Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы мектеп
және педагогика (1946-1958 ж.ж)
Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Кеңес халқы көптен күткен жеңіс жолында барлық қиыншылықтардан мүдірмей өтті. Кеңес мектебінде тәрбиеленген көптеген біздің түлек. Ұлы Отан соғысы майданында ерлікпен, жанқиярлықпен күресіп, тылда ерен еңбектің үлгісін көрсете білді.
Соғыстан кейінгі жылдарда республика еңбекшілерінің алдында орасан зор міндеттер тұрды. Ең алдымен, тез арада соғыстың зардаптарын жою, халық шаруашылығы мен мәдениетімізді тез арадан қалпына келтіру, еліміздің экономикалық және мәдени дамуын қамтамасыз ету. Отанымыздың қорғаныс қуатын одан әрі нығайту. Бұл міндеттерді орындауда еліміздің зиялы кадрлары ерекше роль атқарды.
Ұлы Отан соғысында жауды жеңгеннен кейін кеңес халқы соғыстың халық шаруашылығына келтірген зиянын қайдан қалпына келтіруге ерекше өрлеу жағдайында жігерлене кірісті.
1946-1950 ж.ж арналған халық шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту туралы соғыстан кейінгі бесжылдық жоспарда соғыс кезінде қираған мектеп үйлерін тек ғана құрылыстар салу, мектептердің жүйелерін одан әрі дамыту, балаларды міндетті жетіжылдық оқытумен толық қамту үшін соған сәйкес жағдайлар жасау және орта мектептердің жоғары сыныптарында оқитындардың санын 31,8 млн.адамға жеткізу көзделді.
Соғыс жылдарында қиратылған мектептерді қалпына келтіру және жаңа мектеп үйлерін салуда, олар үшін оқу-шығармашылық жабдықтарын даярлауда мектептерді қамқорлыққа алған өндірістік мекемелер белсене қатысты, ал ауылдық жерлерде – кеңшарлар мен ұжымшарлар, сонымен қатар еңбекшілердің өкілдері мұғалімдер, мектеп оқушылар кеңінен қатыстырылды.
Осындай шараларды іске асырудың нәтижесінде 1949 ж.жалпыға бірдей міндетті жетіжылдық білім беруді барлық жерде енгізу үшін толықтай мүмкіншілігі жасалды. Партияның ХІХ съезі халық шаруашылығын дамытудың 1951-1955 жж. арналған бесжылдық жоспарында төмендегі міндеттерді қойды: жалпыға бірдей жетіжылдық білім беруден жалпыға бірдей орта білім беруге көшуді аяқтау (республика орталықтарында, республикаға, облыстық, өлкелік және ірі өндіріс орталықтарында). Өткен бесжылдықпен салыстырғанда съез қалалық және ауылдық мектептер үшін мектеп үйлерінің құрылысын 70 пайызға арттыруды белгіледі. Осының нәтижесінде бұл жылдары біршама жетіжылдық мектептердің жүйесі артты, сонымен қатар орта мектептердің әсіресе ауыл мектептерінің жүйесі өсті.
1955-56 оқу жылы ауылдық жерлерде еліміздің орта мектептерінің жалпы санының жартысынан астамы орналасты. 1959-1960 оқу жылы жалпы білім беретін мектептерде 33361 мың, ал 1964-1965 оқу жылында – 46700 мың адам оқыды. 1964 жылы сегіз жылдық мектепті 4 млн.адам бітірді, орта білім беретін мектепті – 1 млн 400 мың адам тамамдады. Соңғы 5 жылда 7 мыңнан астам жаңа сегізжылдық мектептер ашылды. Жалпыға бірдей міндетті білім беруді іске асыруда ерекше жетістіктерге қарамастан, ауылдық мектептердің әлі де көптеген мектеп жасындағы балалар оқытумен қамтылмаған.
Ұлы Отан соғысына дейінгі қалыптасқан халыққа білім беру жүйесі, оның ішінде жалпы білім беретін орта мектептің құрылысы соғыстан кейінгі жылдарда да ешқандай елеулі өзгеріссіз сақталды. Директивтік құжаттарда айтылғандай, мектептің жұмысында кейбір өмірмен, тәжірибемен байланыс болмады, оқытудың сөздік сипаты берік орын тепті.
Партияның ХІХ съезі өзінің шешімдерінде жалпы білім беретін политехникалық мектепті құрудың қажеттігін атап көрсетті, бірақ ол партияның ХХ съезінде де күн тәртібіне қойылғанмен, бұл шешімдер іске асырылмады. 1956-1960 жж.арналған халық шаруашылығын дамытудың жоспарында жалпы білім беретін мектепте политехникалық оқытуды одан әрі дамытудың міндеттері қойылды.
50-жылдары орта мектептің жоғары мынып оқушыларының саны біршама артты. Егер де 1950-1951 оқу жылында ҮІІІ-Х сыныптарда 2 млн.адам оқыса, 1955-56 оқу жылында олардың саны 6 млн.адамға жетті. Орта мектептердің санының өсуіне байланысты пән мұғалімдерінің қажеттілігі артты. Егер де 1950-51 оқу жылында олардың саны 1330 мың болса, ал 1958-59 оқу жылында олар 1813 мың адамға жетті.
50-жылдардың екінші жартысында, ХХ съезден кейін оның шешімдеріне сәйкес оқу орындарының жаңа түрлері мектеп-интернаттар ашылды, оларға негізінен жалғыз басты аналардың, еңбек және соғыс ардагерлерінің, сонымен қатар жанұясында бала тәрбиелеуге қажетті жағдайы жоқардың балалары қабылданды. Соғыстан кейінгі жылдарда мектептің өмірімен байланысына, оның ішінде мектептегі политехникалық оқытуға ерекше мән берілді. Мәселен, 1954-55 оқу жылынан бастап, РСФСР мектептерінде оқу жоспарына төмендегі пәндер енгізілді: І-ІҮ сыныптарда – еңбек, Ү-ҮІІ сыныптарда – шеберханадағы және оқу-тәжірибе алаңдарындағы практикалық сабақтар, ҮІІІ-Х сыныптарда машинатану, электротехника және ауыл шаруашылығынан практикумдар. Осындай пәндер одақтас республикалардың мектеп бағдарламаларына да енгізілді. Оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбекке баулудың өте қажетті түрлерінің бірі оқушылардың өндірістік бригадаларын ұйымдастыру болып табылады. Алғашқы рет осындай бригадалар 1955 ж. Ставрополь өлкесінде ұйымдасты, ал содан кейін басқа облыстар мен республикада кең өріс алды.
40-жылдардың аяғы мен 50-жылдардың бас кезінде педагогика ғылымы мектептің оқу-тәрбие жұмысының идеялық-саяси деңгейін арттыру мәселелерін зерттеуге және практикалық іс-әрекетке оқушыларды даярлауға ерекше мән берді. Бұл кезеңде педагогика теориясы мен тарихынан монографиялар мен оқулықтар жарық көрді: Н.К.Гончаровтың "Педагогика негіздері” (1947), И.А.Кайровтың педагогикалық институттар мен универсиеттерге арналған "Педагогика” оқулықтар (1948), И.Т.Огородников пен П.Н.Шимбиревтің "Педагогика” оқулығы (1950), Б.П.Есипов пен Н.К.Гончаровтың педагогикалық училищелерге арналған "Педагогика” оқулығы (1950).
Партияның ХХ съезі (1956) педагогика ғылымының алдына көптеген жаңа өзекті мәселелерді қойды және мектептің оқу-тәрбие жұмысының деңгейін арттыру, политехникалық білім беруді дамыту, мектептің өмірден алшақтығын жоюдың қажеттігін атап көрсетті.
Осыған байланысты Педагогикалық ғылымдар академиясының және педагогикалық институттардың педагогикалық кафедрасының ғылыми бағыты мектептердің өзекті мәселелерін зерттеуге біріктірілді: орта мектептегі жалпы және политехникалық білім беруді оқытуды ұйымдастыру және әдістері, мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ғылыми негіздері, балалардың жас және дара ерекшеліктерін ғылыми жаратылыстану және психологиялық тұрғыдан зерттеу. 50-жылдардың аяғында мектептегі білім берудің мазмұнын жетілдірудің жолдарын теориялық және экспериментальдық ізденістер басталды. Осыған байланысты жан-жақты мәселелер зерттелді: білім берудің мазмұнының, ғылымның, техниканың және мәдениеттің деңгейі мен сипатына тәуелділігі, жас өспірімдерді тәрбиелеу мен білім беруге қойылатын жаңа талаптар; оқушылардың оқытудың әртүрлі тәрбие жұмысының бағдарламаларын құрудың қағидалары және т.б.
Педагог-теоретиктер 7-10 жастағы балалардың бастауыш мектепте оқыту үрдісінде жалпы дамуының мәселелері зерттелді.
Профессор Л.В.Занковтың басшылығымен "Оқыту және даму” атты өте күрделі және болашағы зор мәселе бастап зерттеліне бастады, сонымен қатар орыс тілі және арифметиканы оқыту мәселелері, алты жасар балалардың сауат ашу, санау, жазу дағдыларын қалыптастыруда тәжірибе жұмыстары жүргізілді.
Қарастырып отырылған кезеңде педагогика тарихынан зерттеу жұмыстары кеңінен жүргізіле бастады. Оның нәтижесінде педагогикалық институттарға арналған "Педагогика тарихы” (1955) оқу құралы жарық көрді. Сонымен қатар Е.Н.Медынскийдің "Украина мен Белоруссиядағы ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Туысқан мектептері” (1954), Н.А.Константинов және В.Я.Струминскийдің "Ресейдегі бастауыш білім берудің тарихы очерктері” (1949), М.Ф.Шабаеваның "Орыс прогрессивті – демократиялық, педагогикасының қалыптасу тарихынан” (1951), Н.А.Константинов және Е.Н.Медынскийдің "РСФСР кеңес мектебі тарихының очерктері” (1948) және т.б.
Аса көрнекті орыс педагогтары К.Д.Ушинскийдің, Д.Д.Семеновтың, В.Я.Стоюниннің, В.И.Водовозовтың, Н.И.Пироговтың, Л.Н.Толстойдың, П.Ф.Лесгафтының еңбектері кеңестік тарихи-педагогика ғылымын байытты.
Достарыңызбен бөлісу: |