Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Әдебиеттік оқу 3-сынып



бет8/20
Дата04.03.2022
өлшемі1.03 Mb.
#455957
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
әдеб 3 сын бжб тжб

Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.



  1. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Уақыт» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау



Сөйлеу әрекетінің түрлері

Тыңдалым және айтылым

Оқу мақсаты

3.1.3.1 Шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс- әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау
3.1.1.1 Шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру

Бағалау критерийі

Білім алушы

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

  1. тапсырма

Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.

Екі бала көше бойындағы бағанада ілініп тұрған сағаттың қасында әңгімелесіп тұр.



    • Жақшалы өрнек болғандықтан есепті шығара алмадым, - деді Нұрлан.

    • Ал мен көп таңбалы сандарды дұрыс есептей алмадым,- деді Ораз.

    • Ендеше екеулеп шығарып тастайық. Әлі уақытымыз бар ғой, - деді Нұрлан. Бұл кезде бағана басындағы сағат бір жарымды көрсетіп тұрған.

    • Әлі жарты сағат уақыт бар екен. Бұл уақытта ұшқыш жолаушыларды бір қаладан екінші қалаға жеткізе алады, - деді Ораз келіскенін білдіріп.

    • Ал менің капитан ағам жиырма минутта апатты кемедегі жолаушыларды қайыққа отырғызып үлгерген.

    • Жиырма минут дейсің бе? Кейде он минуттың өзінде біраз шаруа тындыруға болады. Тек әр минутты ескеру керек, - деді Ораз маңғазданып.

Осылайша балалар біраз қызықты оқиғаларды еске түсірді. Бір кезде Ораздың көзі сағатқа түсіп кетті. Тұп- тура екі болыпты.

    • Жүгірейік!- деді Ораз. – Біз сабаққа кешіктік!

    • Ал есеп ше? - деді Нұрлан сасқалақтап.

(В.А. Осеевадан аударылып, бейімделген)



      • Балалардың сабаққа кешігуіне не себеп болды?

      • Ораз уақыт туралы қандай ой айтты?

      • Балалар өз уақытын бағалай алды ма? Уақытты бағалау дегенді қалай түсінесің?




  1. тапсырма

Мәтіндегі оқиға қалай аяқталады деп ойлайсың? Мәтінді «уақытты бағалау керек» деген тұжырыммен сәйкестендіріп, жалғастырып айт.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет