19. Қоқандықтар сəтсіздікке ұшыраған 1858 жылы қазақ- қырғыз көтерілісшілерінің соққы берген жері: A) Шымкентке таяу жерде. B) Ташкент.C) Пішпек түбінде.D) Əулиеата маңы. E) Тоқмақта.
20. 1855 жылы 8-ші шілдеде Есет батырдың тобы қырып салды:
A) Сұлтан Жантөрин лагерін. B) Майор Булатов тобын.
C) Генерал-майор Фитингофты . D) Мырза Ахмет ханды. E) Сұлтан Тайшық жасағын.
21. Қоқан билеушілері Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда 1858 жылғы болған көтерілісті басты:
A) Əскери күштің басымдығымен.
B) Қазақ феодалдарымен ымыраға келу арқылы.
C) Көтерілістің басшыларымен келіссөз жүргізді.
D) Ресей жазалаушы топтармен ымыраға келу арқылы.
E) Жалған уəделер беру арқылы.
22. Жанқожа Нұрмұхамедұлы Хиуа бекінісін талқандады:
A) 1853 жылы.B) 1845 жылы.C) 1841 жылы.D) 1843 жылы.E) 1849 жылы.
23. Кенесары құрған хандық кеңестің Əбілқайыр хан кезіндегі ақсақалдар кеңесінен өзгешелігі: A) Хан билігі шектелді. B) Билік ханның өз қолында болды.
C) Шешімдер дауыс беру арқылы қабылданды. D) Билік билердің қолында шоғырланды.
E) Кеңестегі шешуші дауыс батырларға берілді.
24. Қоқан билігіне қарсы болған 1858 жылы көтерілістің нəтижесі:
A) Көтерілісшілерге кешірім жасалынды.
B) Көтеріліс Қоқандықтардың билігін құлатуға алғышарт жасады.
C) Сауда өркендеді. D) Салық мөлшері азайды.
E) Қазақтарға еркін көшіп-қонуға еркіндік берілді.
25. Қазақ феодалдары Қоқан билеушілерімен жасаған ымыра:
A) Қазақ феодалдары көтерілісті тоқтатуға келісім берді.
B) Əскери күш шақыруға келісім берді.
C) Қазақ феодалдары салықты көбейтуге келісті.
D) Екі жақ Ресей билігіне қарсы бірігуге келісті.
E) Қоқан ханы ішінара жеңілдіктер жасады.
№ 21 ҚАЗАҚСТАН–РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ОТАРЫ
1. 1860 жылы 19-21 қазанда қоқандықтар мен орыс әскерлері үш күн шайқасқан жер: A) Əулиеата.B) Тоқмақ.C) Пішпек.D) Ұзынағаш.E) Таушүбек.
2. ХІХ ғасырдың 40 жылдарында Оңтүстік Қазақстанда Орта жүз бен Ұлы жүз аумағы жапсарында салынған Ресей əскери бекіністері:
A) Лепсі, Қапал, Көкпекті.
B) Ақтау. Алатау, Қапал.
C) Мерке, Қастек, Верный.
D) Ақтау, Ақмола, Таушүбек.
E) Көксу, Іле, Райым.
Достарыңызбен бөлісу: |