ТЕХНОЛОГИЯ КАБИНЕТІНІҢ ЕРЕЖЕСІ
1.технология кабинеті – бұл мектептегі жабдықталған шеберхана кабинеті, ғылыми – әдістемелік, психологиялық-педагогтік оқу және көркем еңбек тәрбие үрдісін жүргізуге арналған. Кабинеттегі жұмыс осы көрсетілген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
2.технология кабинеті Мемлекеттік «Білім» бағдарламасын, Қазақстан Мемлекетінің Білім туралы Заңын, жалпыға бірдей орта білім беру мемлекеттік стандартын жүзеге асыруға арналған.
3.технология кабинетінде өткізілетін сабақтар:
Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға;
Шығармашылық дарынын ашуға;
Күнделікті өмірде алған білімдерін практикамен ұштастыра отырып, пән бойынша көркем еңбек дағдыларын қалыптастыруға;
Оқушылардың өзін – өзі басқару, өзіне баға беру, өз ісіне талдау жасай білу қабілетін дамытуға;
Ұйымдастыру қабілеті жоғары тұлға тәрбиелеуге бағытталған.
4.Кабинет демонстрациялау, сарамандық жұмыстар жүргізуге лайықталып еңбек құрал – жабдықтарымен, жиһазбен, станоктармен, көрнекіліктерімен, оқу әдістемелік жинақтармен жабдықталады.
5.Кабинет жабдықталуы оқушыларға рухани – танымдық және эстетикалық тәрбие беруге жағдайластырылған, сонымен катар технология кабинетінің санитарлық жағдайы да талапқа сай қалыптасқан.
6.Кабинет сабақ басталардан 15 минут бұрын ашық тұруы тиіс.
7. Оқушылар шеберхана бөлмесінде арнайы киімдерімен жүруі керек.
8. Оқушылар шеберхана бөлмесінде тек қана оқытушымен бірге ғана болуға тиіс.
9. Оқу бөлмесі әр үзіліс сайын желдетіліп отыруы тиіс.
10. Әрбір сабақтан кейін оқытушы тазалық жұмыстарын жүргізуі тиіс.
КАБИНЕТ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ
1.Кабинеттің төлқұжатының жүйелі түрде қамтамасыздандырылғаны, соның
ішінде аспаптардың, техникалық құралдардың, көрнекті құралдары,
әдістемелік құралдар, дидактикалық материалдардың болуы.
2.Техника қауіпсіздік ережесінің болуы.
3.Кабинеттің жаңа оқу жылына сабақ жүргізуге рұқсат беру актісінің болуы.
4.Кабинетті жабдықтаудың болашақ жоспарының болуы.
5.Техника қауіпсіздігімен санитарлық нормалардың сақталуы.
6.Кабинетті эстетикалық жағынан жабдықталуы.
7.Шеберхана бөлмесінің көркем еңбек пәні бойынша құрал – жабдықтар, материалдар, станоктардың, оқу-әдістемелік құралдардың толық жиынтығының болуы.
8.Кабинет меңгерушісі жауапты:
құрал – жабдықтардың сақталуына;
кабинет құжаттарын жүргізуге, құрал-жабдықтар мен құралдарды жүйелеуге;
құрал-жабдықтарды әрдайым қолдану үшін дайындықта ұстауға, оның дұрыс қолдануына және ремонт жасалуына;
өртке қарсы және төтенше жағдай кезінде қолданылатын алғашқы медициналық құралдардың іске жарамдылығына;
оқушылардың уақытылы техникалық қауіпсіздіктен кіріспе және үздіксіз нұсқаулық беруге;
-мұғалім мен оқушылардың техникалық қауіпсіздік ережелерін
сақтауға;
кабинетте санитарлы-гигиеналық нормалардың сақталуына.
Достарыңызбен бөлісу: |