Жетписбаев батыр адамович


§. 2. Ғұн жəне түрік заманы



Pdf көрінісі
бет12/54
Дата11.12.2022
өлшемі0.87 Mb.
#467028
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   54
235556 (1)

§. 2. Ғұн жəне түрік заманы
 
Орталық Азия халықтарының əдет-ғұрып заңдары туралы алғашқы жазба деректер ғұн дəуірінен
басталады. Қытай жылнамаларын қарап отырып б.э.д. III-II жүз жылдар бұрын Арқа мен Алтай 
арасында атой салып жүрген көшпелі тайпалардың тұрмыс-тіршілігі мемлекет пен құқық туралы 
түсініктері туралы хабар аламыз. 
Мөде шаньюйдің баласы Лаушан-гию Қытай патшасына жазған хатында "Ғұндардың қолдануға 
жеңіл жəне ыңғайлы заңдары бар. Ғұн елін шаньюй бір атаның баласындай басқарады, 
қарамағындағы қызметкерлермен қарым-қатынасы қарапайым" деп хабар береді. Бұл дерек б. э. д. 
ғұн өркениеті тек мемлекет емес құқықты да туғызғанын дəлелдейді: "Көшпелілердің заңын 
орындаудан бас тартқандары, өлім жазасына кесіледі, ал енді ұрлық, адам өлтіру сияқты 
қылмыстарды билердің өздері не құн төлеу, не кек қайтару арқылы шаньюйге жеткізбей шешеді". 
" Құн орнына жылқы мен қойдан төледі. Ал енді қашқындар мен сатқындарды ешкім де өз
көшінде сақтауға болмайды. Оларды құмға қарай қуады, ол жерден тірі қайту мүмкін емес"-дейді 
Ғұн орасының биі (15, б.47-48). 
Ғұн заңдарының көпшілігі қылмысқа қарсы өлім жазасын ұсынғанымен, ұрлықтың өзін кісі 
өлтірумен қатар қойып, өлім жазасын талап етсе де, бұл жазаның бəрінен де құн төлеу арқылы 
құтылу мүмкіндігін қарастырды. Қылмыс жазасы қашанда малға шағылады-бұл да көшпелілер 
өміріндегі шаруашылық қауымының орнын күшейтеді.
Ғұн заңдарының екінші бір ерекшелігі, барымтаға рұқсат берілуі. Өз ішінде қалыптасқан тəртіпке 
байланысты есесі кетіп бара жатқан ғұн өзінің билерімен келісіп, қарсы жақты (руды) шауып 
есесін қайтаруға хақылы.
Ғұн заңдарынан аңғарылатын бір басты ерекшелік-мемлекеттік тəртіптің күші. Əкімшілік жүйенің 
басты ерекшелігі əскери-қосын заңы, əр адам, əр ру, əр халық өзіне арналған орынды, алатын 
үлесін, олжасын алдын-ала біледі. Соғыс жағдайында, бейбіт уақытта қанша əскер шығару керек 
екенін, оның азығы, көлігі бəрі де алдын ала есептелген (23, с. 58). 
Көне түріктің салт-дəстүр, əдет-ғұрыптары көшпелілердің əлеуметтік өмірін реттейтін басты
құрал есебінде қызмет жасады. Осы əдет-ғұрыптың құқықтық қызметін атқаратын өкілдерін
түріктер "бек", "би" атайтын. Оларда тасқа басылған, қағазға жазылған заң болмаған сияқты. Бəрі 
де тұтас руханияттың құрамдас бөлігі есебінде өмір сүрді. Қарапайым өмір салты, күнделікті 
тіршілік заңдылығы əдет-ғұрып заңдарының өміршендігін қамтамасыз етті: 
"Түріктің əдет-ғұрыптары: шашын жібереді, сол жақ етектері (шапанның) белбеуге қыстырулы 
(немесе сол жақ қапталы шапанның). Кигіз үйлерде, шатырларда өмір сүрді, шөптің шығымына, 
суға қарай көшіп қонып жүрді, мал шаруашылығымен, аң аулау мен айналысады, жейтіні ет, 
ішетіні қымыз, теріден, жүннен жасалған киімді киді. Көне хундар сияқты не сыпайылықты, не 
əділдікті білмейді, ар-ұяттары аз. Билеушісін таққа отырғызарда ең жақын бектері киізге
отырғызып, күннің бағытымен тоғыз рет айналады. Сəлем ету аяқталған соң ерттеулі атқа мінгізіп, 
тамағын жібек орамалмен буындырып, содан кейін босатып тез сұрайды "қанша жыл хан бола 
аласың" деп.
Қару-жарақтары: мүйізден жасалған жақ пен ысқырғыш жебе қолданады, сауыт-сайман, найза-
сүнгі, қылыш- қанжар бар.
Туларының сабына алтын басты қасқыр орнатылған. Жауынгерлерін бөрі (фуле) деп атайды 
(түріктің қасқырға қатысты генеалогиялық аңызы бар -Ж.А.). Ат үстінде садақпен дөп атады
табиғаты қатал, аяусыз, жазу-сызуы жоқ. Керек болған жағдайда адам, жылқы санын, алым-салық 
пен малға байланысты ағашқа кертік жасап санайды. Қағаздың орнындаған бұйрық райын алтын 
басты садақ жебесі, балауыз белгімен қоса атқарады. Олардың қылмыс заңдары бойынша: адам 
өлімі, ханға қарсылық, қарсы жауға өту, бөтеннің əйелінің қойнына бару, тұсаулы тұрған атты 


ұрлау өлім жазасына кесіледі. Төбелесте болған кемтарлық үшін (жазым), ауырлығына қарамай 
мал - дүниемен құн төлейді. Көзін шығарса кінəлі жақ қызын береді, қызы жоқ болса, əйелінің 
жасауын береді, дененің бір жеріне зақым келтірсе, айыпқа ат төлейді, ат немесе басқа бір дүниені 
ұрлаған адам, ұрланған дүниенің құнын он есе қылып айып төлейді. Өлген адамның мəйітін
шатырға сақтайды. Ұлдары, немерелері, екі жақтың туысқандары жылқы мен қой сойып, оны 
шатырдың алдына жайып тастайды құрбандық деп, өздері атқа мініп шатырды жеті рет айналады, 
осыдан кейін шатырға кірерде беттерін пышақпен жаралап, дауыс салады, қан мен жас сөйтіп 
қатар ағады. Осылай жеті рет жасайды да аяқтайды. Кейін белгіленген күні марқұмның мінген 
атын, тіршілікте қолданған заттарын мəйітпен бірге жағып жібереді, күлін жинап жылдың 
келісілген мезгілінде бейітке көмеді” (15, с.221-222). 
"Тхань əулетінің тарихы" деп аталатын жылнама түркілердің құқықтық көзқарастарын толықтыра
түседі. "Көтеріліс, сатқындық, адам өлімі, өзгенің əйелімен болған ойнас, шідерлеулі тұрған атты 
ұрлау - өлім жазасы. Төбелесте болған жазым үшін құн төлейді - ауыр-жеңіліне қарай. Көзін 
шығарса - қызын береді, қызы жоқ болса əйелінің жасауын береді, денесінің бір жеріне зақым 
келсе жылқымен төлейді, жылқы немесе басқа бірдеңе ұрлаған үшін оның өз құнынан 20 есе 
қылып қайтарады". 
Міне, қазақ билігі немесе "Жеті жарғы" аталатын жолдың түп-тамыры. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет