Ақпарат
|
Сәйкестендіру
|
1.
|
Тез жуынып,
|
киімің
|
А. өзінің жұмысы туралы айту керек.
|
1-
|
ауыстыр,
|
|
|
|
2.
|
Әліш кеңесте
|
|
Б. біз қазір Алматыға жол жүреміз.
|
2-
|
3.
|
Дайындық қажет емес,
|
В. барлығы өзің сияқты теміржолшылар.
|
3-
|
Мәтінді оқып, ондағы ақпараттар мен мәселелер, автор көзқарасына қатысты жұбыңызға
сұрақ қойыңыз. Сұрақ құрастыруда және жұбыңыздың сұрағына жауап беруде сөз әдебі мен сөйлеу этикетінің формаларын қолданыңыз.
Мәтін
Дүниежүзілік экономикалық форум мамандарының пікірінше, таяу жылдары құрылысшы, өндіріс жұмысшылары, кеңсе және әкімшілік қызметкерлері, тілшілер мен сәнгерлер мамандығына сұраныс төмендейді. Бұл үдеріс басталып та кеткен және алдағы 15-20 жыл ішінде еңбек нарығында өзгерістер орын алады.
Құрылысшылар мен жұмысшыларды алмастыратын – 3D принтерлер мен роботтар. БҰҰ баяндамасына сәйкес, дамушы елдердегі роботтандыру электротехника және автокөлік саласындағы қызметкерлердің үштен екі бөлігінің орнын баспақ. 3D принтерлер құрылысшылардың 50%-ын жұмыссыз қалдырады.
Кеңсе қызметкерлерінің орнына мәселелердің шешімін тауып, адамға қарағанда жұмысты жылдам әрі тиімді атқаратын ақылды компьютерлік жүйелер келеді.
Мамандардың сөзінше, «қауіп тобынан» кез келген мамандық орын алуы мүмкін. Роботтар мен компьютерлік бағдарламалар адвокаттар мен директорларды да оп-оңай алмастыра алады. Тәжірибе жүргізу мақсатында құралған құқықтық робот АҚШ-та жұмыс істеуде. Тәжірибені сәтті деуге де болады. Уақыт өте келе роботтар дамудың стратегиялық жоспарларын анағұрлым жақсырақ құрып, бүгінгі директорлар мен компания президенттеріне қарағанда түрлі жағдайларға жылдам әрекет ету мүмкіндігіне ие.
Мамандар барлық мамандық өкілдерін еңсесін түсірмей, кәсібилік деңгейін арттыруға шақырады, себебі жақсы мамандарға деген сұраныс қашан да жоғары және мамандықтардың басым көбі жойылмайды, керісінше жаңа деңгейге ауысады.
Ал роботтандырылған өнеркәсіп мекемелері қайтадан адамдарды жұмысқа шақыруға мәжбүр. Роботтар өз қызметін жақсы атқарады, бірақ олар жаңашыл ойлар, ішкі түйсік немесе «адам бейнесімен» әлдеқандай әрекет жасауға қабілетсіз.
Десе де өз саласын таппай жүрген көптеген маманға қайта мамандануға тура келмек. Бірақ мұнда тұрған қорқынышты дәнеңе жоқ. Бүгінде ғаламтор арқылы үйден шықпай-ақ көптеген мамандықты игеруге болады.
Жалпы алғанда, мамандар еңбек нарығын жіті бақылауға кеңес береді. Соңғы 10 жыл ішінде бірқатар жаңа мамандық пайда болды. Әсіресе, ол ғаламтор саласына байланысты. Одан бөлек қолдан жасалған бұйымдар мен үй өнімдеріне деген сұраныс артып, тренд қалыптасты.
Достарыңызбен бөлісу: |