғандығы, су, энергия және керекті корлармен қамтамасыз етілгендігі, негізгі а.ш. дақылдарының соңғы 5 жыл ішіндегі орташа түсімділігі, өнімінің өзіндік құны және т.с.с. жатады.Төменде осы факторлардың әрбірі нақты түрде қаралып өтеді.

Жердің кеңістік қасиеттері




Жоғарыда аталган жердің негізгі кеңістік қасиеттерінен туынды болып, жер алаптарының орналасуы мен құрылымы, кескін үйлесімдігіен бытыраңкылығы, жер учаскелерінің (ауыспалы егістер мен олардың танаптарының, ауыспалы жайылымдар мен ауыспалы шабындықтар танаптарының, жұмыс учаскелерінің) орналасу ерекшеліктері мен межелері және т.б. табылады.
Жерге орналастыруда ескерілетін факторлардың ең бастысының бірі - топырақ қыртысы.
Топырақтың құнарлылығы, әсіресе экономикалық (тиімділік) құнарлылығы диқан еңбегінің нәтижелігіне, дақылдардың түсімділігіне және мал азығы алаптарының өнімділігіне тікелей әсер етеді. Су мен жел эрозияларының ершуі топырақ құрылымынан, оның экологиялық төзімділігінен тәуелді. Сондықтан да қазіргі кезде ішкішаруашылық жерге орналастырудың басты бағытының бірі болып табылатын территорияны эрозияға қарсы бейімдеу топырақтың түрлерін, физикалық-химиялык және механикалық қасиеттерін, эрозияға ұшырағандығын, ұшырауға ықтималдығын сипаттайтын нақты материалдарға негізделеді. Сонымен қатар топырақ қыртысының тұзданған және сортаңданған мөлшері, ластанғандығы және басқа жағымсыз құбылыстарға ұшырағаны ескеріліп отырады. Ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді тиісті түрде орналастыру, жоғары тиімді ауылшаруашылық өндірісті ұйымдастыруға, сондай-ақ, агроландшафттың экологиялық тепе-теңдігін қамтамасыз етуге, топырақтың құнарлылығын арттыруға және ұдайы өндіруге колайлы территориялық жағдайларды жасауды көздейді. Бұндай методологиялық амал, жердің ауылшаруашылық өндірістің негізгі құралы ретіндегі басты ерекшелігінен - дұрыс пайдаланғанда өндіргіш қасиеттерін (құнарлылығын) жоғалтпай, қалпына келіп отыру қабілеттілігінен, туындайды.
Бонитет және құндылық бағалау балымен сипатталатын топырақ күйін ескеру, бірінші кезекте, жер алаптарының құрамы мен орналасуын белгілеуге, оларды бір-біріне ауыстыруға, жыртылған жерде ауыспалы егістіктер жүйесін (ауыспалы егістердің түрлері мен типтерін таңдау, олардың танаптары мен жұмыс учаскелерін, мал азығы алаптарын орналастыру) жобалауға қажет.
Қазіргі нарықтық жағдайда жер жөніндегі әр түрлі келісім-шарттарды жүргізуде, салық салуда, мемлекеттік жер кадастрын жасауда және көптеген басқа да жер катынастарын реттеуге байланысты мәселерді шешкенде, кең қолданылатын жер учаскелерінің бағалау балын топырақтьң күйі себептейді.
Шаруашылық жүргізу жағдайлары мен жердің пайдаланыуына бедер сан алуан ықпал жасайды.
Жер қыртысының топыраққа айналу процесі бедердің әр түрлі элементтерінде (суайрық, тальвег, баурайдың басы мен етегі) өзіне тән сипатқа ие болады.
Сонымен бірге бедер су эрозиясының басты себебі, топырақтың шайылуы, оның табиғи құнарлылығын жоғалтуы, қордасының азаюы, жыра-жырақалардың пайда болуы бедердің кеңістік қасиеттеріне байланысгы.
Баурайлардың әрбір беткейінде (экспозициясында) жеке микроклимат болады. Демек, тәулік пен жылдың мезгілігіне қарай ерекше температуралық және ылғалдық режим қалыптасып отырады. Осыған байланысты ауылшаруашылық алаптары мен дақылдардың, әсіресе жеміс-жидектердің орналасуы белгіленеді.
Ғимараттар мен құрылыстарды, жол мен ирригациялық жүйелерді және басқа да объектілерді салу бедердің сипатынан айтарлықтай тәуелді.
Бедер машина-тракторлық агрегаттардың (МТА) да тиімділігіне әсер етеді. Құламалы баурайларда МТА өнімділігі күрт төмендейді.
Өрге қарай тракторға қосымша тарту күші қажет. Осы жағдайды танаптар мен жұмысшы учаскелерін жобалағанда әрқашанда ескеріп отырған жөн.
Макро-, мезо- және микробедер сан алуан жағдайлармен сипатталатын және әр түрлі көлемді агроландшафттарды құрайды. Жерге орналастыру шешімдерін қабылдау барысында олардың ерекшеліктерін ескөру мақсатымен түрлі-түрлі амалдарды іздестіру керек. Бұл шешімдердің дәлелді болуы үшін жер бедері көрсетілген план-картографиялық материалдар міндетті түрде қолданылуы кажет.
Ландшафттар, сонымен бірге агроландшафттар

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет