«Әлемді өзгерткен өнертабыстары. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
2-нұсқа
Оқу мақсаты
|
11.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтыру.
|
11.3.3.1 қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (аргументативті эссе).
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
|
| |
Ойлау дағдысының деңгейлері
|
Қолдану
|
Орындау уақыты
|
15-20 минут
|
1-тапсырма. Берілген мәтінді мұқият оқыңыз. Кестені толтырыңыз.
1-мәтін.
Қазақстандық инновациялық литий-иондық күкірт аккумуляторларды әзірлеушілер экологиялық және ұзақ уақытқа жарамды батареяларды жасаған, олар сырттан әкелген баламаларға қарағанда неғұрлым арзан және жұмыста тұрақты.
Семей мен Қызылордада бие сүтінен жасалған құрғақ қымыз шығаруға дайындық жүргізілуде. Бүгінгі таңда құрғақ бие сүтінен қымыз өндірудің бірнеше әдістері патенттелген.
Экспресс бесбармақты тез дайындалатын кеспеге бәсекелес ретінде Астана қаласының тұрғыны ойлап тапқан.
Таразда ғалымдар инновациялық конфеттерді ойлап шығарған, олар жай конфеттік массаға тарының талқанын қосуды ойлап тапқан. Қарағанды кондитер фабрикасы, тіпті, ұлттық дәмі бар конфеттің алғашқы партиясын дайындап оны «Таразские» деп атаған.
Жаңа өнертабыстардың жаңа шешім болуы міндетті емес. Кейбір кездерде құнды өнертабыстар бұрын жасалған өнертабыстардың жетілдірілген нұсқасы болып табылады. Статистика бойынша барлық өнертабыстардың 95-98%-ы осылай жасалады. Тек 2-5%-ы «алғашқы» деп аталатын өнертабыстар, яғни баламалары мен прототиптері жоқ өнертабыстар.
Деректерді сақтауға арналған сыртқы құрылғыларды жетілдіруді өнертабыстарды осындай жетілдірудің қазіргі заманғы мысалдары ретінде дискетаның компакт-дискіге (CD), одан соң флеш-картаға жетілдірілуін даму қадамдары ретінде айтуға болады.
Қазіргі заманда әлемде одан әрі экономикалық дамуды ынталандыру тұрғысынан үш өлшемді басып шығару, нанотехнологиялар және робототехника саласындағы алдыңғы қатардағы технологиялардың неғұрлым келешегі бар.
2015 жылғы Әлемдегі зияткерлік меншік жағдайы туралы ДЗМҰ баяндамасына сүйенсек, Жапония, АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания және Корея Республикасы сияқты дамыған елдердің үлесіне үш өлшемді басып шығару, нанотехнологиялар және робототехника саласындағы барлық патенттік өтінімдердің төрттен үш немесе одан да көп бөлігі жатады. Аталған елдердің жоғары өнертапқыштық белсенділігі оларға жоғары технологиялар нарығында көшбасшылық орынды сақтап тұруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |