Жетікөл селолық округінің әкімі Ш. М. Есімбаевтың тұрғындар алдындағы есебі. Құрметті жерлестер!



жүктеу 62.02 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі62.02 Kb.
Жетікөл селолық округінің әкімі Ш.М.Есімбаевтың

тұрғындар алдындағы есебі.


Құрметті жерлестер!

Қазақстан республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2005 жылдың 6 сәуіріндегі «Жергілікті орындаушы органдардың басшыларының есептік кездесүлерді өткізу туралы» №1546 жарғысына сәйкес, барлық жерлерде және де біздің селолық округте жыл сайын есептік кездесулер өткізіледі. Бұл кездесулерде біздің село тұрғындары өздерінің ұсыныстарымен ескертулерін жеткізеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңына қол қойғанына 18 жыл өтті. Бұл өткен қысқа мерзім бізге керемет ғұмыр болып өткендей. Біздің халқымыздың арманы орындалып, өздерінің мемлекетін құрды. Республикамыздың өзінің аумағы, өзінің экономикасы, өзінің мәдениеті, ана тілі, өзінің саясаты бар. Бүгінгі күні Қазақстан бүкіл әлем қатарына кіреді. Ол БҰҰ және ЕҚЫҰ мүшелеріне Азиат қоғамдастығының қатарында үлкен орын алады.

Қазақстан тәуелсіз мемлекеттер арасында тең орын ала алады.

Қоғамдық және мемлекеттің барлық жағынан қол жеткізуіне, дамуына осы куә болады.

Біздің селолық округ тұрғындары да, облыс және аудан дамуына өз күштерін салады.



Округ аймағы – 72441 га құрады.

2009ж 1 қаңтарына округ тұрғындарының саны – 2220 адам

Округтің 7 елді - мекені бар (Айыртау селосы. Воскресеновка селосы, Орловка селосы, Красногорка селосы, Галицыно селосы және Ақан-сері атындағы орталық қонысы)

ЖШС «Айыртау - Әліби», ЖШС «Баянтай», ЖШС «Ақан-сері» және 7 шаруа қожалығы өсімдік өнімдерін көрсетеді.

Округ бойынша егістік жерінің жалпы алаңы – 35229 га, жыртылған жер – 24571 га, егілетін жер – 18892 га, өнделген жер – 4837 га, 2008 жылға бидайдың жалпы жинағы – 32844 тонна.

2009 жылы бидай өнімділігі – 18, 4 центнер гектарына алынды. Ауылшаруашылық кәсіпорындары бидай мен арпа өсірумен айналысады.

Мал басының саны негізінде округ тұрғындарында дамыған. 2009 жылдың қаңтарына ірі қара малдың саны – 1634 бас, соның ішінде қара мал – 987 бас, шошқа – 183 бас, жылқы – 467 бас, қой мен ешкі – 1368 бас, құстың саны – 11 мыңға жуық. Облыс әкімінің тапсырысы бойынша мал басын 100 пайызға өсіру үшін мынадай шаралар қолдану керек:


  • мал басын көбейтуге, жем - азығын көбейтіп;

  • селекциялық – асыл тұқым жұмысын жақсарту үшін, барлық категориялық шаруашылықтарды және мал дәрігері құс пен қара малға қызмет көрсету, үйірлерді қайта өндіру;

  • тұрғындарды керекті жем-азық пен қамту, жеңіл кредиттерді алу;

  • қолдан ұрықтандыру пункттерін көбейту;

  • фермерлік және үй шаруашылығымен өнімінің өтімі

Жетікөл селолық округінде асыл тұқымдандыру жұмысын жақсарту үйірді қайта өндіру жұмысы қолдан ұрықтандыру 2 пункті қызмет көрсетуде және керек жабдықтармен қамтамасыздандырылған.

Округте «Тамды» фермерлік шаруашылығы қой көбейту жұмысымен айналысады, қой саны – 500 бас. Бұл шаруашылық тек қоймен шектеліп қоймай, түйе көбейту жұмысымен де айналысады, бүгінгі күнге түйе басы – 32.

ЖШС «Айыртау - Әліби» мен ЖШС «Баянтай» халықты жеммен қамтамасыздандырады. ЖШС «Баянтай» жаз мезгілінде жыл сайын ағаш дайындауға жұмысшыларын бөледі. Бұл дайындаған ағаш шикізатынан қоршаулар жасалынып, халыққа өз бағасына сатылады. Сонымен бірге халыққа отын дайындалып, әкелініп беріледі. ЖШС «Баянтай» бұл жағдайда шыққан шығынды өз мойнына алады.

Селолық округте кіші және орта бизнес дамуда. Бүгінгі күнге округ селоларында 7 дүкен, 2 кафе, соның ішінде Айыртау селосында 3 дүкен, 1 кафе, Воскресеновка селосында 1 дүкен, Саумалкөл селосында 2 дүкен, 1 кафе, 3 дәріхана бар. Және де округ аумағында шиномонтаждау шеберханасы, техника қызмет көрсету станциясы, 1 ағаш өтеу өндіру цехі бар.

Айыртау селосында өзінің наубайханасы бар, оны Максимов Виктор Семенович басқарады. Пісірілетін нанның бағасы орташа алғанда 35 тенге. Бұл нанмен Орловка және Қопа селолары қамтамасыздандырылады.



Жетікөл селолық округінің аумағында уақытында медициналық қызмет көрсету үшін, Айыртау селосында фельдшерлік-акушерлік пункті ашылған. Воскресеновка селосында медициналық қызмет көрсету пункті бар. Барлық селолар медициналық қызметкерлермен қамтылған.

Бүгінгі күнге округте 304 зейнеткерлер, оның ішінде 75 мүгедектер, 3 – Ұлы Отан соғысының ардагерлері тұрады. Аз қамтылған отбасыларына, мемлекет әрқашан материалдық көмек көрсетуде. 2009 жылдың басынан мемлекет 18 жасқа толмаған балалар жәрдемақысы 931,7 мың теңге, әлеуметтік көмек 684,2 мың теңге, атаулы әлеуметтік көмек 862,0 мың теңге соммасында төледі. Осымен қатар осы отбасыларының балалары білім министірлігі арқылы материалдық көмек алады. Округ бойынша жалғыз тұратын зейнеткерлер жасындағы азаматтар саны 2 адам, оларға қолдау мемлекеттік көмек және қайырылымдық көмегі көсретілді.

Жетікөл селолық округінің аумағында тұратын мүгедектер мен қарт адамдарға осы ісшараларды өткізу кезінде ЖШС басшыларымен қолдау көрсетілді.

Жалпы соммасы 61000 теңге 20 мүгедек, 82 зейнеткерлерге ЖШС «Баянтай»

Жалпы соммасы 95840 теңге 32 мүгедек, 70 жастан асқан 66 зейнеткерлерге ЖШС «Айртау-Әліби»

Жалпы соммасы 87980 теңге 23 мүгедек, 95 зейнеткерлерге ЖШС «Ақан-сері»

Барлығы округ бойынша 75 мүгедек, 300 зейнеткерлерге жалпы соммасы 244,8 мың теңге көмек көрсетілді.

2009 жылы селолық округте салық жинағын қамтамасыздандыру жұмысы жүргізіліп және басқа да қаржылық төлемдері жиналды.

2009 жылға түскен салықтар және басқа да төлемдер 100 пайызға орындалды.



Селолардың әлеуметтік дамуына үлкен көңіл бөлінеді. Бүгінгі күнге бүкіл селолардың мектептері бар. Айыртау селосында орта мектеп, Воскресеновка селосында орталау мектеп, ал Галицыно, Орловка 2 елді - мекендерінде бастауыш мектептер.

Округтің бүкіл мектептерінде жөндеу жүргізілді. Айыртау орта мектебінде және Воскресеновка орталау мектебінде жаз мезгілінде жаңа пештер қойылды. Барлық мектептер отынмен қамтылған.

2009 жылы елді-мекендер бойынша сәулеттендіру жұмысы жүргізілді.

Айыртау селосында село тұрғындарының қатысуымен селоны сәулеттендіру жұмысы жүргізілді. 15 тонна қоқыс шығарылды. Мектеп, медициналық пункт, МТМ және үйлер аймақтары тазартылды.

Орталық көшенің үйлерінің қоршаулары жаңартылып, 2000 қоршау 23 теңгеден сатылды.

Елді – мекендерді көгалдандыру бойынша жұмысы жүргізілді. 600-ден артық көшеттер отырғызылды. Селолық дәрігерлік амбулаторияның аймағына – 30 –терек, 20 – қайың, 10 – үйеңкі, 20-бұта отырғызылды. Воскресеновка орталау мектебінің аймағына – 30 шетен, 20- жөке, 70- қарағай және контор аймағына 8-қарағай отырғызылды. ЖШС «Баянтай» директоры адамдарға 150 ағаш таратып берді.

Воскресеновка селосында да, сәулеттендіру жұмысы жүргізілді. 10 тонна қоқыс шығарылды. Мектеп, және контора аймақтары тазартылды. Село бойынша үйлердің қоршаулары жаңартылуда.

Орловка, Галицино, Красногорка, Қопа сияқты кіші елді-мекендерде қоқыстар шығарылып, қоршаулар ағартылып, шарбақтары қалыпқа келтірілді.

Округ аймағындағы ескерткіштер жыл сайын 9-мамырға қарсы жаңартылып отырылады.

Округ аймағындағы тұрмыстық қалдықтарды үйетін орындары тазартылып және опырту жұмыстары жүргізіліп отырылады.

Құрметті село тұрғындары!
Өткендегі есептік кездесудегі сұрақтар шешілді. 2009 жылғы қаңтар айындағы аудан әкімі және селолық округ әкімінің есептік кездесулеріндегі Жетікөл селолық округінің тұрғындарымен айтылған ұсыныстары мен пікірлері.

- Саумалкөл селосында Центральная көшесінің жолын жөндеу туралы - Центральная көшесінің жолы жөнделді.

- Саумалкөл селосының Центральная көшесінде жарық орнату туралы - Центральная көшесінің тұрғындарымен кездесу өткізіліп – көшені жарықтандыруға 4 орын анықталды. 4 орында шам орнатылды.

- Воскресеновка селосын жарықтандыру туралы - Воскресеновка селосын 7 шам орнатылды.


- Айыртау селосында Гусаковка – Петропавл автобусының Айыртау арқылы жүруі туралы сұрақ туындады. Бұл сұрақ шешілді, селоға Гусаковка – Петропавл, Имантау – Саумалкөл автобусы соғады.

- Галицыно селосында селодан Көкшетау – Саумалкөл жолына шығатын жолды қыс мезгілінде таза ұстау туралы сұрақ туындады. Бұл сұрақ шешілген, ЖШС «Баянтай» жұмыскерлері Галицыно селосынан Көкшетау – Саумалкөл жолына дейін қыста тазалап отырды.

- Красногорка селосында медициналық пункт пен медициналық қызметкер жұмысын қамтамасыздандыру туралы. Қазір селоға аудандық аурухананың қызметкері қызмет көрсетеді.

- Орловка селосында медициналық пункт пен медициналық қызметкер жұмысын қамтамасыздандыру туралы. Қазір селоға Айыртау селосындағы ФАПның қызметкері қызмет көрсетеді.

- Айыртау селосынан Қопа селосына ұн әкелу жұмысын қамтамасыз ету. Бұл сұрақ шешілді, ЖШС «Айыртау - Әліби» селоны ұнмен қамтамасыздандырды.

- Воскресеновка тұрғындарымен кездесуде кездесуде, демалыс орталығын ашу туралы сұрақ туындады – бұл сұрақ шешілді.



- Орловка селосының тұрғындары Қарасай батыр селосынан- Саумалкөл селосына шығатын жолға аялдама орнатуын өтінді - аялдама орнатылды.
Қорытындылап келгенде, біздің барлығымыздың күшімізбен 2009 жылды аяқтадық. Осымен біз селолық округ тұрғындарының тұрмыстық деңгейін жақсарту мақсатына қол жеткізбекпіз.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет