Жылқы тарихы – қазақ тарихы. Эоцен кезең



бет2/5
Дата10.12.2023
өлшемі42.49 Kb.
#486109
1   2   3   4   5
Жылкы тарихы 1

Жылқылардың эволюциясы эоценде балталды, шамамен 55 млн жыл бұрын. Сол уақытта қазіргі таңдағы барлық жылқылардың арғы атасы гиракотерий немесе эогиппус жануары тіршілік етті. Жылқыға ұқсас болғаннан кейін «эогиппус» атауын алып отыр. «Эогиппус» атауы екі грек сөзінен құралып отыр: «эос» сөзін қазақша аударғанда «ақтаңдақ» деген мағына береді, ал «гиппус» - «жылқы» деген атау береді. Бойы аласа гиракотерий (20 см) өзінің ұсақ тістерімен жапырақтар мен жемістерді жеуге бейімделген. Қазіргі жылқылармен салыстырғанда бұл жануардың арқасы шығыңқы, мойны мен тұмсығы қысқа, құйрығы ұзын, аяғы қысқа болып келеді.
50 млн жыл бұрын гиракотериден Orohippus (орогиппус) бөлініп шықты. Орогиппуста тістері мен дене бітімі өзгеріске ұшырап, ендігі қатты өсімдік түрлерін жеуге көшті. Үш млн жыл өткеннен кейін орогиппустардың түрі жаңа түрге Epihippus (эпигиппус) эволюциялық жолмен ауысты. Бұл кезеңде табиғи ортаның ауа-райы өзгерді, Солтүстік Американың климаты құрғап, орманды алқаптардың көлемі қысқарды және ашық саванна қалыптасты. Бұндай өзгеріс жылқы эволюциясында маңызды оқиғалардың бірі болды, орманды алқаптар қысқарғаннан кейін жылқылардың арғы аталары ашық жаңа жерлерге бейімделе бастады. Олар ірілене түсті және ашық аудандар оларға тез қимылдауға мүмкіндік берді. Эпигиппустар табиғи ортаның өзгеруіне байланысты шөптесін өсімдіктерді жеуге көшті.
40 миллион жыл бұрын Mesohippus (мезогиппус) жануары қалыптасты. Бұл жылқының биіктігі 60 см дейін жетті, арғы аталарымен салыстырғанда мезогиппустардың арқасы шығыңқы болған жоқ, мойны мен тұмсығы ұзара түсті. Тұяқтары өзегеріске ұшырады. Шамамен 35 миллион жыл бұрын бойы 1 метрге жететін (Miohippus) Миогиппусқа ауысты. Миогиппус (грек. méion — кіші және híppos — жылқы), генетикалық құрылысы бойынша Мезогиппуске өте ұқсас, тек ірілігімен ерекшеленеді.
23 миллион жыл бұрын Parahippus (парагиппус) пайда болды. Бұл жануарлардың тістері шөпті жеуге жақсы бейімделген және аяқтарында үш саусақ қалыптасқан. Парагиппустардың тікелей ұрпақтары болып саналатын биіктігі 1 метрге жететін Merychippus (меригиппус) пайда болды. Олардың бас сүйегі қазіргі жылқылармен ұқсас болып келеді, миының көлемі басқа жылқылармен салыстырғанда біршама ұлғайған. Меригиппус эволюциялық даму жолында бірнеше түрге бөлініп, уақыт өте келе бұл жануарлардың түрлері жойылып кетті. Арада бірнеше млн жыл өткен кейін жылқылардың қазіргі таңдағы түрі Equus (эквус) пайда болды. Өзінің арғы аталарымен салыстырғанда жылдам, ірі, қайратты, табиғи өзгерістерге төзімді жануарға айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет