Жыланкөзова аяла текесбайқызы


«Аграрлық оқу орындарының қызметі»



бет3/3
Дата13.06.2016
өлшемі0.51 Mb.
#133203
түріДиссертация
1   2   3

«Аграрлық оқу орындарының қызметі» атты үшінші тарауда Қазақстандағы аграрлық оқу орындарының ашылуы, олардың жергілікті халықтың әлеуметтік – экономикасына тигізетін қызметі ұзақ жылдар аралығында даму үрдісі талқыланған. Қазақстан аймақтарының табиғи ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі ғылыми негізделген ұсыныстар мен ұсынылымдарды өндіріске енгізу және әзірлеу негізінде халықты азық-түлік тағамдармен қамтамасыз етуде аграрлық білім маңызды қызмет атқарады.

Аграрлық жоғары оқу орындарында оқытылатын энергетика, гидравлика, радиотехника, электротехника, телемеханика және кибернетика саласында кеңінен электрификация және ғылым мен техниканың соңғы табыстары негізінде еңбекті механикаландырудың жоғары дәрежесінде ғана мүмкін болады. 1980 ж. 14 қаңтарында Шымкент қалалық және облыстық жергілікті басқарма Орталық Комитетке Шымкент қаласының табиғи климатты жермен айналысуға өте ыңғайлы, сондықтан бұл жерде Ауыл шаруашылық институтын ашуды ұйымдастыру жөнінде өтініш жолдаған. Орталық Комитеттен 1980 ж. 5 тамызында келген жауапта Қазақ ССР министрлер кеңесін, республиканың мемлекеттік жоспарлау және ауыл шаруашылық министрліктері Шымкент облысында Қазақ Ауылшаруашылық институтының филиалын ашуды құптағаны жөнінде айтылған [22].

1980-1981 жж. жаңа оқу жылында ауыл шаруашылық мамандарын даярлаудың сапасын арттыруда жүйелі басқарма кешені енгізілген, кейіннен бұл жүйе – жоғарғы оқу орындарының ішкі қадағалау басқармасы деп аталған.

1983 ж. Қазақ ССР-ның азық – түлік өндірісі, сауда, даярлау, көкөніс шаруашылық министрліктеріне жоғары білімді мамандарды Алматы филиалы Жамбыл жеңіл және азық-түлік өндірістік технологиялық институтымен даярланған. Егіншілікті дамытудағы аграрлық білім беру жүйесі ауыл шаруашылығының барлық салаларын өркендетуге және халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін шешуші маңызы бар – астық өндіруде атқаратын қызметі өте зор.

Ауыл шаруашылығы өндірісін тиімді мамандандыру дегеніміз – материал мен еңбек ресурстарын үнемдеу, шаруашылықтың даму қарқынын тездету, елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерінің байлығын жасау үшін барлық резервтер мен мүмкіндіктерді тиімді пайдалану болып табылады. Ауылшаруашылық жоғарғы оқу орындарындағы «Орман, жер және су ресурстары» факультеті 1948 жылдан бері жұмыс жасайды. «Су ресурстары және суды пайдалану», «Орман шаруашылығы ісі», «Мелиорация, жерді баптау және қорғау», «Жерге орналастыру», «Кадастр» мамандықтары бойынша табиғат байлықтарын игеру мамандары даярланады [23, 3-б.].

Мал шаруашылығы технологиясы факультетінде «Зоотехния-биология», «Аңшылық және аң шаруашылығы», «Балық шаруашылығы», «Биотехнология», «Азық-түлік тағамдары технологиясы», «Стандарттау», «Метрология және сертификаттау» мамандары даярланады.

Барлық ауыл шаруашылық оқу орындары мен арнайы курстары мемлекет тарапынан қаржыландырылып, Өлкелік Ағарту ісі комиссариатымен қадағаланған. Ауыл шаруашылық оқу орындары мен арнайы курстар өткізу Халық ағарту комиссариатының уәкілдерімен қадағаланған. Орта ауыл шаруашылық оқу орындары ауыл шаруашылығындағы инструктор мамандарын, ауыл шаруашылық жетекшілерін, коммуна және т.б. мамандарды даярлады.

Қазақ ССР жоғары және арнаулы орта білім министрлігімен 1983 ж. 25 наурызда 1977 ж. 13 қазанда Министрлер кеңесімен және Қазақстан Орталық компартиясының қабылдаған «О дальнейшем совершенствовании системы повышения квалификации руководящих работников и специалистов народного хозяйства» қаулысы негізінде республикада жүргізілген жұмыстардың барысы тексерілген. Аталған кезеңде халық шаруашылығындағы басқарма қызметкерлері мен мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстарымен 172 оқу орындары жұмыс жасаған. Онда 24 институт, 8 салалық институт филиалдары, 21 факультет, 88 курстық оқулар мен 31 мектеп болған. Оның 92 оқу орындары өндіріс саласының кәсіби мамандарын даярлаған. Республикада белгілі бір орта техникалық білімі бар мамандардың біліктілігін арттыруға арналған курс желілерінің тізбегі қалыптасқанымен, тікелей республика басқаруында аграрлық басқарма қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған институттар мен факультеттер болмаған. Қазақ ССР ет және сүт өнеркәсіп министрлігінде басқару орындарының ммандардың біліктілігін арттыру Кеңес Одағының ет және сүт өнеркәсіп министрлігі мен республикалық курстық оқу комбинатында жүзеге асырылған. Орман шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері 1977 ж. Орталық Комитеттің қаулысын орындауда 1980 ж. Орман шаруашылығы министрлігінің ұсынысымен Қазақ орман шаруашылығы және аграрлық орман мелиорациялық ғылыми-зерттеу институтының филиалын Көкшетау облысының Щучинск қаласында ашылған.

Қазақ Жер ғылыми-зерттеу институты, картоп және көкөніс шаруашлықтары, ВАСХНИЛ-дің шығыс бөліміндегі көкөніс және жүзім шаруашылықтары 1986 ж. ашылған және ол Қазақ ауылшаруашылық биотехнология орталығының құзырына берілген. Бұл ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми іздену жұмыстарының негізгі бағыттары «Индентификация – 90» ғылыми-техникалық бағдарламасының «Ауыл шаруашылығы» бөліміне енгізілген.

Мал тұқымдарын асылдандыру базалары ретінде мемлекеттік асыл тұқымды мал заводтары, асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын совхоздары, мемлекеттік мал тұқымын асылдандыру станциялары (Госплемстанция) құрылған.

Қазақстанның аграрлық жағдайын дамыту мақсатында «Ауыл шаруашылығын механикаландыру ғылыми-өндірістік орталығы» кәсіпорны Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институты, Целинный ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институты және Қазақ ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану және жөндеу технологиялық ғылыми-зерттеу институтының негізінде құрылған.

Қостанай жылқы зауытында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізінде Қостанай мініс-жегіс аты шығарылған. Ол Қазақстанның барлық облыстарында, Орал мен Сібірдің оңтүстігінде жақсы таралған.

Қарабалық ауыл шаруашылық тәжірибе стансасы өз қызметінің әр түрлі кезеңдерінде облыстық, аймақтық, сұрыптау стансасының қызметін атқарады.

«Егіншілік пен өсімдік шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» Қазақ егіншілік институты негізінде құрылып, қазіргі кезде оның екі мемлекеттік кәсіпорны бар. Олар «Өсімдік қорғау ҒЗИ және Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық ҒЗИ» және екі бөлімше (картоп және көкөніс шаруашылығы ҒЗИ және Талдықорған бөлімшесі) кіреді. «Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорны азық өндіру және жайылым, мал шаруашылығы, қой шаруашылығы, құс шаруашылығы ҒЗИ, ветеринарлық институт, мал шаруашылық және ветеринария Солтүстік ҒЗИ, И. Скрябин атындағы Жамбыл ҒЗ ветеринарлық стансасы, Қостанай ҒЗ ветеринарлық стансасы, Оңтүстік-Қазақстан ҒЗ ветеринарлық стансаларын қосу арқылы ұйымдастырылған.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес Астана және Алматы қалаларының жанынан аграрлық саланың ғылыми-өндірістік кластерлерін, өндірістік-тәжірибелік және бизнес инфрақұрылымын дамытумен байланысты агроқалашықтарды құру және дамыту көзделген [24]. «ҚазАгроИнновацияға» ғылыми-зерттеу тәжірибелік ұйымдарды, аграрлық білім беру ордаларын, болашақта отандық агроқалашықтарды басқару компаниясы қызметтері жүктелген.

1990 жылдың аяғында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен аграрлық зерттеулердің тиімділігін және азық-түлік мәселесін шешудегі ғылымның үлесін арттыру үшін Қазақстанның аграрлық – ғалымдарының ғасырлық дәстүрінің жалғастырушысы болған және ғылыми-зерттеу институттарының, тәжірибе – экспериментальды шаруашылықтарды, зауыттарды, конструкторлық бюроларды, тәжірибе стансаларының кең жүйесін біріктіретін, қазақ ауыл шаруашылық ғылымы академиясы қайта қалпына келтірілген.

Шекара арқылы өтетін өзендер жер – су ресурстарын пайдалануды оңтайлау және өзен ағынын моделдеу жұмыстары жасалған. Табиғат шаруашылық кешенінің экологиялық тұрақтылық бағалау көрсеткіші алынды. Суарылатын жүелерде маргиналды, жер асты және жер үсті суларын тиімді пайдалану технологиясы зерттелді.

Солтүстік Қазақстан мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми – зерттеу институтының кіші фермалық жағдайында бағалаудың жоғары стандартына сай келетін, өнімділік деңгейлі ірі ақ тұқымды шошқалар отары жасалған.

Қорыта келгенде 1917-1991 жж. колхоз, совхоз және басқа агрокәсіптік кешенді кәсіпорындар құрылып, мамандарға сураныс артты. Жоғары оқу орындары мен орта арнаулы ауыл шаруашылық, техникумдарда аграрлық мамандарды даярлау мәселесі мен олардың қоғамдық өндірісті дамытудағы рөлінің артуы. Ауыл шаруашылығы үшін мамандар даярлаудыжақсартуды талап еткен мемлекеттің, қоғамдық – саяси ұйымдарын ғылыми –техникалық және білімдермен қаруланған, озық ойлы уйымдастыру қабілеті бар, қойылған міндеттерді мемлекеттік турғыдан шеше алатын мамандар даярлады. Республиканың ауыл шаруашылығын қайта құру және өркендету бағытындағы аграрлық білім өз шегіне жетті. Өндіріс салаларын интенсивтендіру және мамандандыру материалдық базаларды нығайту, экономикалық жағынан басшылықты жақсарту мен қатар ауыл шаруашылықты жоспарлы түрде дамыту болып табылады.

Қорытынды бөлімінде диссертациялық жұмыстың мазмұнынан туындайтын ойлар жүйеленіп, жасалынған ой-тұжырымдары нақтыланады. ХХ ғасырдың 30-жылдарында халыққа білім беру саласында орасан зор жұмыстар іске асырылды. Ең бастысы, халық ағартудың біртұтас жүйесі құрылып, мектеп жасындағы балаларды оқуға тарту, жаппай сауатсыздықты жою жұмыстары жүргізілді. Ол үшін барлық жастағы жұртшылықты қамтыған сауатсыздықты жою курстары, кешкі мектептер ашылып, өз бетімен білім алу үйірмелері құрылды. Кеңес үкіметі тарихының барлық кезеңдерінде ауыл шаруашылығы қазақ интеллигенциясының өкілдері өмірінің ұйтқысы болды. Сондықтан аграрлық білім беру қызметінің маңызды бағыты – қоғамда белсенді ауыл шаруашылық мамандарын даярлау болып табылған.

1918-1928 жж. орта арнаулы білім беретін аграрлық техникумдардың қалыптасуы мен даму мәселесін зерттеудегі алғашқы ғылыми зерттеу жұмыс, мәселеге қатысты мұрағаттардағы құжаттарды жарыққа шығару, оларға ғылыми баға беру, оны ұлттық санасы оянып, ұлттық намысы қозып келе жатқан халқымыздың рухани қажетіне жарату – төл тарихымыздың алдында тұрған асқарлы міндет.



ХХ ғ. басында Қазақстандағы аграрлық арнаулы орта білім беретін оқу орындарының ашылуы елдің әлеуметтік-экономикасын дамытуға үлкен септігін тигізді. Орта арнаулы ауыл шаруашылық мамандары әсіресе, ауылдық жерлердегі мал шаруашылығымен айналысқан совхоздарға қажет болды. Ұжымдастыру жұмыстарын жүргізу кезінде отырықшылық жағдайдағы мал шаруашылығын күту, мал азығын дайындау жұмыстарын ұйымдастыруда көптеген қиыншылықтар кездесті. Мұнымен айналысатын ауыл шаруашылық мамандарының жетіспеушілігінен жергілікті жерлерде малдардың түрлі індеттік жұқпалы аурулардан қырылуы экономикаға айтарлықтай шығын әкелді. Әсіресе, ауылдық жерлердегі қазақ жастарын оқуға тарту мақсатында мемлекет тарапынан оларға жатақхана салып беру жұмыстарына қаражаттың уақытылы бөлінбеуі де кері әсер етті. Дегенменде, мемлекеттік оқу орындары басқармаларымен қабылданған осы кездегі реформалардың барлығы дерлік ауыл шаруашылық мамандарын даярлау ісін сапалы түрде жүргізуге бағытталып, іске асырылды.


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ


  1. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақ халқына жолдауы. - Алматы, 2005. – 19 б.

  2. Асфендияров С. История Казахстана. Алматы: Қазақ университеті, 1993. – 304 б.; Тынышбаев М. История казахского народа /учебное пособие. - Алматы: Санат, 1993. – 221б.

  3. Тәжібаев Т. Просвещение и школы Казахстана во второй половине ХІХ века. - Алматы: Мектеп, 1962. – 507 с.; Бендриков К. Очерки по истории народного образования в Туркестане. Москва: Изд-во АПН РСФСР, 1960. – 512 с.

  4. Елеуов Т. Қазақ ауылында совет өкіметінің орнауы және нығаюы (1917-1920 жж.) . – Алматы: Қазақстан, 1967. – 119 б

  5. Байғабылов Н.С. Ленинский декрет о земле и начало его осуществления //Великий Октябрь в Казахстане. - Алма-Ата: Наука, 1977. – С.204-207.

  6. Чупеков А.А. Первые мероприятия советской власти по решению аграрного вопроса в Казахстане (1920-1925 гг.). . Уч.зап. КазГУ. - Т. 48. - Серия история. - Вып. 7. - Алма-Ата, 1961. – С.113-120.

  7. Нурпеисов К.Н. Роль аульных и сельских советов Казахстана в регулирование многоукладной структуры и победе социалистических отношений в сельском хозяйстве республики // Региональные особенности экономической политики переходного периода в СССР. – М.: Наука, 1983. – С. 177-185.

  8. Семипалатинский Зоотехническо – ветеринарный институт. Семипалатинск, 2002. – 164 с.; Акмолинский Аграрный университет им. С. Сейфуллина (очерки истории, 1957-1997). - Акмола, 1997. – 167 с.; Казахстанский Государственный Агротехнический университет им. С. Сейфуллина: История и современность (1957-2007 гг.). - Астана, 2007. – 256 с.; Западно-Казахстанский Сельскохозяйственный институт, Западно – Казахстанский Аграрно – технический университет.  Уральск, 2003. – 130 с.

  9. Кудайбергенов А. За высокую культуру села. - Алматы, 1978. – 120 с.; Маданов Х. Деятельность КПСС по осуществлению ленинской аграрной политики в Казахстане /1946-1975 гг./. – Алматы, 1980. – 296 с.; Сүлейменов Б.С. Ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру тәжірибелері // ҚазҰУ хабаршысы. - Тарих сериясы.  2007. - №3 (46). – 120 б.

  10. Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдақтар ақиқаты. - Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 272 б.; Алдажуманов К.С. Коллективизация в Казахстане: трагедия крестьянства. - Алматы, 1992; Абылхожин Ж.Б. Традиционная структура Казахстана. - Алматы: Ғылым, 1991. – 240 б.; Қойгелдиев М., Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді ? Алматы: Ана тілі, 1993. – 208 б.

  11. Прімбетова А. Қазақстандағы заң оқу орындарының қалыптасуы мен даму тарихы (1920-1956 жж.): т.ғ.к. ... дисс.  Алматы, 1998. – 150 б.

  12. Мажитов С.Ф. Отечественная история и историческое образование: новые парадигмы // Отан тарихы. – 2003. - № 1. – С. 107-111.

  13. АОММ. 876-қ., 1-т., 1- іс, 1-6-пп.

  14. АОММ. 876-қ., 1-т., 2- іс, 105, 107-пп.

  15. АОММ. 876-қ., 1-т., 31-іс, 13-п.

  16. Отчет правительства Киргизской АССР V-му Всекиргизскому Съезду Советов. - Ак-Мечет.  Оренбург, 1925. – С.19, 20.

  17. ҚР ОММ. 30-қ., 2-т., 169-іс, 2, 18, 20, 192-пп.

  18. ҚР ОММ. 74-қ., 11-т., 2-іс, 11-п.

  19. ҚР ОММ. 74-қ., 14-т., 45-іс, 3-п.

  20. ҚР ОММ. 1987-қ., 1-т., 24-іс, 24-п.

  21. Семипалатинский зоотехническо-ветеринарный институт. 50 лет.  Семипалатинск, 2002. – 164 с.

  22. ҚР ПМ. 708-қ., 91-т., 51-іс, 7, 25-пп.

  23. Аграрлық университеті. 2008. - № 3-4.

  24. Елемесов К. Аграрлық ғылымның алар асуы алда // Егемен Қазақстан. 2007, 29 қаңтар.


ДИССЕРТАЦИЯ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН МАҚАЛАЛАР
1 Жетісу облысындағы И.А. Стебут атындағы Жетісу орта ауыл шаруашылық училищесінің ашылуы // «Отан және Әлем тарихы ХХІ ғасырда: Ғылыми парадигмалардың ортақтығы мен ерекшеліктері» атты Халықаралық Бекмаханов оқуларының ғылыми конференциясы. – Алматы, 2007 ж. 22-23 қараша. – Алматы: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2007. - 113-116 - бб.

2 1960-1970 жылдардағы Қазақстанда аграрлық ғылыми зерттеу институттарының құрылуы // «4-Сейфуллин оқулары» атты республикалық ғылыми - теоретикалық конфренциясы. – Астана, 2008 ж. -24-25 сәуір. - Астана: С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, 2008. - 45-49-бб.

3. 1928-1993 жылдары Қазақстанда ауыл шаруашылық мамандарын даярлаудың қалыптасу алғышарттары //«Түркілердің тарихи-мәдени мұралары: жаңалықтар, проблемалар, перспективалар» атты халықаралық ғылыми конференциясы. – Алматы, 2008 ж. 28 сәуір. – Алматы: Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті, 2008. - 60-63-бб.

4. Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ашылу тарихы // Ізденіс. - 2008. - №1. – 147-149 - бб.

5. Тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде ауылшаруашылық мамандарын даярлау // ҚазҰУ Хабаршысы. - 2008. - №1. - 147-149-бб.

6. Қазақстандағы аграрлық оқу орындарына арналған ережелер // Қазақ тарихы. - 2008. - №2. – 64-67-бб.



РЕЗЮМЕ
на автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата исторических наук по специальности 07.00.02 - Отечественная история (История Республики Казахстана)
ЖЫЛАНКОЗОВА АЯЛА ТЕКЕСБАЕВНА
История формирования и развития аграрного образования в Казахстане (1918-1990 гг.)
Актуальность проблемы. В течение последних двух десятилетий в нашей республике была проделана огромная работа в области аграрного образования. Несмотря на это, на данный момент исследований, содержащих разносторонний и качественный анализ состояния высшего аграрного образования в Казахстане в прошлом и настоящем, практически не существует, что делает настоящую проблему весьма актуальной. Становление и развитие высших сельскохозяйственных учебных заведений, а также перспективы совершенствования подготовки специалистов-аграриев недостаточно изучены в историко-педагогической литературе. Необходимость улучшения процесса подготовки сельскохозяйственных кадров на основе накопленного исторического опыта, вызвана новыми жизненными задачами, стоящими перед современной казахстанской исторической науки и аграрной сферой образования.

Цель и задачи исследования. Цель диссертационного исследования заключается в детальном комплексном компаративном исследовании процесса формирования и развития аграрной образовательной системы в Казахстане. Соискателем поставлены следующие задачи:

- доказать, что открытие в 1918-1936 гг. первых сельскохозяйственных техникумов, их учебная нагрузка и разработка планов послужили фундаментом для формирования отечественной системы аграрного образования;

- проанализировать предпосылки формирования аграрной образовательной системы, ее содержание, формы организации;

- осветить историю открытия и развития в Казахстане в 1929-1930 годы первых сельскохозяйственных высших учебных заведений, рассмотреть этапы их развития;

- выявить роль аграрных учебных заведений в восстановлении сельского хозяйства в послевоенный период;

- на основе архивных данных определить экономическое, социально-политическое и культурное значение аграрных учебных заведений и их опыт для развития республики в целом.



Научная новизна диссертационного исследования состоит в том, что впервые в отечественной исторической науке, на основе вводимых впервые в научный оборот неопубликованных архивных материалов, была совершена попытка по-новому рассмотреть периоды формирования и развития аграрной системы образования в Казахстане, которая является частью общей структуры истории образования. Новизна и значимость работы выражается также в следующем:

- история формирования и развития аграрной системы образования рассмотрена в новом свете, в соответствии с требованиями сегодняшнего дня;

- выявлена необходимость аграрной образовательной системы в разрешении социально-экономических противоречий в казахстанском обществе;

- история подготовки специалистов-аграриев впервые освещена комплексно, с учетом различных научных точек зрения;

- впервые систематизированы предпосылки создания и формирования аграрных высших учебных заведений.

Основные результаты исследования. В ходе исследования были достигнуты следующие результаты:

- с целью развития сельского хозяйства в Казахстане в начале XX века в городских центрах были открыты аграрные училища;

- согласно реформам местных исполнительных комитетов аграрным училищам был предоставлен статус техникумов, что значительно усилило качество образования;

- открытие, согласно принятому в 1928 году первому «пятилетнему плану», высших сельскохозяйственных учебных заведений и высших школ в период призванной разрешить социально-экономические трудности в Казахстане коллективизации, существенно повлияло на развитие экономики республики в целом;

- открытие Аграрного и Зооветеринарного институтов оказало весомую поддержку социально-экономическому и культурному развитию общества;

- казахстанские специалисты-аграрии оказали огромную помощь народу в трудные периоды, внесли значительный вклад в развитие различных сфер науки и образования, а также в воспитании у молодежи духа патриотизма;

- открытие в Казахстане сельскохозяйственных научно-исследовательских институтов послужило фундаментом для развития отечественной аграрной науки;

- благодаря казахстанской системе аграрного образования народ получил свободный доступ к образцам прогрессивной культуры.



Структура диссертации. Диссертационное исследование состоит из введения, трех глав, заключения и списка использованной литературы.





RESUME
of the thesis submitted for the scientific degree of candidate of historical sciences on specialty 07.00.02 – History of the Homeland

(History of the Republic of Kazakhstan)


ZHYLANKOZOVA AYALA TEKESBAEVNA
History of Forming and Development of Agrarian Education in Kazakhstan

(1918-1990)
Urgency of the research. During the last two decades in our Republic enormous work was done in area of agrarian education. In spite of it, now researches, containing the many-sided high-quality analysis of the state of higher agrarian education in Kazakhstan in the past and present, practically do not exist, that does the that problem very actual. Becoming and development of higher agricultural educational institutions, and also prospects of advance of preparation of specialists-agrarians are not enough studied in historical and pedagogical literature. The necessity of improvement of process of training of agricultural personnels, utillizing the accumulated historical experience is caused new vital tasks, standings before the modern Kazakhstan’s agrarian sphere of education.

Aim and problems of the research. The purpose of dissertation research consists in the detailed complex comparative research of process of forming and development of the agrarian educational system in Kazakhstan. An applicant is put the followings tasks:

- to prove that opening in 1918-1936 of first agricultural technical school, their educational loading and development of plans served foundation for forming of the domestic system of education;

- to analyse pre-conditions of forming of the agrarian educational system, its maintenance, forms of organization;

- to light up history of opening and development in Kazakhstan in 1929-1930 of the first agricultural higher educational institutions, to consider the periods of their development;

- to expose the role of agrarian educational institutions in renewal of agriculture in a post-war period;

- on the basis of the archived information to determine economic, socio-political and cultural value of agrarian educational establishments and their experience for development of republic on the whole.



The scientific novelty of dissertation research consists of that first in domestic historical science, on the basis of the new in a scientific turn unpublished archived materials, an attempt was accomplished on new to consider the periods of forming and development of the agrarian system of education in Kazakhstan, by being part of general structure of education. A novelty and meaningfulness of work is expressed also in the following:

- history of forming and development of the agrarian system of education is considered in the new light, in accordance with the requirements of today;

- the necessity of the agrarian educational system is exposed for resolution of socio-economic contradictions in Kazakhstan society;

- history of preparation of specialists-agrarians is first lighted up complex, taking into account the different scientific points of view;

- pre-conditions of forming of agrarian higher educational institutions are systematized.

The basic conclusions and positions, defending on defense. During the research the followings results were attained:

- with the purpose of development of agriculture in Kazakhstan at the beginning of XX age agrarian colleges were opened in city centers;

- in obedience to reforms of local executive committees to agrarian colleges status of technical school was given, that strengthened quality of education considerably;

- opening, in obedience to the first «five-year plan» accepted in 1928, higher agricultural educational institutions and in the period of called to settle socio-economic difficulties in Kazakhstan of collectivization of higher schools substantially influenced on development of economy of republic on the whole;

- opening of the Agrarian and Zooveterinary institutes rendered ponderable support socio-economic and cultural development of society;

- the Kazakhstan specialists-agrarians rendered an enormous help people in difficult periods, brought in a considerable contribution to development of different spheres of science and education, and also in education for the young people of public spirit;

- opening in Kazakhstan of agricultural research institutes served foundation for development of domestic agrarian science;

- due to the Kazakhstan system of agrarian education people were got by free access to the standards of progressive culture.



Structure of dissertation. Dissertation research consists of introduction, three chapters, conclusion and list of the utilized literature.














ЖЫЛАНКӨЗОВА АЯЛА ТЕКЕСБАЙҚЫЗЫ


Қазақстандағы аграрлық білімнің қалыптасуы мен даму тарихы

(1918-1991 жж.)
07.00.02- Отан тарихы

(Қазақстан Республикасының тарихы)


Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның



А В Т О Р Е Ф Е Р А Т Ы

21.08.2009ж. басуға қол қойылды. Пішімі 60х84 1/16.

«SvetoCopy» қағазы. Көлемі 1,5 п.л. Таралымы 100 дана.

Тапсырыс № 28.


«Тарих тағылымы» баспасы

050008, Алматы, қаласы, Жамбыл көшесі, 175 үй



Байланыс тел.: +7 (727) 277 53 49







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет