Білім беру мазмұнын жетілдіру мен оқытудың белсенді әдістерінің дамуы.
Ұлы Отан соғысынан кейін жалпыға бірдей міндетті жетіжылдықты іске асыру, ал одан кейінсегізжылдық білімді және орта мектептердің жүйесін дамыту шараларымен қатар жалпы білім берудің берудің мазмұнын жетілдіру жұмыстары жүргізілді.
Соғыстан кейінгі жылдарда партия идеология мәселелер бойынша қаулылар қабылдады. Идеологиялық майданда 1946 жылғы тамыздың 14-сіндегі "Звезда” және "Ленинград” журналдары туралы қаулысы ерекше дәріптеліп, бүкіл еліміз оқу орындары мен мектептерінде өз жұмыстарын қайта құруда "бағдарламалық құжат” ретінде ұсынылды.
Қоғамдық ғылымдар сталиндік дәуірде жаппай орын алған партия комитеттерінің қатаң қадағалауы жағдайында дамыды. Еліміздің жоғары оқу орындары мен мектептері идеология саласындағы жұмысын аталған қаулысының бағытында ғана жүргізілетін болды. Мектептердің бүкіл оқу-тәрбие жұмысының негізіне бұл тікелей нұсқау беріп, міндетті орындау аталып өтілді. Қаулы мәдениет, өнер, ғылым салаларымен қатар ағарту ісіне де өрескел нұсқан келтірді. Себебі оқу орындарының, мектептердің оқу-тәрбие ісін орынсыз осы құжаттың міндеттерін мүлтіксіз орындауға бағындырды.
Бүгінгі күні бұл идеология мәселелері туралы қаулыларға баға бергенде осы кезеңе орын алған кемшіліктерді ескере отырып, тарихқа жаңа көзқарас тұрғысынан баға беруіміз керек.
1956 жылы Педагогика ғылымдарының акадеимясы мен РСФСР оқу министрлігі экспериментальдық оқу жоспарын жасады және 1956-1957 оқу жылынан бастап, Ресей Федерациясының 500 тарта мектептерінде оны тәжірибелік байқауға кірісті. Тәжірибелік мектептерде оқу-өндірістік шеберханалар, машинатану және электротехника кабинеттері ұйымдасты.
1959 жылы 29 тамызда бекітілген оқу жоспарлары мен бағдарламалардың кейінгі өзгертулерінде тәжірибе жұмысының материалдары қолданылды. Осы жоспар бойынша сегізжылдық мектепте жалпы білім беретін және политехникалық пәндерге жетіжылдық мектепте берілген 6256 сағаттың орнына 7296 сағат берілді. Барлығы еңбек сабағына сегізжылдық мектепте 1315 сағат бөлінді. Сурет сабақтары Ү-ҮІІ сыныптарда енгізілді, ал аз және ән-күй сегізжылдықтың барлық сыныптарында. Дене тәрбиесіне 566 сағат берілді.
Бұл оқу жоспарында әр циклдердің арасында сағаттар төмендегіше бөлінді: гуманитарлық пәндерге барлық оқу уақытының 39,5 пайызы (оның ішінде орыс тілінде – 25,3 пайыз); жаратылыстану-математикалық – 32,5 пайыз; еңбек сабағы және қоғамдық пайдалы жұмыс – 15,3 пайыз; сурет, саз және ән-күй – 6,2 пайыз, дене тәрбиесі – 6,5 пайыз.
1959 жылғы бағдарламаның негізгі ерекшелігі практикалық бағыттылығында, мектептің өмірімен, еңбекпен, оқушылардың қоғамдық пайдалы жұмысымен берік байланысында болып есептеледі.
50-жылдардың аяғы мен 60-жылдардың бас кезінде жалпы білім беретін мектептің оқу жоспары мен бағдарламасын тиімді жасаудың белсенді ізденістері байқалды. РФСР педагогикалық ғылымдар академиясы (жетекшілер Л.Б.Занков және Д.Б.Эльконин) ғылыми қызметкерлерінің ұжымдары жүргізген теориялық зерттеулер мен экспериментальдық жұмыстар бастауыш оқыту жүйесінде оқу уақытының біршама резервінің барлығын және бастауыш мектепте білім берудің мазмұнының ғылыми деңгейін арттырудың қажеттілігін негіздеді. 1959-1960 оқу жылы енгізілген осы идеялардың негізінде құрылған бастауыш сыныптардың бағдарламалары мектепті дамыта оқытуға бағыттайды, оқушылардың оқу еңбегінің белсенді әдістеріне ерекше мән беріледі (бақылаулар, практикалық сабақтар, экскурсиялар және т.б).
Жалпы орта білім берудің мазмұнын және оның теориялық негіздері жетілдірудің мәселелерін шешуде, жалпы, политехникалық және кәсіби білім берудің арақатынасының мәселелерін шешуде "Мектептің өмірімен берік байланысы және СССР-да халыққа білім беру жүйесін одан әрі дамыту туралы заң” (1958) көптеген жаңалықтар енгізді.
Орта мектептің барлық сыныптары үшін жаңа бағдарламалар жасау 50-60 жж. барлық одақтас республикаларда жүргізілген психологиялық-педагогикалы, дидактикалық және жеке әдістемелік зерттеулермен даярланған болатын-ды.
«Мектептің өмірмен байланысын нығайту және халыққа білім беру жүйесін одан әрі қарай өркендету туралы» Заңның (1958 ж.) іс жүзіне асыра отырып, Қазақстанның мұғалімдері жаңа адамды қалыптастырудың шешуші жағдайына байланысты еңбек процесінде оқушыларды тәрбиелеуге бағытталған нақты шараларды жүзеге асырды. Негізгі шаралардың қатарында әртүрлі үйірмелер ұйымдастыру, байқау, олимпиада, слет, т.б. өткізу, өндіріспен жақын қатынас орнату болды. Орта мектептің көптеген түлектері патриоттық сезімнің күшімен ұжымшарларға, кеңшарларға, құрылысқа, өнеркәсіп кәсіпорындарына жұмысқа барды.
50-інші жылдардың аяғында басталған жалпыға міндетті сегіз жылдық білімге көшу 1962-1963 жылдары аяқталды. Ал ендігі кезекте жаңа үлкен және маңызды міндет — алдағы онжылдықта мектеп жасындағы барлық балаларға жалпы орта және политехникалық білім беруді жүзеге асыру, халық шаруашылығында еңбек ететін, тиісті білімі жоқ жастардың бір бөлігі үшін 8-інші сынып көлемінде білім беру еді.
Қазақстанның еңбекшілері осы уақытқа дейін сегізжылдық жалпыға міндетті оқу туралы занды жүзеге асыруда белгілі деңгейде табыстарға жетті. 1960-1961 оқу жылының басында республиканың түгел аумағында барлық типтегі жалпы мөлшері 1814279 адам көлемінде 10363 мектеп жұмыс істеді. Оның ішінде Ағарту министрлігі мектептерінің саны — 9017. Олардың санатында бастауыш — 4823, жетіжылдық — 2693, сегізжылдық -284, орта онжылдық — 715, І-ІХ сынып құрамында орта өндірістік оқу — 413 мектепті қамтыды.
1960-1970 жылдары халыққа білім беру саласындағы аса маңызды міндеттер республикада жалпыға міндетті орта білімді жүзеге асыру, мектепте білімнің жаңа мазмұнға көшуі оқу процесін және оқушылардың тәрбиесін жетілдіру деп танылды.
Жалпыға бірдей міндетті орта білімге кірісу процесі бірнеше кезеңде жүзеге асырылды. Мысалы, 1966 жылы 10 қарашада үкімет «Орта жалпы білім беретін мектептерді одан әрі қарай жақсарту шаралары туралы» қаулы қабылдады. Онда жалпы білім беретін мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту бойынша ғимарат құрылысы, жаңа оқулықтарды өңдеу және шығару, мектеп кабинеттері мен шеберханалары үшін құрал-жабдықтар, қажетті спорт жабдықтары және т.б. жоғары жастағы оқушыларды орта біліммен қамтамасыз етіп мектеп жүйесін енгізу бойынша шаралар айқындалды.
Сондай-ақ сегізжылдық міндетті мектепті бітірушілер өз тілегімен білімін кәсіби-техникалық және орта арнаулы білім жүйесінде жалғастыруы назарға алынып, толық орта арнаулы білім беретін оқу орындары нақтыланды. Кейбір мектептердің жоғарғы сыныптарында дифференциалды оқыту енгізілді. Мектептің сәйкестендірілген бөлімдерінде кейбір физика, математика (кейінірек химия), биология, гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқыту жүзеге асырылды.
Жалпыға бірдей сегізжылдық, ал кейінірек онжылдық білім беруді жер-жерде жүзеге асыра отырып, республикада оқуға ауыл жастарын кеңірек тартудың қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Осы мақсатпен жаңа кешкі мектептер ашылды, ауылдық жерлердегі аяқталған сегізжылдық білімі жоқ 16 мен 30 жас аралығындағы жастарға тиянақты сабақ жүргізілді. Көптеген ұжымшарлар мен кеңшарларда кеңес беретін пунктер мен сырттай оқитын мектептер ашылды.
1963 жылы тамызда Қазақстан комсомолы халыққа білім беру органдарымен бірігіп рейд жүргізді. Онда мектеп жасындағы балалардың жалпыға бірдей міндетті білім алуға қамтылудың барысы, жалпыға міндетті білім қоры жүмсаған шығынының дұрыстығы, мектептер мен интернаттарда балаларды қабылдауға әзірліктің барысы тексерілді. Жергілікті жерлерде ұйымның дер кезінде жеткізілуіне шаралар қабылданды. Рейд кезінде барлық балаларды білім берумен қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді. Рейдттің жүргізілуіне орай көптеген балалар оқуларын жалғастыру үшін мектептерге қайта оралды.
1964 жылы республика мектептерінде оқушылардың саны өсті, бұрынғысынша оқушыларға білім беру мен еңбек тәрбиесін жақсарту бойынша қыруар жұмыс жүргізілді, оқушылардың саяси-идеялық, құлықтық дене тәрбиесіне көңіл бөліне бастады.
1960 жылы Қазақстанда мектеп-интернаттардың кеңінен дамуы өріс алды. Қалада 86, ауылдық жерлерде 65 мектеп-интернат орналасты. Оларда 23875 қазақ балалары, оның ішінде 10234 қыз білім алды. Мектеп жұмысындағы өзгертулерге байланысты 1970 жылы орта жалпы білім беретін мектептердің жаңа Жарғысы қабылданды. Бұл мемлекеттік құжаттық негізінде сегізжылдық мектепті бітірушілер білім алуды, жалпы білім беретін толық орта (онжылдық мектептің ІХ-Х сыныптары), орта арнаулы оқу орындары — техникумдарда (3-4 жылдық оқу), орта кәсіби-техникалық училищелерде ПТУ (3-4жыл), сондай-ақ жұмысшы және ауыл жастары мектептерінде (ІХ-ХІ сыныптар) жалғастыра алатын болды. Бұл оқу орындарының барлығы толық, орта білім мен кәмелеттік аттестатты береді.
«Мектептің өмірмен байланысын нығайту және халыққа білім беру жүйесін одан әрі қарай өркендету туралы» Заңның (1958 ж.) іс жүзіне асыра отырып, Қазақстанның мұғалімдері жаңа адамды қалыптастырудың шешуші жағдайына байланысты еңбек процесінде оқушыларды тәрбиелеуге бағытталған нақты шараларды жүзеге асырды. Негізгі шаралардың қатарында әртүрлі үйірмелер ұйымдастыру, байқау, олимпиада, слет, т.б. өткізу, өндіріспен жақын қатынас орнату болды. Орта мектептің көптеген түлектері патриоттық сезімнің күшімен ұжымшарларға, кеңшарларға, құрылысқа, өнеркәсіп кәсіпорындарына жұмысқа барды.
50-інші жылдардың аяғында басталған жалпыға міндетті сегіз жылдық білімге көшу 1962-1963 жылдары аяқталды. Ал ендігі кезекте жаңа үлкен және маңызды міндет — алдағы онжылдықта мектеп жасындағы барлық балаларға жалпы орта және политехникалық білім беруді жүзеге асыру, халық шаруашылығында еңбек ететін, тиісті білімі жоқ жастардың бір бөлігі үшін 8-інші сынып көлемінде білім беру еді.
Қазақстанның еңбекшілері осы уақытқа дейін сегізжылдық жалпыға міндетті оқу туралы занды жүзеге асыруда белгілі деңгейде табыстарға жетті. 1960-1961 оқу жылының басында республиканың түгел аумағында барлық типтегі жалпы мөлшері 1814279 адам көлемінде 10363 мектеп жұмыс істеді. Оның ішінде Ағарту министрлігі мектептерінің саны — 9017. Олардың санатында бастауыш — 4823, жетіжылдық — 2693, сегізжылдық -284, орта онжылдық — 715, І-ІХ сынып құрамында орта өндірістік оқу — 413 мектепті қамтыды.
1960-1970 жылдары халыққа білім беру саласындағы аса маңызды міндеттер республикада жалпыға міндетті орта білімді жүзеге асыру, мектепте білімнің жаңа мазмұнға көшуі оқу процесін және оқушылардың тәрбиесін жетілдіру деп танылды.
Жалпыға бірдей міндетті орта білімге кірісу процесі бірнеше кезеңде жүзеге асырылды. Мысалы, 1966 жылы 10 қарашада үкімет «Орта жалпы білім беретін мектептерді одан әрі қарай жақсарту шаралары туралы» қаулы қабылдады. Онда жалпы білім беретін мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту бойынша ғимарат құрылысы, жаңа оқулықтарды өңдеу және шығару, мектеп кабинеттері мен шеберханалары үшін құрал-жабдықтар, қажетті спорт жабдықтары және т.б. жоғары жастағы оқушыларды орта біліммен қамтамасыз етіп мектеп жүйесін енгізу бойынша шаралар айқындалды.
Сондай-ақ сегізжылдық міндетті мектепті бітірушілер өз тілегімен білімін кәсіби-техникалық және орта арнаулы білім жүйесінде жалғастыруы назарға алынып, толық орта арнаулы білім беретін оқу орындары нақтыланды. Кейбір мектептердің жоғарғы сыныптарында дифференциалды оқыту енгізілді. Мектептің сәйкестендірілген бөлімдерінде кейбір физика, математика (кейінірек химия), биология, гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқыту жүзеге асырылды.
Жалпыға бірдей сегізжылдық, ал кейінірек онжылдық білім беруді жер-жерде жүзеге асыра отырып, республикада оқуға ауыл жастарын кеңірек тартудың қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Осы мақсатпен жаңа кешкі мектептер ашылды, ауылдық жерлердегі аяқталған сегізжылдық білімі жоқ 16 мен 30 жас аралығындағы жастарға тиянақты сабақ жүргізілді. Көптеген ұжымшарлар мен кеңшарларда кеңес беретін пунктер мен сырттай оқитын мектептер ашылды.
1963 жылы тамызда Қазақстан комсомолы халыққа білім беру органдарымен бірігіп рейд жүргізді. Онда мектеп жасындағы балалардың жалпыға бірдей міндетті білім алуға қамтылудың барысы, жалпыға міндетті білім қоры жүмсаған шығынының дұрыстығы, мектептер мен интернаттарда балаларды қабылдауға әзірліктің барысы тексерілді. Жергілікті жерлерде ұйымның дер кезінде жеткізілуіне шаралар қабылданды. Рейд кезінде барлық балаларды білім берумен қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді. Рейдттің жүргізілуіне орай көптеген балалар оқуларын жалғастыру үшін мектептерге қайта оралды.
1964 жылы республика мектептерінде оқушылардың саны өсті, бұрынғысынша оқушыларға білім беру мен еңбек тәрбиесін жақсарту бойынша қыруар жұмыс жүргізілді, оқушылардың саяси-идеялық, құлықтық дене тәрбиесіне көңіл бөліне бастады.
1960 жылы Қазақстанда мектеп-интернаттардың кеңінен дамуы өріс алды. Қалада 86, ауылдық жерлерде 65 мектеп-интернат орналасты. Оларда 23875 қазақ балалары, оның ішінде 10234 қыз білім алды. Мектеп жұмысындағы өзгертулерге байланысты 1970 жылы орта жалпы білім беретін мектептердің жаңа Жарғысы қабылданды. Бұл мемлекеттік құжаттық негізінде сегізжылдық мектепті бітірушілер білім алуды, жалпы білім беретін толық орта (онжылдық мектептің ІХ-Х сыныптары), орта арнаулы оқу орындары — техникумдарда (3-4 жылдық оқу), орта кәсіби-техникалық училищелерде ПТУ (3-4жыл), сондай-ақ жұмысшы және ауыл жастары мектептерінде (ІХ-ХІ сыныптар) жалғастыра алатын болды. Бұл оқу орындарының барлығы толық, орта білім мен кәмелеттік аттестатты береді.
Жаңартылған бағдарламалар эксперимент түрінде байқап көру іске асырылды. Нәтижесінде жаңа оқу жоспары мен бағдарламалардың жобасын теориялық және экспериментальдық жаңарту дайындалды. Әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогресстің талаптарына сәйкес жалпы білім беретін мектепте оқытудың мазмұны мен әдістерін одан әрі жетілдірумен байланысты мәселелердің көлемі (жалпы және жеке) анықталды.
Төмендегі мәселелер ең негізгі мәнге ие болып табылады:
- мектепте оқыту үшін міндетті оқу материалын іріктеп алудың ғылыми-теориялық негіздерін жасау, жалпы дидактикалық сипатта екі мәселені шешумен байланысты: оқу пәндерінің және негізгі меңгеруге тиісті дәйектердің, ұғымдардың, заңдардың, теориялық анық логикалық құрылымын орнату;
- жалпы білім берудің, еңбек және политехникалық оқытудың және оқушыларды кәсіптік даярлаудың арақатынасы мен өзара байланысының ғылыми негізделеген шешімі;
- оқытудың дамытушылық сипатының күшейтілген жолдарын іздестіру және материалдық және формальдық білім берудің бірлігіне жету;
- оқушылардың оқу жұмысы мен еңбегінің тәрбиелік мәнін арттырудың тиімді шарттары мен тәсілдерін анықтау.
Үшжылдық бастауыш оқытуға көшу мәселелері өте күрделі және қарама-қайшылықты болып табылады. Бастауыш мектептің жаңа бағдарламаларға көшуді тиімді ұйымдастыру мәселесінің шешуші мәні болды.
Халық ағарту органдары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің жүргізген І-ІІІ сыныптардың жаңа бағдарламаға көшуді талдау бастауыш мектептің курсын оқытудың теориялық деңгейін арттыру тенденциясымен байланысты елеулі қиындықтарды анықтаған болатын-ды. Мұғалімдер бұл бағдарламаларды іске асыруға жеткіліксіз даярланған болды, теориялық материалды ашудың әдістемесін меңгермеді.
Бағдарламалардың негізгі кемшілігі, әсіресе бірінші сынып оқушыларының оқу жүктемелерінің ауырлығы болып табылады. Сөзсіз бастауыш оқытудың үшжылдық циклі қазіргі педагогиканың, психология және әдістеменің мәліметтеріне негізделді, кіші мектеп оқушыларының таным белсенділігі мен дербестігін дамытуда белгілі роль атқарды. Бастауыш және орта сыныптардың арасындағы сабақтастық үшін қолайлы алғышарттар жасалды. 70-жылдардың аяғында математикадан мектеп бағдарламасы қатты сынға алынды. Ондай сын тек ғана мұғалімдердің, педагог-әдіскерлердің тарапынан көп айтылып қойған жоқ, сонымен қатар белгілі ғалымдардың да тарапынан сынға ұшырады.
Оқушылардың таным қызметінің тиімділігін арттырудың, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін жетілдірудің теориялық негіздерінің бірі дамыта оқытудың тұжырымдамасы болып табылады.
Дамыта оқытуға көшу оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін қолданудың аясы кеңейе түседі, оқушылардың танымдық қызметінің белсенділігін арттырады.
60-жылдары дидактикаға психологтар негіздеген білімді кезеңмен қалыптастыру теориясы ерекше ықпал етті (П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, Д.Б.Эльконин және басқалар).
60-жылдардың бас кезінен бастап, оқушылардың оқытудағы белсенділігі мен дербестігін дамытуда проблемалық оқытудың ролі туралы мәселе ерекше қызығушылық туғызды. Проблемалық оқыту мәселелері көптеген дидактикалық және психологиялық зерттеулерде (И.Я.Лернер, А.М.Мартюшин, М.И.Махмутов, М.Н.Скаткин және т.б) оқушылардың таным қызметі мен оқыту әдістерінің ішкі мәнін түсінуде жан-жақты қарастырылды.
60-жылдардың бас кезінде сабақты одан әрі жетілдіруде алдыңғы қатарлы педагогтардың қозғалысы кең өріс алды. Бұл кезеңде педагог-практиктер мен ғалымдардың оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру саласында шығармашылық ізденістері біршама белсенділік танытты.
Липецкінің мұғалімдерінің тәжірибесіне қызығушылықтың себебі мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық белсенділігін тежейтін, оқыту үрдісінің тиімділігін арттырудың міндеттерін жемісті шешуді қиындататын сабақтың шаблондық сипатына қарсы бағытталған алдыңғы қатарлы педагогтардың қозғалысына жауап берді. Липецк облысының мұғалімдері екінші жылға қалуды болдырмауда ерекше табыстарға жетті.
Липецкінің мұғалімдерінің тәжірибесі мұғалімдердің шығармашылық ізденістеріне жаңа импульс берді. Сабақты жетілдіру мәселесіне Татарияның, Ростовтың және Новосибирскінің мұғалімдері ерекше үлес қосты. Тиімді сабақ үшін қозғалыс бүкілодақтық мәнге ие болды.60-жылдардың аяғына алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің әсерімен сабақтың құрылымында елеулі өзгерістер байқалды.
Қаралып отырған кезеңде білім, ғылым әдебиет саласында белгілі бір жетістіктерге қол жеткізілді. 1947 жылы БК(б)П Орталық Комитеті және кеңес үкіметі «Қазақ КСР-інде жоғары және орта білім беруді одан әрі дамыту шаралары туралы» қаулы қабылдап, республикада мектептер мен басқа да оқу орындарын салуға олардың материалдық-техникалық базаларын нығайтуға қосымша қаржы бөлініп, Қазақстанға кәсіби дәрежесі жоғары кадрлар жіберілді. Ағарту саласына бөлінетін қаржы көбейтілді. Егер бұл мақсатқа 1946 жылы 85,6 млн. сом бөлінсе, ал 1950 жылы 146,5 млн. сомға жетті. 1953 жылы республиканың мектептері мен интернаттарында малшылардың 40 мың баласы оқыды, сонымен қатар алыс мал жайылым учаскелерінде 300 жеті жылдық мектеп ұйымдастырылды. 1950 жылы Қазақстанда 9088 жылпы білім беретін мектеп жұмыс істесе, онда 1млн. 439 мың оқушы оқыды. 1947 жылы Қазақ оқу-педагогикалық баспасы құрылды. 1951 жылдан бастап 1958 жылға дейін республикада 11 жаңа жоғары және 22 орта арнаулы оқу орындары ашылды. 1950-1959 жж. Қазақстанның жоғарғы оқу орындары мен техникумдары 63 060 жоғарғы білімді мамандарды және арнайы орта білімді 132 050 мамандарды даярлап шығарды.
1946 жылы шілдеде КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы негізінде Қазақ КСР-нің Ғылым академиясы құрылды. Академияның бірінші президенті болып көрнекті ғалым және талантты ұйымдастырушы Қ.И.Сәтпаев сайланды. 1950 жылдың аяғына таман ҚазКСР Ғылым академиясының жүйесінде 50 ғылыми-зерттеу мекемелері болды, оның ішінде 19 институт, 13 сектор, 2 мұражай, обсерватория, 3 ботаникалық бақша мен 8 ғылыми база болды. 1946-1949 жылдары ғылыми зерттеу мекемелері өндіріске енгізу үшін 900 ұсыныстар мен зерттеулер тапсырылды.
1947 жылы М.Әуезов өзінің «Абай» роман-эпопеясының екінші кітабын аяқтады, 1949 жылы оған КСРО мемлекеттік сыйлығының бірінші дәрежесі берілді. Сол кезде С.Мұқановтың «Сырдария», Ғ.Мұстафиннің «Миллионер», Ғ.Мүсіреповтың «Қазақ солдаты», Ғ.Слановтың «Кең дала», М.Иманжановтың «Алғашқы айлар» тәрізді қазақ әдебиетінің ірі туындылары жарық көрді. И.Шухов, Н.Анов, Д.Снегин, К.Хасанов тәрізді орыс және ұйғыр жазушылары өздерінің шығармашылығымен көзге түсті.
Соғыстан кейінгі жылдары зиялыларға қатысты саяси-қуғын сүргіннің жаңа кезеңі басталды. Әсіресе қоғамдық ғылымдар өте күрделі жағдайда дамыды. «Звезда» және «Ленинград» журналдары туралы БК(б)П қаулысы (14 тамыз 1946 ж.) оның одан әрі дамуына көп қиындық келтірді. Аталған қаулы бойынша Қазақстанның партия комитеттері де өз жұмыстарын жолға қоюға тиіс болды. Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің «Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателіктері туралы» арнайы қаулысымен Е.Ысмайылов, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, С.Мұқанов, Ә.Марғұлан ұлтшылдық пен оны «таратуға» қатысты деп айыпталды. Ленинград пен Мәскеуде «ленинградтық іс», «дәрігерлер ісі» қолдан жасалып, ал Қазақстанда «Бекмаханов ісі» пайда болды. Е.Бекмаханов жас та талантты ғалым болды, ол соғыс жылдары А.П.Кучкин, А.Н.Панкратова, Б.Д.Греков, Н.М.Дружинин және басқа белгілі тарихшылар енген ғалымдар ұжымының құрамында 1943 жылы жарық көрген «Қазақ КСР тарихы» еңбегін шығаруға қатысты. 1947 жылы Е.Бекмаханов «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» монографиясын дайындады. Ғалымның көзқарасын ұлтшыл, буржуазияшыл, саяси жағынан зиянды, партияның идеологиясына жат деп айыптады.
1952 жылы 4 желтоқсанда Е.Бекмаханов 25 жылға сотталып, тек Сталин қайтыс болғаннан кейін 1954 жылы көктемде Қазақстанға оралды.
Дегенмен соғыстың барлық ауыртпалықтары мен тапшылықтарын бастарынан өткізген бұқара халықтың санасында демократияға бет бұру қажеттігін түсіну барған сайын пісіп жетіле бастады. Осыған орай қоғам мен партиялақ-бұйрық беру тәсілінің арасындағы қайшылық нақты көрініс тапты. Ел басшыларының көпшілігі қоғамдағы қалыптасқан басқарудың әкімшіл жүйесін мінсіз деп түсінді. Міне, осындай күрделі жағдайда, әсіресе, қоғамдық ғылымдар саласы партия комитетттерінің қатаң бақылауына алынды. Мұның өзі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуына теріс ықпалын тигізіп, ауыр зардаптарға ұшыратты.
Қазақстанның мәдениеті, әдебиеті, ғылымның одан әрі дамуына ХХ ғ. 50-ші жылдардың басында өзінің шырқауына жеткен тоталитарлық социализм идеологиясы әсіресе кері әсерін тигізді.БК/б/П Орталық Комитетінің “Звезда” және “Лениград” журналдары туралы/1946 ж. 14 тамызды/ қаулысы кеңестік иделогогияда басқаша ойлайтын адамдарды қудалаудың жаңа науқанын ашып береді. Қазақстан партия комитеттері де өз жұмысын осы қаулының ағымына құрды. Республика Компартиясы Орталық Комитетінің 1947ж. Нарызында өткен пленум төменгі партия ұйымдарынан Қазақстан тарихын жазудағы, әдебиет пен өнердегі саяси кателер мен ұлтшылдық бұрмалауға қарсы большевиктік сынды кеңінен өрістетіп, БК/б/П Орталық Комитетінің идеологиялық мәселелер жөніндегі қаулыларын сөзсіз орындауды талап етті.Бұл кезде Орталық “ Лениградтық іс” , “ Дәрігерлердің ісі ” қолдан жасалып жатқан кезде, Қазақстанда “ Бекмахановтың ісі ” ұйымдастырылды. Ол іс бойынша Е. Бекмахановтың 1947 жылы шыққан “XIX ғасырдың 20-40 жж. Қазақстан ” деген монографиясында буржуазияшыл-ұлтшыл концепциялар дамытылған және оның саяси – идеалық зияны бар деп табылады. 1950 жылы 26- желтоқсанда “ Правда ” газеті “Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан жазылсын ”- деген мақаласында оның кітабын айыптады. Осыдан кейін тарих ғылымдардың докторы Е. Бекмаханов Ғылымы академиясынан шығарылды, ал 1952 жылы соттады. Тек Сталин өлгеннен кейін ғана Е. Бекмаханов айыптау жөніндегі іс қайта қаралып, қылмыс құрамы жоқ болғандықтан жабылып, 1954 жылы түрмеде басып шықты.
40 жылдардың аяғы – 50 жылдардың басында “ Бекмахановтың ісі ” жалғыз болмады. Республиканың көрнекті қоғамтану ғалымдарры А Жұбанов, Х Жұмалиев, Б. Сулейменов Е. Смайлов және т.б. нақақтан тағылған саяси айыптармен жазаланды. Ә. Әбішев, Қ. Аманжолов, Қ. Бекқожин, С. Бегалин және басқа белгілі ғалымдар мен жазушылар саяси және буржуазиялық –ұлтшылдық қателіктер жіберді деп дәлелсіз айыпталды. Қудалауға ұшырған Қазақ КСР Ғылым академиясының Презеденті Қ. Сәтпаев пен аса көрнекті жазушы әрі ғылым М. Әуезов Қазақстаннан Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. Космополиттер ( батыс мәдениетін дәріптеушілік ) деп айыпталған бірсыпыра ғылым биологтар да республиканың ғылыми мекемелері мен жоғары оқу орындарынан қуылды.
Сөйтіп, соғыстан кеінгі Қазақстанда пісіп- жетіліп келе жатқан қоғамдағы жаңа өзгерістер әміршіл-әкімшіл жұйенің қудалауымен тұншықтырылып тасталды.
Халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында республика жазушылары шығармашылығына басым көпшілігі Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналды. Ғ. Мүсіреповтың “ Қазақ солдаты” , Ә. Нүрпейісовтың “ Курляндия” сияқты соғыс тақырыбына жазылған еңбектерде қазақстандық жауынгерлердің жоғарғы адамгершілік қасиеті, жеңіс жолдағы куресте көрсеткен ерлігі баяндалды. Еңбек тақырыбына жазылған. С. Мұқанов “ Сырдария ”, Ғ. Мустафин нің “ Миллионер ”, Ғ. Слановитың “ Кең өріс ” сияқты туындалырында жұмысшы және колхозшы шаруалардың өмірі көрсетілді.
Осы жылдарда М. Әуезовтың “ Абай жолы”, С. Мұқановтың “ Шоқан Уәлиханов ” сияқты көптеген тарихи шығармалар жарық көрді. “ Абай ” қойылымы үшін Қазақ Академиялық драма театрының ұжылы КСРО мемлекеттік сылығын алды.
Музыка мәдениеті өрлеу жолына шықты. М. Төлебаевтің “ Біржан-Сара” , А. Жұманов пен Л. Хамидидің “ Абай”, Е. Брусиловскийдің “ Дудар-ай”, Қ Қожаримияровтың ұйғыр тіліндегі “ Назугуму” опералары сол жылдарда дүниеге келді. “ Біржан- Сара” операсына КСРО мемлекеттік сыйлығы берілді.
1946 жылы Қазақстан Ғылым академиясы құрылып, республикада ғылым мен ғылыми – зерттеу мекемелерінің дамуында елеулі рөл атқарады. Көптеген ғылыми кадрлар өсіп жетілді. Академия жүйесіндегі ғылыми институттар нығайып, кеңінен дами түсті. 1950 жылы Академия құрамында 50 ғылыми – зерттеу мекемесі, оның ішінде 19 институт, 13 бөлім, 2 музей, обсерватория, 3 ботаника бағы және 8 ғылыми базасы жұмыс істеді. Академиясының ғылыми-зерттеу институттарында 500-ге жуық аспираннттар оқыПетрапады. Соғыстан кейін жылдары Ақтөбе, Гурьев, Қарағанды, Қостанай, Петропавл, Шымкент, екі жылдық мұғалімдер институттар болып қайта құрылды.
Жалпыға бірдей жетіжылдық білімі беру туралы Заң одан әрі жүзеге асырылды. 1952 жылы Қазақстан жалпы білім беретін 9 мыңдай мектеп, 125 техникум мен арнаулы орта оқу орны жұмыс істеді, бұларда 1,5 млн. адам оқыды. Дегенмен мектептердің материялдық жағдайы онша болған жоқ. Олардың көшілігін ғимараттар болмады. Сондықтан оларға ғимарат салу, мектептердің ескірген, тозған үйлерінін жөндеуге халықтың, село мен қала еңбектерінің тапынан үкен көмк көрстілді. Сонымен бірге олар клуб, кітапханаларға да жәрдемдесетін. Кітап қорларын толықтыру үшін кітап, радиоқабылдағыш, т.б. мәдени құралдарды жинап берді.
Кеңес Одағының басқа республикалары сияқты Қазақстан да фашистік оккупациядан зардап шеккен аудандарға қолдан келген көмекті аямады. Республикада тұтастай азық-түлік керуендері жасақталды. Қазақстандықтар Сталинградтың, Ленинградтың, Солтүстік Кавказдың соғыстан зардап шеккен шаруашылықтарын қалпына келтіруге белсене қатысты. Тек 1945 жылдың өзінде Украинаға 500 трактор және басқа да ауыл шаруашылық машина, 140 паровоз, бірнеше жүздеген ауыл шаруашылық мамандары жіберілді
20-жылдардың соңы - 30-жылдардың басында басталған қуғын-сүргін соғыстан кейінгі кезенде де жалғастырылып, ол көптеген бұрынғы әскери тұтқындарды - Кеңес Армиясының солдаттары мен офицерлерін қамтыды. Көптеген «әшкерелеудің» ішінде «ленинградтық іс», «дәрігерлер ісі» т.с.с. істер болды.
Халықтарды күштеп қоныс аудару - біздің елдің өткен тарихының қайғылы беттерінің бірі. 40-жылдардағы депортацияға байланысты оқиғалар жөнінде ұзақ уақыт бойы еш нәрсе айтылмады.1937 жылы Қиыр Шығыстан Қазақстанға 95 903 корей жер аударылды.Корейлермен қатар күрдтер, ассириялықтар, ирандар және түріктер көшірілді.Барлық күштеп жер аударылған халықтардың арасындағы ірі ұлт- немістер болды.Халықтарды күштеп жер аудару Ұлы Отан соғысы жылдарында да жалғасын тапты.
1940-1950 жылдары да ұлт саясатын қудалау ісі жалғасты. Мұхтар Омарханұлы Әуезов, Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов, С. Мұқанов «Қазіргі тақырыпка пьеса жазбайтындар» ретінде саналды. Ө. Тәжібаевтың «Біз қазақпыз» атты шығармасы ескі хандар мен бай-шонжарлар өмірін мақтау, марапаттау деп сынға алынды. Белгілі композитор А. Жұбанов «феодалдық- байшылық дәстүрлерді асыра дәріптегені» үшін қатаң сынға ұшырады. Әсіресе 1947 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің «Қазақ КСР Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындагы саяси өрескел қателіктер туралы» қаулысы жарияланған соң ұлтшылдықты айыптау кеңінен қанат жаяды. 1947 жылы жарияланган «Қазақстан XIX ғасырдың 20-40-жылдарында» атты монографиялық зерттеудің авторы, талантты тарихшы ғалым Е. Бекмаханов жазықсыз қудаланып, 25 жылға сотталады.
И. Сталин қайтыс болғаннан кейін партиялық билікке талас басталды. JI. Берия, Г. Маленковтар жеңіліп, бар билік Н.С. Хрущевка көшті.
Жоспар:
1. Жоғарғы және орта білімді дамыту.
2. Әдебиет жаңа толықты. «Абай мектебі».
3. Қазақстан Ғылым академиясының ашылуы.
4. Қоғамдық ғылымдар қысым жасалды.
5. «Бекмаханов ісі» М. Елікбаевтың тағдыры.
6. «Космополит».
Қазақстанда соғыстан кейін өнеркәсіп орындарының көбеюі, ауыл шаруашылығының дамуы шеберлігі жоғары мамандарды талап етті. Осы міндеттерді шешу мақсатында 1947 жылы қарашада «Қазақ КСР-де жоғары және орта білімді бұрынғыдан әрі жетілдіру шаралары туралы» қаулы қабылдап, ол бойынша республикаға мектептер мен оқу орындарының құрылысына, оларды материалдық – техникалық базасын жабдықтауға қаржы бөлінді. Қазақстанға кәсіби мамандар жіберілді. 60 – мыңнан астам мамандар даярланды. Мектептерге мол қаржы бөлді. Егер 1946 жылы – 85,6 млн сом бөлінсе, 1950 жылы – 146,5 млн сом бөлінді. Интернаттар жүйесі құрылып, 1953 жылы оларда 40 мыңдай бала оқыды. 1950 жылы білім беру жүйесінде жалпыға бірдей міндетті он жылдық білім алуға көшті. Кешкі және сырттай оқитын мектептер ашылды. 1950 жылы - 9088 мектепте 1 млн 143 мың оқушы оқыды. Соған қарамай кемшіліктер болды. Олар: оқу бөлмелері, оқулықтар жетіспеді.
Жалпыға бірдей жетіжылдық білім беру туралы заң одан әрі жүзеге асырылды.1952 жылыҚазақстанда жалпы білім беретін 9 мыңдай мектеп , 125 техникум мен арнаулы орта оқу орны жұмыс істеді,бұларда 1,5мын адам оқыды.
Дегенмен мектептердін материялдық жағдайы онша болған жоқ . Сондықтан оларға ғимарат салу, мектептердің ескірген , тозған үйлерін салуға жөндеуге халықтың , селомен қала еңбекшілерінің тарапынан үлкен көмек корсетілді.
Кітапханада кітап қорларын толықтыру үшін кітап , радио қабылдағыш , т.б. мәдени құралдарды жинап берді.
Соғыстан кейінгі жылдарда мектепте білім беру бері ісі тоталитарлык тәртіптің ықпалынан шықпады.Партия , комсомол және пионер ұйымдар , мұғалімдер жас ұрпактың санасы мен мінез-құлқын қатаң бақылауда ұстады. Оқу-тәрбие процестерін саясаттандырумен қатар жалпы көршеткішті қудалау , оқу процестерін жасанды жүргізу , оқушылардың оқуға немқурайлы қарауы орын алды.
Осының салдарынан 20 жылдың ішінде (1956-1970) қазақ мектептерінің саны 3891-ден - 2577-ге дейін азайды,ал сабак орыс тілінде жүретін. Орыс мектептер саны 1,5 мыңға дейін көбейді.Қазақ тілі тек тұрмыстық қолданыс дәрежесінде сақталса , орыс тілі негізгі мемлекеттік тіл ретінде қолданды.
Кітаптардың 95% орыс тілде басылды , теледидар хабарларының 70% эфирде тек орыс тілінде жүргізілді
Әдебиет жаңа шығармалармен толықты. «Абай мектебі».
Әдебиетте даму жағдайында болды. 1947 жылы М.Әуезов өзінің «Абай» роман – эпопеясының екінші кітабын аяқтады. 1949 жылы оған бірінші дәрежелі КСРО мемлекеттік сыйлығы берілді. Замандастарының басынан өткен қиындықтары мен қуаныштары С.Мұқановтың «Сырдария», Ғ.Мұстафиннің «Миллионер», Ғ.Мүсіреповтің – «Қазақ солдаты» тағы басқа шығармаларымен поэзияларда көркемдік бейнесін тапты. Соған қарамастан 1951 жылы 31 маусымда «бірқатар жат ұғымдарды баяндайтын қазақ әдебиеті оқулықтарының басылымдарын алып тастауғы» бұйрық берілді. Осы жылы « Абай мектебі аталатын буржуазиялық объективтік тұжырымның ғылымға қарсы » екендігі жарияланды. Ұлы Абайдың есімінің аталуына тыйым салу қаупі пайда болды. Сондай – ақ «Ер – сайын», «Едіге», «Орақ пен Мамай», «Батыр Шора» сияқты шығармаларды басуға тыйым салынды. Қазақстан жазушыларының барлық шығармаларына қатаң бақылау орнатылды: цензура күшейді, Главлит атанған мекеме атқарды. Кез келген шығарманы шығару Главлит рұқсатымен ғана шығарылды. М.Әуезовтің Абай романы «ұлтышлдық пен байшылдық» мағынада жазылған деп, қайта жазылды.
Қазақстан Ғылым академиясының ашылуы.
Еліміздің ғылыми әлеуеті де арта түсті. Республиканың мәдени өмірінде ерекше оқиға – 1946 жылы маусымда Қазақ КСР Ғылым академиясы ашылды . Тұңғыш президенті Қ.И.Сәтбаев ( 1899 – 1964 ж.)
Ғылым Академиясының толық мүшелері болып көрнекті ғалымдар – М.Әуезов , Ә.Бектұров , М.И.Горяев , А.Қ.Жұбанов , Н.Г.Кассин , Н.Т.Сауранбаев , мүше-корреспонденттеріне : Н.О.Базанова , Р.А. Баруков, Ә.Х.Марғұлан , М.И.Усанович және т.б сайланды.
1950 жылдардың аяғында Қазақстан Ғылым Академиясының жүйесіне 50 ғылыми зерттеу институты жумыс жасады. 1958 жылы Орталық Қазақстанның кешенді металлогендік әрі болжамдық картасын жасағаны және оның оның әдістемесін зерттегені үшін ғалымдар : И.И.Бек , Р.А.Боруков , Г.Ц.Медоев , Д.Н.Казакин ,Қ.И.Сәтбаев және басқалары Лениндық сыйлыққа ие болды.
Қоғамдық ғылымдарға қысым жасалуы.
Қоғамдық ғылымдар ерекше күрделі жағдайларда ( Сталиндік кезең, партия комитетінің қатаң қадағалауы) дамыды.
1946 жылы 14 тамыз БК(б)П Орталық Комитеттің «Звезда», «Ленинград» журналдары туралы қаулысы шықты. Бұл қаулы бойынша «басқаша ойлайтын» адамдарды қудалаудың жаңа науқанын бастады.
1947 жылы наурыз – Қазақстан Компартиясы ОК-нің «тарихты, әдебиетті, өнерді зерттеуде орын алған саяси қателіктер мен ұлтшылдық бұрмалаушылықтарға қарсы күресті өрістету туралы» қаулысы қабылданды.
1947 жылы 21 қаңтар – «Қазақ КСР Ғылым академиялық тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы» қаулы шықты. Қаралған мәселе: Қазақ халқының революцияға дейінгі, әсіресе XIX ғасырдың рухани мұрасын ғылыми зерттеуге тыйым салу. Осы кезеңде Мәскеу мен Ленинградта «Ленинград ісі», «Дәрігерлер ісі» деген науқан жүріп жатқанда. Қазақстанда «Бекмаханов ісі» дейтін іс қолдан жасалды. Е.Бекмаханов – дарынды тарихшы ( 1915 – 1966ж.)
- 1943 жылы шыққан Қазақ КСР тарихы еңбегінің авторларының бірі. Бұл еңбекті
жазуға соғыс жылдары Алматыға көшіп келген А.М.Панкратова, Б.Д.Греков,
И.М.Дружинин қатысқан болатын.
- 1946 жылы Е.Бекмаханов КСРО Ғылым академиясында докторлық диссертация
қорғады.
• 1947 жылы – «XIX ғ. 20 – 40 жылдардағы Қазақстан» деген атпен оның еңбегі
жеке монография етіп шығарды.
Бұл еңбек туралы пікірлер айтыла бастады. Кітаптың 14 – тарауында жазылған
К.Қасымұлы басшылығымен болған көтеріліс сыналып, авторға «буржуазиялық
– ұлтшыл идеологияны дәріптеуші» деген саяси айып тағылды.
1950 жылы 26 желтоқсан – «Правда» газетінде «Қазақстан тарихы мәселелерін
маркстік – лениндік тұрғыдан баяндайық» атты мақала жарияланды. Бұл
Е.Бекмахановты ресми саяси айыптау еді.
1951 жылы 10 сәуір «Бекмахановтың буржуазияшыл – ұлтшылдық көзқарасын
айыптау туралы» қаулы жарияланды. Е.Бекмаханов Ғылым академиясынан
шығарылды.
1951 – 1952 ж. – Жамбыл облысының Шу ауданындағы орта мектепке жұмысқа
ауыстырылды.
1952 жылы 4 желтоқсан - Қазақ КСР Жоғарғы сотының сот алқасы үкімімен 25
жылға бас бостандығынан айырды.
1954 жылы ақпан – академик, қоғам қайраткері А.М.Панкратованың тікелей
көмегі нәтижесінде іс қайта қаралып, ақталып шықты.
1954 – 1966 ж. – Е.Бекмаханов ғылыми – педагогикалық жұмыстармен
шұғылданды.
«Космополит»
Қазақстанда бір ғана «Бекмаханов ісі» емес биология, медицина, экология
саласындағы ғалымдарға «космополит» деген айыптар тағылып, олар
республикалық ғылыми – зерттеу мекемелерінен және оқу орындарынан
қуылды. Мысалы: Қазақ Мемлекеттік Университетінің ректоры
Төлеген Тәжібаев.
1951 жылы 6 шілде - «Қазақ Мемлекеттік Университетіндегі саяси – тәрбие
жұмысы мен кадрлық іріктеудегі ірі кемшіліктер туралы» қаулы қабылданды.
Т.Тәжібаев – оқытушылық қызметке саяси сенімсіз болғандықтан Академиядан
құрылған адамдарды жұмысқа алғандығы үшін және буржуазияшыл – ұлтшыл
Е.Бекмахановты қолдағаны үшін айыпталды.
Нәтижесінде Т.Тәжібаев ректорлық қызметтен босатылды. Сонымен қатар М.Елікбаевтың тағдырына тоқталсақ, Шығыс Қазақстан облысындағы орыс тілі пәнінің мұғалімі, майдангер, жоғары білімді маман болған. Ол Н.С.Хрущевтің атына хат жазып, онда адамның жеке басының құқықтарын бұзу, ұлттық саясат саласында бірқатар бұрмалаушылықтар, қазақ тілінде оқытатын мектептердің қысқартылуы т.б. Өкімет орындары жүргізіп отырған саясаттағы оқулықтар жөнінде өз пікірлерін білдірді. Мұнымен Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық партия комитеті мен Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті айналысып партия қатарынан шығарылды, одан әрі мұғалімді психиатриялық ауруханаға жапқан. Ол аштық жарияласа түтікше арқылы тамақтандырады. Осы сияқты 90 мыңнан астам «басқаша ойлайтындар» психикалық емдеу жолынан өтеді.
Қорытынды:
Осыған шыгарар қорытындымыз , еліміздің білім және ғылым саласының дамуының кезеңдерінің жағымды және жағымсыз кездері болғанын түсіндік. Жағымды жағы -халық тегін білім алды, жағымсыз жағы - еліміздің тарихы ақсады, қыспақта болды. Оған тарих куә.
Кеңестік қоғамдағы экономикалық дағдарыс белгілерінің тарихи білімге жасаған кедергілері мына төмендегідей болатын:
- тарихи білімде биліктің әкімшіл-әміршіл әдісіне көндігу орын алды;
- кеңес қоғамы ғылыми-техникалық революцияның әлемдік дамуына ілесе алмай қалса да, тарихи білімде оны дәріптеу көріністері байқалды;
- тарихи білімде басшылыққа алатын зеттеу жұмыстарының бәрінде халық шаруашылығын дамытудың жоспарлы сипаты дәріптелді;
- шикізатты өндіру мен өңдеудің республика мүддесінен тысқары дәрменсіз күй кешуін әспеттеу міндеттеріне байланысты тарихты оқытудың шынайылығы бұрмаланды, т.б.
Кеңестік дағдарыстың қоғамдық саладағы белгілері тарихи білімге мынадай жағынан әсер етті:
- тарихи білім беру жүйелерінің бәрінде әлеуметтік әділетсіздікке жол берудің көздері әшкерленбеді;
- тарихшылар кеңес қоғамындағы жағымсыз көріністерді халықтан жасыруға мәжбүр болды;
- тарихшылар қазақ тілінің қолдану аясы мен қазақ халқының үлес салмағының қысқару шындығын көрсете алмады;
- тарихи білімдегі шежірешілдік, бүкіл ауызша тарих айту дәстүрімен бірге ұлтшылдық пен рушылдыққа жатқызылып, қоғамдық ортадан шеттетілді;
- тарихи білімде ұлттық діл мен ислам дінінің ерекшеліктері елеусіз қалып, бүтін бір халық мәдениетінің ішкі дәт-қуатының шайылу қуіпіне бейімделу көріністері орын алды;
- тарих ғылымы санада «КСРО халқы» деген түсінікті орнықтыруға міндеттелгендіктен, аймақтың ұлттық мүддесі ескерусіз қалды, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |