«Жылу құбылыстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары
|
8.3.1.1 – молекула-кинетикалық теорияның негізгі
қағидаларын дәлелдейтін мысалдар келтіру және тәжірибені сипаттау
8.3.1.2 – температураның мәндерін әр түрлі шкала (Цельсий, Кельвин) бойынша өрнектеу
8.3.2.2 – жылу берілудің түрлерін салыстыру
8.3.2.5 – жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтау
8.3.2.7 – отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтау
|
Бағалау критерийлері
|
Білім алушы
Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын қолданады
Температураның мәндерін әр түрлі шкала (Цельсий, Кельвин) бойынша өрнектейді
Жылу алмасу процесі кезінде алған / берген жылу мөлшерін анықтайды
Жылу берілудің түрлерін салыстырады
Отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтайды
|
Ойлау дағдыларының деңгейлері
|
Қолдану
|
Орындау уақыты
|
25 минут
|
Тапсырма
Контейнерлерде бірдей газдың молекулалары берілген. Дөңгелекшелер газ молекулаларын, бағдаршалар газ молекулаларының қозғалыс бағытын және жылдамдығын сипаттайды. Ұзын бағдарша жоғары жылдамдықты сипаттайды.
Қай контейнердегі газдың тығыздығы жоғары және температурасы төмен?
[1]
Абсолют нөл температураның мәні қандай?
А) 273 °С
В) 100 °С
С) 0 °С
D) -273 °С
[1]
Массасы 5 кг мырыш бөлігін 100 ºС-қа қыздыру үшін 20 кДж энергия берілді. Мырыштың меншікті жылу сыйымдылығын анықтаңыз.
[2]
1 суретте энергияның суда тасымалдануын зерттейтін екі тәжірибе көрсетілген.
Cурет 1
Достарыңызбен бөлісу: |