-Интервью ретінде авторға сұрақ
Оқушылар сұрақ қояды, ортаға біреуі шығып жауап береді.
-Тақырыптық сөзжұмбақ
Көп оқушылар сөзжұмбақтар шешекенді ұнатады, сол себептен өтілген тақырып бойынша сөзжұмбақ құрасырып келуге тапсырмалар беріледі. Оқушыларға интерактивті сөзжұмбақтар шешу ұнайды, себебі бүкіл сынып оқушылары қатысады.
-Құпия сұрақтар
Мұғалім өткен тақырыпқа сұрақ ерекшелетіп қояды, егер оқушы тиянақты дайындалса, жауабын тез анықтайды.
-Ауызша жауапқа пікір айту.
Оқушының жауабын тыңдап болғаннан кейін, пікір айтып, толықтырулар еңгізіп, берген жауапқа баға береді.
-Бірін-бірі тексеру
Оқушылар көршілес отырған баламен дәптерлерімен ауысып, тапсырмаларды тексеріп, жіберген қателер бойынша өз ескертулерін айтады, бағалайды.
-Қысқа түрдегі жазбаша жұмыстары
Оқып келгене тақырып бойынша мұғалім оқушыларға жазбаша түрде жауап беруге тапсырма береді. Мұндай тапсырмалар теориялық білімдерін жетілдіруге көмектеседі.
-Дұрыс жауабын тақтадан қарап тексеру.
Үй жұмысының дұрыс жауабы тақтада беріліп, оқушылар өздерінің қателерін анықтайды.
Ауызша тексеру жұмысын ұйымдастыру кеңестері:
Тапсырманың бұл түрі бойынша көпшілігінде,сыныпта өкен сабақты оқушылардың үйде ауызша қайталап оқып келуі, немесе белгілі бір ережені жатап келуі, сол ережеге байланысты ауызша мысалдар ойлап келуі тапсырылады. Тапсырманың бұл түрін оқушылар орындап келуі үшін, алдымен сыныпта тақырыпты мұғалім дұрыс түсіндіріп, меңгертуі тиіс. Ауызша орындап келуге берілген тапсырмаалрды орындауда, оқушыларға үйде дауыстап оқып келуге ұсынылады.
-Бағдаршам-тексеру әдісі
Бұл жағдайда бағдаршам ретінде бір жағы қызыл түсті, екінші жағы жасыл түсті қатты қағаз қолданылады. Егер оқушы білсе жасыл жағы, ал білмесе қызыл жағын көрсетеді. Егер базалық деңгейдегі сұрақтарға оқушы қызыл жағын көрсетсе, мұғалімге алаңдауға болады, себебі оқушы жаупы бермейді.
-Татулық сұрау
Тақта алдындағы жауапы білмесе , көмекті сыныптан сұрайды. Кім көмектеседі? Көмек бергісі келген оқушылар арасынан мұғалім ең жақсы жауап бере алатын оқушыны таңдап , оған досына сыбырлап жауабын айтқызады, Оқушы өзі жауабын айтып береді.
-Өздері тексеру әдісі
Жақсы дайындалып келген 2-3 оқушы сұрақ қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |