Жетекші – басқарушы, басшы деген мағына білдіреді, бұл басқа адамдарды, олардың алғашқы ниеті қандай болғанына қарамастан, өзі қалаған нәрсені жасауға көндіре алатын адам болып табылады, сонымен қатар топтағы адамдардың қасиеттері мен қабілеттерін қолдана отырып, оларды басшы мақсатын іске асыруға бағыттай алады. Басшылықты әдетте ақыл, сауаттылық деңгейі, сенімділік пен әлеуметтік қатысу, әлеуметтік-экономикалық статус түсініктерімен байланыстырады. Басшы яғни жетекші – бұл жұмысты беруші және сол жұмыстардың орындалуына жауап беруші адам. Бұл адамның лауазымы. Ал Жетекші интеллекті — дегеніміз жетекшінің ақыл-ой қабілеті.
3
«Идеалды жетекші» деген сөзді естігенде, ең алдымен сіздің ойыңызға не келеді? Сіз тіпті ең қиын жағдайларда өзін бақылауды жоғалтуға жол бермейтін адам туралы ойлайтын шығарсыз. Немесе тыңдай білетін, қол астындағылар арасында ерекше сенімге ие және өз командасына құрметпен қарайтын адам туралы. Демек, мұның бәрі жетекші интеллекті деңгейі жоғары көшбасшының белгілері болып табылады.
Жетекшінің эмоционалды интеллекті дегеніміз не?
Бұл өзіңіздің эмоцияларыңызды, сондай-ақ басқа адамдардың эмоцияларын түсіну және басқара алу қабілеті. Эмоционалды интеллекттің жоғары деңгейі бар Жетекшілер өздерінің сезімдерін біледі, сол эмоцияларды түсінеді және басқаларға қалай әсер ететінін біледі.
Жетекшілер үшін эмоционалды интеллект деңгейін арттыру маңызды. Мысалы бағыныштыларға себепті және себепсіз айқайлайтын немесе кез-келген жағдайда сабырлы болып, тиімді жұмыс істей алатын жетекші, қайсысы табысты болады деп ойлайсыз? Әрине кез-келген жағдайда сабырлы болып, тиімді жұмыс істей алатын эмоционалды интеллектісі жоғары жетекші табысқа ие болады.
Психолог Даниэль Големанның айтуынша, эмоционалды интеллекттің бес негізгі элементі бар:
- Өзін-өзі тану.
- Өзін-өзі реттеу
- Мотивация.
- Эмпатия.
- Әлеуметтік дағдылар.
Табысты жетекші болу үшін адам осы элементтердің яғни қасиеттердің барлығын өзіңізде тәрбиелеу керек болады.
Өзін-өзі тану
Егер сіз әрқашан өзіңізді қалай сезінетініңізді және эмоциялар сіздің әрекеттеріңіз бен шешімдеріңізге қалай әсер ететінін білесіз, бұл сонымен қатар сіздің күшті және әлсіз жақтарыңызды түсініп, қарапайым болуыңызға әсер етеді.
Өзін-өзі тануды қалай арттыруға болады?
Достарыңызбен бөлісу: |