2013 жыл үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтуды кеңейтуге және ақпараттандыруға бағытталған мынадай шаралар жүзеге асырылды:
14 облыста және Алматы, Астана қалаларында «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы ҚР Заңына» енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ҚР Заңы» тақырыбына ақпараттық-түсіндіру семинарлары өткізілді;
- «7 Арна» республикалық телеарнасындағы «Другими словами» бағдарламасында «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы ҚР Заңына» енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ҚР Заңы» тақырыбына «МӘСҚ» АҚ Президенті А.М.Құрманов және Стратегиялық даму және инвестициялық басқару департаментінің (бұдан әрі – СДжИБД) директоры Г.Қ.Болатбекова сұхбат берді; «Астана» республикалық телеарнасындағы «Дневник с Гульжан Мукушевой» бағдарламасына «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы ҚР Заңына» енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ҚР Заңы» тақырыбына «МӘСҚ» АҚ Президенті А.М.Құрманов сұхбат берді; «Астана» республикалық телеарнасындағы «Открытая студия с Нурланом Еримбетовым» бағдарламасына «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы ҚР Заңына» енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ҚР Заңы» тақырыбына «МӘСҚ» АҚ Президенті А.М.Құрманов қатысты; «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы ҚР Заңына» енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ҚР Заңы» тақырыбына «МӘСҚ» АҚ Басқарушы директоры М.А.Жәнібеков «Рахат» республикалық телеарнасындағы «Блог-пост СТВ» бағдарламасына қатысты; «7 Арна» республикалық телеарнасына Қор Президенті А.М.Құрманов зейнетақы реформасының негізгі бағыттарын түсіндіру, сонымен қатар ҚР Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы, «Хабар» республикалық телеарнасындағы «Біз» бағдарламасына «Қазақстандағы әлеуметтік сақтандыру жүйесінің дамуы» тақырыбына СДжИБД директоры Г.Қ.Болатбекова, «24.kz» республикалық телеарнасындағы «Интервью.кз» бағдарламасына «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер- әлеуметтік қолдау» тақырыбына Қор Президенті А.М.Құрманов сұхбат берді;
- «Астана» республикалық телеарнасында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша деректі фильм көрсетілді;
«31 Арна» республикалық телеарнасында және «КТК» республикалық телеарнасында орыс тілінде «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуы жағдайына төленетін әлеуметтік төлемдер» тақырыбына бейнеролик көрсетілді;
- «Радио NS» және «Қазақ радиосы» эфирлерінен мемлекеттік және орыс тілдерінде әр қайсысының ұзақтығы 30 секунд болатын МӘСЖ жөнінде аудиоролик берілді (барлығы 300 шығу);
- «Қазақ радиосында» зейнетақы реформасының негізгі бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында өткен пікірталасқа Стратегиялық даму және инвестициялық басқару департаментінің директоры Г.Қ.Болатбекова қатысты;
ҚР Кәсіподақтар федерациясы ұйымдастырған семинарларға- 15 рет, «ЕХӘҚМ біліктілікті арттыру курстары» РМҚК - 3, «Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік орталығы» ЖШС - 13, «ҚР халықты әлеуметтік қорғау және еңбекті қорғау бойынша республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК – 3 рет қатысып баяндамалар оқылды;
- «Экспресс - К», «Егемен Қазақстан», «Литер», «Казахстанская правда», «Айқын», «Экономика», «Әділет» газеттерінде және 27 өңірлік газеттерде Қор Президенті А.М.Құрмановтың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мақалаларын жарияланды;
- «Егемен Қазақстан», «Экономика», «Казахстанская правда, «Айкын», «Литер» газеттерінде, «Кадры» журналында Қордың Стратегиялық даму және инвестициялық басқару департаментінің директоры Г.Қ.Болатбекованың мақалалары жарияланды.
- Қор ҚРЕХӘҚМ бірігіп «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» атты Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» тақырыбына республикалық тәжірибелік конференция өткізді. Конференцияның жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Парламентінің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сонымен қатар ғылым, бизнес және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты;
- МӘСЖ бойынша 17 000 дана плакат, Қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің бес түрі бойынша 500 000 дана парақша, 17 500 дана жеке және заңды тұлғаларға тарату үшін МӘСЖ бойынша ҚР нормативтік құқықтық актілер жинағы, 13 800 дана «Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» журналы шығарылды.
- интернет ресурстары арқылы түскен 1226 сұраққа жауап берілді, оның ішінде Қордың сайтына – 789 сұрақ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің блогына – 98, ҚР ЕХӘҚМ сайтына – 339 сұраққа жауап берілді. Телефон арқылы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің мәселелері бойынша 288 түсіндірілу жұмысы жүргізілді.
|