Жиынтық бағалау оқытудың нәтижелерін жіктеу, сертификаттау және тіркеу мақсатында оқытудың қорытындыларын шығару. Жиынтық бағалау оқу циклдері мен сатылары аяқталғанда жүзеге асырылып, оқушының белгілі бір кезеңдегі дайындық деңгейінің көрсеткіші болып



бет4/4
Дата12.10.2022
өлшемі0.65 Mb.
#462558
1   2   3   4
Жиынты ба алау о ытуды н тижелерін жіктеу, сертификаттау ж не

Өзін-өзі бағалау
Өзін-өзі бағалау - бұл өзінің мықты және әлсіз жақтары, мүмкіншіліктер мен мәселелері жайлы ақпараттарды талдап жинауға бағытталған процесс. Өзін-өзі бағалау - бұл тек қана өз жұмысын бағалау ғана емес, сонымен қатар туындаған мәселелерді өз бетімен анықтап және оның шешу жолдарын табу. Ол тапсырманы орындау үдерісі сипаттамасымен, яғни оның оң және теріс жақтары, әсіресе, ұпайлармен тығыз байланысты.
Өзін-өзі бағалауды оқу сабағының күнделікті құрылымына енгізу – өзіне сенімді, дербес оқушылар дайындаудағы шешуші фактор, алайда бұл мұқият жоспарлауды және оқу процесінде жүйелі іске асыруды талап етеді. Оқушылардың танымдық іс-әрекеті процесіндегі негізгі мәні ол осы ісәрекеттің нәтижесін ғана емес, сонымен қатар осы нәтижеге әкелетін жұмыс процесін де бағалауға мүмкіндік береді.
Мұғалім оқушыға өзін-өзі бағалаудың төмендегідей алгоритмін ұсына алады:
1. Тапсырманы орындауда нені жасау қажет? Мақсат қандай болды? Қандай нәтиже алу қажет болды?
2. Нәтиже алу мүмкін болды ма? Шешу жолы, жауабы табылды ма?
3. Тапсырманың барлығын дұрыс орындады ма, әлде қателер жіберді ме?
4. Толығымен жеке орындады ма, әлде біреудің көмегіне сүйенді ме?
5. Тапсырманы орындау барысында қандай біліктіліктер дамыды? Егер тапсырманы орындай алмаса, онда қандай қателер жіберілді және бұл қиындықтар неден туындады?
Жұптарда өзара бағалау
Негізінде жұптық жұмыс өзіне сенімі аздау балаларға жұмысқа қатысуға көп көмегін тигізді, себебі, білмегендерін жұбымен ақылдасу барысында ортақ жұптық әңгіме жүріп талқылады. Жұптармен әңгімелесу оқушылардың сабақтың негізгі идеясына байланысты не ойлайтындарын түсінуге біршама көмегін тигізеді. Бірінші жұптасып талқылаудан кейінгі жауаптардың деңгейі төмен болды. Ал, екінші жұптасып талқылаудан кейінгі жауаптардың деңгейі жоғарырақ болды. Себебі, жауаптар сараланып, жөнделді. Әдеттегі жұптық талқылаусыз өтетін жаттығумен салыстырғанда, жауаптардың деңгейлерінде үлкен айырмашылық байқалды. Бұрын жұптық жұмыста тек А немесе В деңгейлі оқушылар ғана тапсырманы орындап С деңгейлі оқушымен талқыламай өздері ғана орындайтын. Ал, қазіргі кезде С деңгейлі оқушылар білмегендерін сұрап, жалпы тапсырманың не туралы екенін және қалай оқу керектігін түсініп отырды. Балаларға басқа оқушылардың жауаптарын тыңдау өздерінің ойларын қалыптастыруға көмегін тигізді. Жұмыс жасау кезінде формативті бағалаудың стартегияларын пайдалану оқушыны ынталандыру, жетілдіруді көрсету мақсаттарын нақтылаудың стратегияларын пайдалану оқушыны ынталандыру және жетілдіруді көрсету мақсаттарын нақтылаудың тиімді жолы болады деп санаймын. 
Жұптық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау. Жұптық жұмыс қалыптастырушы бағалаудың тиімді формаларының бірі болып табылады. Жұптық жұмыста жалпы мұғалім, жұптар бір-бірін және жұп ішінде бірін-бірі бағалауына болады. Мұндай өзара қарым-қатынас кезінде білім алушылардың дайындық деңгейіне қарамастан өзара көмегі, рефлексиясы, өзін-өзі реттеуі белсенді байқала бастайды. Жұптық жұмыста қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау кезінде білім алушылар тапсырманы орындау, оның нәтижесіне бірдей жауапкершілікпен қарау қажет екенін түсінуі керек. Сондықтан оларды өз әрекетімен келісуге, өзара әрекеттесуге, пікір алмасуға, кері байланыс беруге үйрету маңызды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет