Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар



бет10/25
Дата03.04.2023
өлшемі286.21 Kb.
#471655
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
Қазақ тілі 11-сынып БЖБ (ЖМБ)

















«Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция.
Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


1-нұсқа

Оқу мақсаты

11.1.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау;

11.4.2.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану.

Бағалау критерийі

Білім алушы




  • мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастырады.

  • Көтерілген мәселеге сыни тұрғыда баға береді.

  • сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданады.

Ойлау дағдысының деңгейлері

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут



1-тапсырма. Берілген мәтін бойынша көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастырыңыз.

Біз қалай десек те, бүгінде дарындылар дамыған елдерде өз білімін жалғастыруды жөн көреді. Дегенмен олардың саны елде қалып, отандық жоғарғы оқу ордаларында білім алып жүрген студенттерден көп емес. Бірақ ақылдылар үшін ашық таластың қазір нағыз қызған шағы десек те болады. Тегін оқу, жақсы шәкіртақы беріп қызықтыра алатын Еуропа еліне аңсары ауатын жастардың елден кетуіне де осы білімдегі жағдайлар да себеп. Мәселен, бүгінде аспан асты еліне құжат тапсырып, тілдік білімін дәлелдеген қазақ жастарының қарасы қалың. Себептің тағы бірі – елде жастарға арналған шынайы бағдарламалардың жоқтығы. Бұл әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Серік Бейсембаевтың пікірі.


«Миграция Қазақстан экономикасына орасан зор кері әсерін тигізіп жатқанын айта кету керек. Көп жағдайда білікті мамандардың орны бос қалады. Сәйкесінше, адами капитал сапасы төмендеуде. Бұл – Қазақстан сияқты дамушы мемлекет үшін жағымсыз дүние. Осы факторлар білім сапасының төмендеуіне, әлеуметтік қызмет көрсету, оның ішінде денсаулық сақтау саласының төмендеуіне әкеледі. Миграция әсерінен Қазақстанның экономикалық зардаптары туралы зерттеулер өкінішке қарай жоқ. Сондықтан мемлекет талантты, білімді жастарды қолдауға мән беруі қажет. «Жас кадрлар сыртқа кетпеуі үшін мемлекет не істей алады?» деген сұраққа жауап іздеу керек. Жас мамандарға бағытталған бағдарламалар, нақты іс-әрекеттер қажет-ақ».
1-сұрақ: .........................................................................................................
2-сұрақ: .............................................................................................................
3-сұрақ: ..........................................................................................................



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет