Жиынтық бағалау оқытудың нәтижелерін жіктеу, сертификаттау және тіркеу мақсатында оқытудың қорытындыларын шығару. Жиынтық бағалау оқу циклдері мен сатылары аяқталғанда жүзеге асырылып, оқушының белгілі бір кезеңдегі дайындық деңгейінің көрсеткіші болып


Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың нәтижелеріне мұғалім талдау жасап



бет3/4
Дата12.10.2022
өлшемі0.65 Mb.
#462558
1   2   3   4
Жиынты ба алау о ытуды н тижелерін жіктеу, сертификаттау ж не

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың нәтижелеріне мұғалім талдау жасап, осы талдау негізінде оқушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін анықтап, оқушыға беретін кері байланыс әрекетін жоспарлайды.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижесінде қойылған балдар оқушының оқу жетістігінің деңгейлерін (жоғарғы, орта, төмен) анықтауға мүмкіндік береді.
Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан аяғында өткізіліп, балл және баға қою арқылы оқушының білімі, дағдысы, түсінуі туралы дәлелдемелерін көрсетеді.
Тоқсандық жиынтық бағалау түрлі бақылау және тексеру жұмыстарын ұйымдастыру арқылы өткізіледі.
Қалыптастырушы бағалаудың күнделікті іс-тәжірибесі барысында, оқушының меңгеру деңгейінің өлшемі мен ілгерілеуін анықтауда, оқыту үдерісінде төменгі әдіс-тәсілдерді:

  • «Қол сигналы»

  • «Бағдаршам»

  • «Қорытындылауға арналған карточка индексі»

  • «Бір минуттық эссе»

  • «Сөйлеу үлгілері»

  • «Екі жұлдыз, бір тілек»

  • «Үш минуттық үзіліс»

  • «Ауызекі баға», портфолио, журналдар, рубрикалар, сөзжұмбақтар, сұрақтар және тағы басқа түрлерін қолдануға болады.

Қалыптастырушы бағалаудың әдіс-тәсілдерін сабақтың әр түрлі кезеңдерінде: жаңа тақырыпты түсіндіруде, тапсырма орындау кезеңінде, мұғалімнің оқушыға жұмысының нәтижесін жақсарту мақсатымен кері байланыс ретінде ақпарат беру барысында да қолдануға болады. Мысалы, мұғалім оқушының жазба жұмысын тексеріп болған соң, оған баға қоймайды, әр түрлі қалыптағы сурет пен бояуларды қолданып белгілей алады. Әрбір белгі мен олардың түстері (сары, қызыл және жасыл, жұлдызша немесе қанатты белгілер) оқушының жауабындағы дұрыс немесе бұрыс орындалған жақтарын көрсетеді.
Топтық жұмысты бағалау
Бірқатар дағдыларды дамытып, бағалауда топтық жұмыс бірден-бір қолайлы тәсіл. Өзге формалардағыдай бұл жағдайда да оқушылар табыс критерийімен алдын-ала таныстырылуы тиіс. Топтық жұмыс кезінде мұғалім сынып ішінде жүріп, барлық топтарды тыңдап үлгеруі тиіс. Топтардағы кейбір оқушылар табыс критерийі талаптарына тез қол жеткізуі мүмкін. Мұғалім сол оқушылардың есімдерін өзінің арнайы дәптеріне жазып алады. Әрі қарай мұғалім басқа оқушыларға назар аударуы тиіс. Оқушы ұяң немесе ұялшақ болған жағдайда мұғалім қосымша сұрақтар қойғаны дұрыс (Сен осы мәселе туралы не ойлайсың? Өз тобыңның осы мәселені қаншалықты дәрежеде талдағандығы туралы айтып бере аласың ба?). Кейде оқушы талдау тақырыбы туралы теріс түсінік немесе теріс жауап беруі мүмкін. Мұндай жағдайда оқушының өз жауабымен нені айтқысы келгендігін сұраған жөн.
Топтық жұмыс жасау кезінде мұғалім барлық оқушыларды бақылап шығуы керек. Барлық топтарды бір рет аралап, бағалап шыққаннан кейін мұғалім оқу мақсатына жетуге талпынатын оқушылары бар топқа қайта оралады және олардың оқу мақсатына қайтадан қол жеткізуіне мүмкіндік береді.
Кей жағдайда әдетте оқушыларға өз қабілеттерін бірнеше сабақтар барысында дамытуға мүмкіндік береді. Бұл әрекеттер оқушылардың бойында алуан түрлі дағдылардың қалыптасуына түрткі болады. Қалыптастырушы бағалаудың өзге түрлеріндегідей бұл жағдайда да оқушылар жетістік критерийімен алдын-ала таныстырылуы тиіс. Оқушыларға жетістік критерийлері туралы әр сабақтың басында ескерту айтып отырған да тиімді. Кей жағдайларда оқушылар жобаның соңына қарай белгілі бір оқу мақсаттары бойынша жетістік деңгейін көрсетуге тиіс болады. Мұндай жағдайда оқушының аяқтаған жұмысы оның оқу мақсатына жеткендігінің куәсі бола алады.
Өзге оқу мақсаттары оқушылардың өздеріне берілген кері байланыстарға сәйкес жетістіктерін не жұмыс нәтижесін көрсетуді қажет етеді. Мұндай оқу мақсаттарын бір сабақ барысында бағалап үлгеру мүмкін емес. Алғашқы сабақта мұғалім әр оқушының бастапқы дәрежесін анықтап алуы қажет. Ол әр оқушы жоспарға сәйкес жұмысын атқаруға дайын екендігіне және өз мақсатын жете түсінгендігіне көз жеткізуі тиіс. Кейінгі сабақтарда мұғалім осы жетістіктерді оқушының әрекеттерінен бақылап отырады. Әр оқу мақсатына негізделген жетістік критерийі мұғалімнің бақылауын қажет ететін тұстар туралы жан-жақты ақпарат береді. Бұл көлемді әрекет түрлерінің оқу барысында маңызы өте жоғары. Сол әрекеттерді орындау барысында мұғалім әр оқушыға жекелеген қолдау көрсетіп, кері байланыс беріп отыруы міндетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет