Бас бухгалтер _______________________________________
(аты-жөні)
_________________(қолы)
Орындаушы _____________________________________________
(аты-жөні, телефоны)
20 ____ жылғы "______"_____________
3-қосымшаны толтыру жөніндегі нұсқау
Осы қосымшада жобаларды Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру туралы есептік деректер көрсетіледі.
Осы қосымшаны толтыру мақсатында тікелей инвесторларға мыналар жатады:
бас компания;
бас компанияның шетелдегі құрылымдық бөлімшесі;
бас компанияның дауыс беретін акциялардың немесе қатысушылар даусының кемінде 10% (он пайызын) иеленген құрылтайшылары және/немесе акционерлері.
Тауарлар мен қызмет көрсетулер бойынша операциялар нақты ақы төлеу уақыты бойынша емес, олардың жүзеге асырылу мерзімі (тауарды нақты жеткізу, қызметті нақты көрсету) бойынша көрсетіледі. Бұл ретте тауарларды Қазақстан Республикасында ресімдеу күні, ал тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы орын ауыстыруы көзделмейтін және Қазақстан Республикасында тиісті кедендік ресімдеу талап етілмейтін шарттар бойынша тауарды шарттың талаптарына сәйкес өткізу күні тауар экспортының/импортының күні саналады. Орындалған қызмет көрсетулерді (жұмысты) қабылдау актісіне қол қойылған күн нақты қызмет көрсету (жұмысты орындау) күні болып табылады. Егер шартта орындалған қызмет көрсетулерді (жұмысты) қабылдау актісін көзделмесе, қызмет көрсетілген күн ретінде шот-фактураны ұсынған күнді санаған дұрыс.
Барлық операциялар мың АҚШ долларымен көрсетіледі. Шетел валютасындағы және теңгедегі өзге операциялар операция жасалған күнгі бухгалтерлік есепке алу мақсатында қабылданған валюта айырбастау бағамы ескеріле отырып АҚШ долларына аударылады.
1-бөлікте жобаларды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын тауарларды сатып алу туралы мәліметтер көрсетіледі.
2-бөлікте жобаларды жүзеге асыру шеңберінде қызмет көрсетудің (жұмыстың) орындалуы туралы мәліметтер көрсетіледі.
3-бөлікте жобаларды жүзеге асыру үшін сатып алынған қызмет көрсетулер (жұмыс) туралы мәліметтер көрсетіледі.
2 және 3-бөліктерде:
2-бағанда орындалған қызмет көрсетулерді (жұмысты) қабылдау актілеріне немесе шот-фактураларындағы төлем мақсатына сәйкес қызмет көрсетулер (жұмыс) бойынша жасалған операциялардың сипаты көрсетіледі.
3-бағанда көрсетілген қызмет көрсетулер (жұмыс) түрінің коды қызмет көрсетулердің жіктеуіне сәйкес қойылады (1-кесте).
4-бөлікте резиденттер мен резидент еместер қызметкерлерінің бір тоқсан үшін есептелген жалақысы көрсетіледі. Бұл ретте резидент қызметкерлерге Қазақстан Республикасының азаматтары, вахталық әдіспен жұмысқа тартылған шетелдік қызметкерлерді қоспағанда, бір жыл және одан көп мерзімге жұмысқа жалданған шетелдік қызметкерлер жатады. Резидент емес қызметкерлерге бір жылдан аз мерзімге жұмысқа қабылданған шетелдік қызметкерлер және вахталық әдіспен жұмысқа тартылған шетелдік қызметкерлер жатады.
5-бөліктің 120 және 130 жолдары бойынша филиалдың (өкілдіктің) жүзеге асырылатын жобалар бойынша, жобаның тапсырыс берушілері филиалдың (өкілдіктің) шетелдік және Қазақстан банктеріндегі шоттарын қоспағанда, бас компанияның шотына тікелей аударылған кірістері көрсетіледі.
1-кесте
Қызмет көрсетулерді жіктеу
№
|
Қызмет көрсетулер түрлері
|
Қызмет көрсету-лер түрінің коды
|
1.
|
Құрылыс қызмет көрсетулері құрылыс келісім-шарттарының ажырамас бөлігі болып табылатын, құрылыс учаскесін дайындау, объектілер салу, құрастырылмалы құрылғылар мен жабдықтарды құрастыру кіретін барлық тауарлар мен қызмет көрсетулерді қамтиды. Су ұңғыларын бұрғылау және салу және құрылыс және бұзу жабдығын оператордың жалдауы, құрылыс жөндеу жұмыстары сияқты басқа құрылыс қызмет көрсетулері кіреді.
|
200
|
2.
|
Қаржылық қызмет көрсетулерге қаржылық мәмілелер жөніндегі делдалдардың комиссиялық сыйақылары (кредиттер мен несиелер бойынша комиссиялық сыйақы, банктердің қызметтері және басқалары) және қаржылық консультациялар сияқты басқа қосалқы қаржылық қызмет көрсетулер кіреді. Депозиттер, кредиттер, несиелер және заемдар бойынша пайыздар қаржылық қызмет көрсетулерге кірмейді.
|
201
|
3.
|
Сақтандыру қызметтері сақтандыру компанияларының әртүрлі сақтандыру қызметін көрсету түрлерімен қамтамасыз етуді, сондай-ақ сақтандыру агенттерінің комиссиялары, сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі консультациялар сияқты сақтандыру жөніндегі қосымша қызмет көрсетуді қамтиды.
|
202
|
4.
|
Компьютерлік қызмет көрсетуге компьютер жабдығына және бағдарламалық қамтамасыз етуге байланысты қызмет көрсетулер және деректерді өңдеу жөніндегі қызмет көрсетулер кіреді. Компьютер жабдығы және бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша консультациялық қызмет көрсетулер, оларды орнату жөніндегі қызмет көрсетулер; компьютерлерді және сыртқы қондырғыларды ұстау мен жөндеу; жүйелерді талдау, дизайны және бағдарламалау; деректер базасын әзірлеу және сақтау; жекелеген пайдаланушылардың тапсырысы бойынша жасалған операциялық жүйелерді қоса алғанда тапсырыс берілген бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу; мазмұны және оқыту сияқты басқа ілеспе қызмет көрсетулер; деректерді өңдеу жөніндегі қызмет көрсетулер; компьютер жабдығын басқару кіреді. Тапсырыспен бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу әзірленген бағдарламалық қамтамасыз ету электрондық байланыс арналарымен (электрондық поштамен) жеткізілген жағдайда ғана компьютерлік қызмет көрсетулерде көрсетіледі.
Тапсырыс берушіге электрондық тасымалдауыштармен (дискеталармен немесе дискілермен) жеткізілген немесе компьютерлік жабдықтың бөлігі және мамандандырылмаған компьютерлік оқыту курстары ретіндегі оралған (тапсырыс бойынша емес) және тапсырыс берілген бағдарламалық қамтамасыз ету (жеке тұлғаларға қызмет көрсетулер) ұсынылмайды.
|
203
|
5.
|
Ақпараттық қызмет көрсетулерге бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жаңалықтар, фотографиялар және мақалалар беру, деректер базасының қызметтері, мерзімдік басылымдарға тікелей жазылу кіреді.
|
204
|
6.
|
Роялти және лицензиялық төлемдер – сауда маркаларын, фирмалық атауын, патенттерді, авторлық құқықты, технологиялық процестерді және басқа материалдық емес активтерді және меншік құқығын заңды пайдаланғаны, сондай-ақ лицензиялық келісімдер негізінде шығарылған түпнұсқалар мен прототиптерді компьютерлік бағдарламалар, кинематографиялық жұмыстар және дыбыс жазу сияқты)пайдаланғаны үшін төлемдер. Егер бағдарламалық өнім электрондық байланыс арналары жеткізілсе, лицензиялық келісімдер арқылы сатып алынған компьютерлік бағдарламаны пайдалану құқығы роялтиде және лицензиялық төлемдерде көрсетіледі.
|
205
|
7.
|
Операциялық лизинг – жабдықты қызметкерлерсіз жалдау, көлік құралдарын экипажсыз жалдау. Қаржы лизингі, телекоммуникациялық желілерді немесе қуат көздерін (телекоммуникациялық қызмет көрсетулер), көлік құралдарын экипажымен жалдау (жүк немесе жолаушылар тасымалдау) енгізілмейді.
|
206
| 8. | Жылжымайтын мүлікті жалдау – жер учаскелерін, үйлерді, ғимараттарды немесе басқа жылжымайтын мүлікті жалдау. |
207
|
9.
|
Тауарларды күрделі және ағымдағы жөндеу – құрылыс жөндеуді, компьютер жөндеуді және мұнай мен газ ұңғыларын жөндеуді қоспағанда кез келген тауарды жөндеу. Тауарларға техникалық қызмет көрсету сәулет, инженерлік және басқа да техникалық қызмет көрсетулерде көрсетіледі. Көлік кәсіпорындарының көлік құралдарына техникалық қызмет көрсетуі (мысалы, әуежайлардағы техникалық қызмет көрсету) қосалқы көлік қызмет көрсетулеріне жатады.
|
208
|
10.
|
Заң қызметін көрсету – заң кеңесі мен консультациялары; заң, сот және заң шығару процестерде қызмет көрсету; фирмаларға жедел көмек көрсету; заң құжаттамаларын дайындау; арбитраж қызметін көрсету және т.с.
|
209
|
11.
|
Бухгалтерлік, аудиторлық қызмет көрсету – бухгалтерлік есеп, есепшілік, аудит және салық салу қаржылық есептілік жасау бойынша консультациялық қызмет көрсету.
|
210
|
12.
|
Бизнес және басқару консультациясы бойынша қызмет көрсету – басқару саласындағы қызмет көрсетулер; жалпы басқару консультациялары, қаржы менеджементі, кадр менеджементі, өндіріс менеджементі және басқа басқару консультациялары; саясат және стратегия бизнесі мәселелеріндегі консультациялар, басшылық және жедел көмек; жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызмет көрсетулер. Құрылыс жобасын басқару (сәулет, инженерлік және басқа да техникалық қызмет көрсетулер) қосылмайды.
|
211
|
13.
|
Жарнама және нарық коньюнктурсын зерттеу саласындағы қызмет көрсетулер – жарнама агенттігі арқылы жарнама жобалау, жарнама жасау және маркетингі; жарнама уақытын сатып алу мен сатуды қоса алғанда бұқаралық ақпарат құралдарына жарнама орналастыру; көрсе және сауда жәрмеңкелерін ұйымдастыру; тауарды шетелде жарнамалау; маркетингтік зерттеулер; әртүрлі мәселелер бойынша қоғамдық пікір сұрау.
|
212
|
14.
|
Ғылыми-зерттеу жұмыстары және тәжірибе-конструкторлық әзірлеулер – түбегейлі зерттеулер, қолданбалы зерттеу, бұйымдар мен технологиялардың жаңа түрлерін тәжірибелік әзірлеулер; техникалық жаңа енгізілмелерді білдіретін операциялық жүйелерді әзірлеу.
|
213
|
15.
|
Сәулет, инженерлік және басқа да техникалық қызмет көрсетулер – сәулет және құрылыс жобаларын әзірлеу, құрылыс жобаларын басқару; геологиялық барлау және зерттеу, картография; метеорологиялық қызмет көрсетулер; сапаны тексеру және сертификаттау, техникалық сынау және талдау, техникалық бақылау; инженерлік консультациялар және қоршаған орта бойынша консультациялар. Кен өндіру инженериясы мұнда енгізілмейді, ал пайдалы қазбаларды өндіруге байланысты қызмет көрсетулерде көрсетіледі.
|
214
|
16.
|
Қалдықтарды қайта өңдеу және тазалау – радиоактивті және басқа қалдықтарды қайта өңдеу; ластанған топырақты және ағынды суды тазалау; мұнай қалдықтарын қоса алғанда ластануды тазалау; кен өндіру орындарын қалпына келтіру; тазалау және санитарлық қызмет көрсетулер. Сондай-ақ қоршаған ортаны тазалауға және қайта жаңғыртуға байланысты барлық қызмет көрсетулер кіреді.
|
215
|
17.
|
Пайдалы қазбаларды өндіруге байланысты қызмет көрсетулер – бұрғылауды, бұрғылау мұнараларды салуды, жөндеуді және бұзуды, мұнай және газ ұңғыларын цементтеуді қоса алғанда мұнай, газ және басқа пайдалы қазбаларды өндіруге байланысты қызмет көрсетулер; кен өндіру инженериясы.
|
216
|
18.
|
Кадрларды оқыту және даярлау – қызметкерлерді кәсіби оқыту және біліктілігін арттыру. Шет тілдерін оқыту, мектепте, ЖОО-да және басқа дерде оқыту үшін ақы төлеу (жеке тұлғаларға қызмет көрсету) қосылмайды.
|
217
|
19.
|
Медициналық қызмет көрсету – қызметкерлерге олардың кәсіби қызметтерін жүзеге асыруға байланысты медициналық қызмет көрсету. Емделу және санатория қызметі үшін ақы төлеу (жеке тұлғаларға қызмет көрсету) қосылмайды.
|
218
|
20.
|
Сыртқы сауда қызметтері – қаржы делдалдарының (қаржылық қызмет көрсетулерді) және көліктегі агенттердің (қосымша көлік қызмет көрсетулері) комиссияларын қоспағанда тауарлармен және қызмет көрсетулермен сыртқы сауда мәмілелері жөніндегі агенттердің комиссиялық сыйақысы.
|
219
|
21.
|
Басқа да қызмет көрсетулер – кадрлар іріктеу, күзет, ауызша және жазбаша аударма, фотографиялық қызмет көрсетулер, үй-жайларды жинау, тамақтануды ұйымдастыру, риэлтерлік қызмет көрсетулер және жоғарыда аталған қызмет көрсетулерге енгізілмеген басқа іскерлік қызмет көрсетулер.
|
220
|
22.
|
Жүк тасымалдау – көлік кәсіпорындарының экспорттық және импорттық жүктер тасымалдау жөніндегі қызмет көрсетулері.
|
221
|
23.
|
Жолаушы тасымалдау – көлік кәсіпорындарының жолаушыларды чартерлік рейстермен (билет сатып алмай) тасымалдау жөніндегі қызмет көрсетулері.
|
222
|
24.
|
Қосалқы көлік қызмет көрсетулері – тиеу-түсіру жұмыстары, сақтау және қоймаға салу, орау, көлік құралдарына қосалқы қызмет көрсету, сондай-ақ агенттердің жүк және жолаушы тасымалдауға байланысты комиссиялық сыйақылары кіреді. Қосалқы көлік қызмет көрсетулеріне тасымалдау (жүк немесе жолаушы тасымалдау) құны кірмейді.
|
223
|
25.
|
Байланыс қызметі – пошта қызметі, курьерлік қызмет көрсету және телекоммуникациялық қызмет көрсетулер кіреді. Телекоммуникациялық қызмет көрсетулер дыбысты, бейнені немесе басқа ақпаратты телефон, телетайп, телеграф, радио тарату, спутниктік байланыс, электрондық пошта, факс көмегімен өткізуді қамтиды. Іскерлік желілік қызмет көрсету, телеконференциялар және іслеспе қызмет көрсетулер кіреді. Оларға өткізілетін ақпараттың құны кірмейді. Сондай-ақ интернет және желіге кіру кіреді. Телефон желісін (құрылыс қызметтері), деректер базасының және компьютерлік қызмет көрсетулерімен байланысты кіру және деректер базасының ақпаратын пайдалану қызметтері кіреді.
|
224
|
26.
|
Жеке тұлғаларға қызмет көрсету және мәдениет және демалыс саласында қызмет көрсету – білім беру және сауықтыру қызмет көрсетулері, мәдени және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі қызмет көрсетулер, актерлер мен режиссерлердің қаламақылары және мәдениет және демалыс саласындағы басқа қызмет көрсетулер кіреді.
|
225
|
Достарыңызбен бөлісу: |