Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар



Pdf көрінісі
бет27/40
Дата14.03.2024
өлшемі0.96 Mb.
#495520
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40
1-ЖБ Әдебиеттік оқу 3-сынып

№ 
Сөйлеу 
әрекетінің 
түрлері 
Ортақ тақырып 
Оқу мақсаты 
Тапсырманың
сипаттамасы 
Тапсырма 
саны 
Жалпы
балл 

Тыңдалым және 
айтылым 
Өнер 
Атақты тұлғалар 
3.1.2.1 Шығарманың мазмұнын 
бірлесе құрастырған жоспар 
бойынша немесе өз сөзімен толық, 
таңдауына қарай мазмұндау, 
сахналау 
Білім алушы ашық түрдегі 
қысқа және толық жауапты 
қажет ететін тапсырманы 
орындайды.



Оқылым 
3.2.1.2 Шығарманы іштей саналы 
түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, 
түртіп алып, қажетті ақпаратты 
тауып, белгі қойып, сын 
тұрғысынан бағалап оқу 
Білім алушы ашық түрдегі 
қысқа жауапты қажет ететін 
тапсырманы орындайды. 



Жазылым 
3.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған 
шығарманы логикалық бөліктерге 
бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар 
құру 
3.3.2.1 
Шығарма кейіпкеріне хат, 
ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту 
), өлең (төрт жолды), әңгіме 
(оқығаны, көргені бойынша) жазу 
Білім алушы ашық түрдегі 
қысқа жауапты қажет ететін 
тапсырманы орындайды. 


Барлығы 

16 
36 


4. 
Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі 
 
«Әдебиеттік оқу» пәнінен 3-тоқсанға арналған 
 
жиынтық бағалаудың тапсырмалары 
 
Тыңдалым және айтылым  
 
1. 
Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында. 
• 
Мәтін кім туралы? __________________________________________________ 
• 
Ол бала күнінде немен айналысатын? 2 дұрыс ақпаратты белгіле (). 
• 
Оған өнер әліппесін үйреткен кім? Белгіле (). 
• 
Берілген жоспарға сүйеніп, мәтіннің мазмұнын айт. 
Жоспар:
1) 
Әбілханның ермегі 
2) 
Ұстаның қолдауы 
3) 
Өнер жолының әліппесі 
[6] 
 
Әке-шешеден ерте айырылған Әбілхан тіршіліктің тауқыметін көп тартты. Қой 
соңында күндер өтті. Жұрттың баласы хат танып, сабақ оқығанда, мұның қолынан бар 
келгені – күйемен тас бетіне немесе сұқ саусағымен құмға сурет салу болды. Болмаса 
қашау, пышағын ала жүріп, тас пен ағаштан мүсін жасау.
Әбілханның ағаштан жасаған мүсіндерін көрген Түргенбай дейтін қарт ұста:

Мынауың біз білмеген өнер екен. Сурет салуға талабың бар екен. Оқуың керек 
шығар, балам, - деді.
Жетім бала өзі машықтанып жүрген ісіне тұңғыш рет қолдау естіді. Бір 
сыныптық білімі жоқ суретшінің өмір жолы осылай басталды. Талай-талай 
кедергілерге жолықты. Тек атақты суретші Н. Г. Хлудов өнер үйренуге талпынған 
бірінші қазақ жігітін қуана қарсы алды. Бос уақытында көркем сурет өнерінің әліппесін 
үйретті.
Түргенбай ұста 
Суретші Н.Г. Хлудов 
Тас пен құмға сурет салумен 
Тас пен ағаштан мүсін жасаумен 
Домбыра тартып, ән салумен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет