Жылдары Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуді ұйымдастыру жөніндегі


Халық санағын өткізу жөніндегі мемлекеттік органдардың өкілеттілігі



бет2/8
Дата16.02.2022
өлшемі182.5 Kb.
#455442
1   2   3   4   5   6   7   8
Әдістемелік ұсыным

3. Халық санағын өткізу жөніндегі мемлекеттік органдардың өкілеттілігі
8. Халық санағының дайындық және негізгі кезеңдерді іске асыру кезінде санаққа дайындық және оны өткізуге жауапты билік органдарын (орталық және жергілікті атқарушы органдар) өкілеттілігінің аражігін ажырату ұсынылады.

Республикалық деңгейде санақты өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің (бұдан әрі - Комитет) негізгі функцияларын бөлу ұсынылады:

1) санаққа дайындық және оны өткізу, сонымен қатар оның нәтижелерін талдау мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

2) халық санағының бағдарламасын қалыптастыру;

3) әдіснамалық және ұйымдық қамтамасыз ету, халық санағына дайындық және оны өткізу, сонымен қатар оның материалдарын автоматтандырылған өңдеу бойынша барлық жұмыстарды жоспарлау, үйлестіру және бақылау;

4) халық санағының мәселелерін реттейтін тиісті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау;

5) халық туралы санақ парақтарында бар мәліметтердің құпиялылығының кепілдігін қамтамасыз ететін іс-шараларды әзірлеу;

6) санаққа дайындалуға, оны өткізуге және оның қорытындыларын шығаруға арналған қаржы қаражаттарының шығыстарын қалыптастыру және нақтылау;

7) халық санағын дұрыс ұйымдастыру үшін санақты өткізудің ұйымдастыру жоспарларын бекіту;

8) дайындық, соның ішінде санақ құжаттамасының таралымын көбейтуді қоса, ақпаратты жинауды және өңдеуді әдістемелік сүйемелдеу;

9) аумақтық органдарға материалдық-техникалық құралдарды жеткізуді ұйымдастыру;

10) санақты өткізуге қажетті картографиялық материалдарды жасау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

11) халық санағына дайындық және оны өткізу кезінде ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау;

12) санақты өткізу тәртібіне аумақтық органдардың мамандарын және санақ персоналын оқыту бойынша бағдарлама әзірлеу;

13) санаққа дайындық және оны өткізу мәселелері бойынша аумақтық органдардың мамандарын оқытуды ұйымдастыру;

14) санаққа дайындық және оны өткізу бойынша іс-шаралардың орындалуын бақылау;

15) санақтың материалдарын өңдеу және қорытындыларын қалыптастыру үшін, соның ішінде ақпаратты бақылау, өндеу, сақтау және қорғау үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу;

16) алгоритм верификациясын, түзетуді, өткізілген деректерді импутациялауды және санақтың қорытындыларын қалыптастыруды қоса материалдарды бағдарламалық өңдеуді ұйымдастыру;

17) санақ материалдарының деректерін аумақтық органдардан алу;

18) санақ материалдарының негізінде деректердің жалпы базасын қалыптастыру;

19) жариялауға арналған кестелердің макеттерін дайындау, санақтың қорытындыларын, олардың басылымдарын шығару,тарату және сақтау;

20) халық санағын өткізу туралы талдамалық есепті дайындау.

9. Халық санағын өткізу кезінде облыстық деңгейдегі органдардың (жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық статистика департаменттері) функцияларына мынадай функцияларды жатқызу ұсынылады:

1) санақ жұмыстарының орындалуының және жиналған ақпараттың сапасын бақылау;

2) бөлмелерді беру, санақ парақтарын және санақтың өзге де құжаттарын сақтау, көлік құралдарын беру, санақ объектілері туралы мәліметтерді жинауды іске асыру үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде тұратын персоналды қабылдауға көмектесу бөлігінде мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыру;

3) аумақта халық санағын дұрыс ұйымдастыру үшін санақты өткізудің ұйымдастыру жоспарларын жасау;

4) халық санағына дайындық және оны өткізу кезінде ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау;

5) санақ объектілері туралы мәліметтерді жинайтын тұлғалардың және санақ парақтарының және санақтың өзге де құжаттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ішкі істер органдарымен өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастыру;

6) санақ объектілерінің тізімдерін өзектендіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

7) шарттарды жасау және атқарылған жұмыстардың (қызметтердің) актілерін ресімдеу;

8) халық туралы мәліметтерді жинауды жүзеге асыратын адамдарды іріктеу және оларды оқытуды ұйымдастыру;

9) материалдық-техникалық қамтамасыз етуге, соның ішінде санақ учаскесіне жеткізуге қатысу;

10) аудандық деңгейде санақ объектілері туралы мәліметтерді жинауды жүзеге асыратын адамдардан санақ материалдарын қабылдау және бақылау, оларды аумақтық органдарға жеткізу;

11) аумақтық статистика департаменттерімен алғашқы деректерді өңдеу және оларды республикалық деңгейге беру;

12) аумақтық статистика департаменттерімен санақ нәтижелерін аумақтық деңгейде талдау, санақтың өткізілгені туралы есепті дайындау;

13) халық санағының қорытындылары бойынша барлық санаттағы пайдаланушыларды статистикалық деректермен қамтамасыз ету;

14) халық санағына дайындық және оны өткізу кезінде ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау.

10. Аудандық деңгейдегі (жергілікті атқарушы билік органдары мен қалалық/аудандық статистика басқармалары) санақ органдарының функцияларына мыналарды жатқызу ұсынылады:

1) орындалған санақ жұмыстарының және жиналатын ақпараттың сапасын бақылау;

2) халық туралы мәліметтерді жинауды жүзеге асыратын адамдардың және санақ парақтарының және санақтың өзге де құжаттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ішкі істер органдарымен өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастыру;

3) халық санағын дұрыс ұйымдастыру үшін санақты өткізудің ұйымдастыру жоспарларын бекіту;

4) халық санағына дайындық және оны өткізу кезінде ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау;

5) әкімшілік бірліктер бойынша санақ объектілерінің тізімдерін қалыптастыру, санақты аудандастыру бойынша жұмыстарды жүргізу;

6) санақ объектілері туралы мәліметтерді жинауды жүзеге асыратын адамдарды қабылдау және оларды оқыту;

7) далалық деңгейде жұмыстарды орындау үшін санақ құжаттамаларын жинақтау;

8) санақ объектілері туралы мәліметтерді жинауды жүзеге асыратын адамдардың жұмысы және санақ парақтары мен санақтың өзге де құжаттарын сақтау үшін телефон байланысымен және жиһазбен жабдықталған үй-жайларды іріктеу;

9) атқарылған жұмыстардың (қызметтердің) актілерін ресімдеу;

10) санақ нәтижелерін талдау, санақ өткізілгені туралы есепті дайындау .

11. Далалық деңгейдегі санақ органдарының (есеп және нұсқау учаскелері және санақ бөлімдері) функцияларына мыналарды жатқызу ұсынылады:

1) санақ объектілері туралы тізімдер бойынша мәліметтерді нақтылау;

2) санақ объектілерін алдын ала аралап шығу;

3) мәліметтерді жинау;

4) санақ құжаттарын толтырудың уақытылығын және дұрыстығын күн сайын бақылау;

5) санақтың өткізілуі барысы туралы ақпаратты күн сайын жинау, қорытындылау және аудандық деңгейге беру;

6) санақ кезеңі аяқталғаннан кейін бақылап аралап шығу;

7) толтырылған санақ құжаттарын қабылдау/тапсыру және оларды аудандық деңгейге беру;

8) орындалған жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің актісін келісу;

9) өз құзіреті шегінде санақ өткізілгені туралы есепті дайындау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет