Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Әдебиеттік оқу 3-сынып



бет20/20
Дата13.05.2022
өлшемі0.98 Mb.
#456841
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
әдеб 3 сын бжб тжб

Барлығы

3

16

  1. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі



«Әдебиеттік оқу» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары


Тыңдалым және айтылым
Тапсырма

  1. Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.















  • Сен қай жолаушының пікіріне қосыласың? Неліктен? Мақал-мәтелдерді, көркем сөздерді қолданып, өз ойыңды айт.

[6]
Балл қою кестесі



Тапсырма


Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1





1

Әр дұрыс сәйкестікке 1 балл қойылады.

1

Білім алушының ықтимал жауабы: Мен үш жолаушының да пікіріне қосыламын. Себебі адамдар еңбекқор болса, мөлдір бұлақ сияқты басқаларға жақсылық жасай білсе, көңілі қардай таза болса, оған бәрі де ынтық болады деп ойлаймын.

1

Сұраққа сәйкес дәлелді пікір айтады.

1

Өз ойын жүйелі жеткізеді.

1

Сөйлеу барысында мақал- мәтелдерді, көркем сөздерді қолданады.

1

Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

Барлығы

6






Оқылым




  1. Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.

  • Мәтінге ат қой.

  • Мәтіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді тауып, қоршап сыз.

  • Балалар қандай сұраққа жауап іздеді?

  • Оған не әсер етті?

  • Мәтін бойынша «неліктен?» сөзін қатыстырып, 1 сұрақ құрастырып жаз.

[5]
Балл қою кестесі



Тапсырма


Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

2


Қайсысы оңайырақ?/ Не оңай?/

1

Мәтіннің мазмұнына сәйкес баламалы тақырыптар қабылданады.

Шындықты айту оңайырақ, себебі ештеңе ойлап табудың керегі жоқ.

1




Өтірік айту мен шындықты айтудың қайсысы оңайырақ?

1




Себебі олар күні бойы орманда жүрді/Ата-аналарына ескертпей орманға барды/Үйге кеш қайтты...

1

Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы, қысқа және толық жауаптар қабылданады.

Сен кімнің пікірімен келісесің? Неліктен?/Балалар неліктен өтірік айтқысы келді?/

1

Бағалауға негізделген басқа сұрақтар да қабылданады.

Барлығы__5________Жазылым'>Барлығы

5






Жазылым



  1. Мәтін кейіпкерлерінің қайсысының пікірін қолдайсың? Неліктен? Өз көзқарасыңды білдіріп, кейіпкерге хат жаз.

[5]
Балл қою кестесі



Тапсырма


Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

3

Білім алушының ықтимал жауабы:
Сәлем, балалар! Сендер туралы мәтінді оқып шықтым. Мен соңғы баланың айтқан пікірімен қосыламын. Расында да шындықты айту оңай.
Өтіріктің соңы жақсылыққа апармайды. Сондықтан да ата- аналарыңа шындықты айтуларың керек.

1

Хаттың құрылымын сақтап жазады.

1

Кейіпкерлердің мінез- құлқына, іс-әрекетіне қатысты көзқарасын білдіреді.

1

Кейіпкердің іс-әрекетіне баға береді.




Сәлеммен .../
ІІ нұсқа.
Сәлем, балақай! Сенің айтқан сөзіңді оқып, қуанып қалдым. Сен өте адал бала екенсің. Өте дұрыс айтасың. Басқа балалар сенен үлгі алуы керек.
Әрқашан осы адалдығыңды сақтай біл.
Сәлеммен досың ...

1

Сөз орамдары мен сөйлемдерді мағынасына сәйкес қолданады.

1

Грамматикалық нормаларды сақтайды.

Барлығы

5







  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.


Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.



  1. Модерация және балл қою



Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет