Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Әдебиеттік оқу 3-сынып


Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар



бет11/20
Дата04.03.2022
өлшемі1.03 Mb.
#455957
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
әдеб 3 сын бжб тжб

Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

«Әдебиеттік оқу» оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында), Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).





    1. 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу



3.1 Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 16 балл
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.


1.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.


Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін. Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 3 тапсырмадан тұрады.
Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екіншісі – оқылым, үшінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы





Сөйлеу әрекетінің түрлері

Ортақ тақырып

Оқу мақсаты

Тапсырманың сипаттамасы

Тапсырма саны

Жалпы балл

1

Тыңдалым және айтылым

Уақыт Ғимараттар

3.1.1.1 Шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру
3.1.5.1 Өз ойы мен сезімін көркем- бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу

Білім алушы ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.

1


6


2

Оқылым

3.2.1.2 Шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу
3.2.2.1 Қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру

Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.

1

5

3

Жазылым

3.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру
3.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету

Білім алушы ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.

1


5




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет