Жауабы:
2886 км
2-мысал: 8
0
с.е. (солтүстік ендік) пен 19
0
с.е. нүктелері аралығының жер
бетіндегі арақашықтығын тап.
Шешу жолы: 1-қадам: Берілген екі нүктенің градус бойынша айырмашылығын тауып
алу керек. Екі нүкте де солтүстік ендікте орналасқандықтан, 19 градустан 8
градусты азайтамыз, сол кезде екі нүктенің градус бойынша арақашықтығы
шығады, ол 11 градусқа тең.
2-ші қадам: Енді осы градустық арақашықтықты жер бетіндегі ара
қашықтыққа айналдыру үшін, 11 градусты 111 км-ге көбейтеміз. Осылайша, екі
нүктенің жер бетіндегі ара қашықтығы белгілі болады.
Жауабы:
1221 км
5 1-ші тарау бойынша есептер (шығарылу жолымен) 1) Ұзындығы 900 км болатын газ құбырының картада бейнеленген ұзындығы 45 см. Картаның масштабын тап. A) 1:2 000
B) 1:20 000
C) 1:200 000
D) 1:2 000 000
E) 1:20 000 000
2) Экватор бойында 12 0 б.б пен 4 0 ш.б. аралығының жер бетіндегі арақашықтығын тап. А) 888 км
В) 1221 км
С) 999 км
Д) 1776 км
Е) 2109 км
3) Екі ауылдың карта бетіндегі арақашықтығы 5 см, карта масштабы 1:500 000. Егер жаяу жүргіншінің жылдамдығы 5 км/сағ болса, бір ауылдан екінші ауылға қанша уақытта жетеді? A) 3 сағат
B) 4 сағат
C) 2 сағат
D) 5 сағат
E) 1 сағат
4) Нөлдік меридиан бойында 32 0 с.е. пен 14 0 с.е. аралығының жер бетіндегі арақашықтығы: А) 5106 км
В) 1998 км
С) 3552 км
Д) 2265 км
Е) 1221 км