Жылу, жылумен жабдықтау жүйелері жіне жіктелуі Орындаған: Аманкелді Ильяс пгс-35 тобы



бет3/6
Дата21.10.2022
өлшемі6.23 Mb.
#463104
1   2   3   4   5   6
Аманкелді Ильяс ПГС-35 Жылумен жабдықтау жүйелер

Жылумен қамту бөлек өндіру тəсілімен болғанда, қазанда өндірілген жылутасымалдағыш (су немесе бу) жылу желісінің құбырлары арқылы тұтынушыларға беріледі, ал қайтатын құбыр арқылы тұтынушылардан қазандыққа қайтарылады. Жылу тұтынушыларда желілік су салқындайды, ол өзінің жылу потенциалының бөлігін бөлмелерді жылытуға немесе ыстық су дайындауына, немесе желдету жүйесінде ауа баптау үшін береді

Жылумен қамту бөлек өндіру тəсілімен болғанда, қазанда өндірілген жылутасымалдағыш (су немесе бу) жылу желісінің құбырлары арқылы тұтынушыларға беріледі, ал қайтатын құбыр арқылы тұтынушылардан қазандыққа қайтарылады. Жылу тұтынушыларда желілік су салқындайды, ол өзінің жылу потенциалының бөлігін бөлмелерді жылытуға немесе ыстық су дайындауына, немесе желдету жүйесінде ауа баптау үшін береді

Аудандық қазандықтардың (АҚ) жылу қуаты 175 - 235МВт құрайды. Осындай жылу жүктемелердің концентрациясы үлкен агрегатты, қазіргі уақыттағы техникалық жабдықталған қазандарды пайдалануды тілейді, олар отынды қолдануда жоғары пайдалы əсерлік коэффициентін қамтамасыз етеді.


ЖЫЛУ КӨЗДЕРІНІҢ СҰЛБАЛАРЫ
Аудандық казандықтың принципиалды сұлбасы:
1- сужылытқыш қазан; 2 - химиялық су тазарту; 3 - толтырғыш судың деаэраторы; 4 - толтырғыш сорғышы; 5 - желілік сорғышы; 6 - шикі судың сорғышы;7 - рециркуляциалық сорғыш; 8 - деаратор буының салқындатқышы; 9 - су ағынды эжектор; 10 - газ бөліну багі; 11 - эжекторлық сорғыш; 12 - ыстық судың бак аккумуляторы; 13 - қысым реттегіш

ЖЫЛУТАСЫМАЛДАҒЫШТАР СИПАТТАМАСЫ


Қалалардың тұрғын аудандарын жылумен қамту үшін жылутасымалдағыш ретінде температурасы 150оС ыстық су пайдаланылады, ал өндірістік кәсіпорындарда бу қолданылады. Жылутасымалдағыш жылу көздерінен жылу құбырлары арқылы тасымалданады. Ыстық су тұтынушыларға жылу желілерінің беретін құбырлары бойынша жеткізіледі, жылу тұтынушыларға өз жылуын беріп суығаннан кейін жылу желілерінің қайтатын құбырлары бойынша жылу көзіне қайтып келеді. Міне, осылай, жылутасмалдағыш үздіксіз жылу көзі мен тұтынушылар арасында айналып жүреді. Жылутасымалдағыштың айналуын жылу көзінің сорғыштары арқылы қамтамасыз етіледі.
Будың тасымалдағыш ретінде суға қарағандағы артықшылықтары:
  • Жылу тұтынудың барлық түрлерін, технологиялық үрдістерді қанағаттандыру мүмкіндігінде негізделетін үлкен әмбебаптығы;
  • Тасымалдағышты тасымалдауға электр энергиясының аз шығыны (бу жүйелерінде конденсатты қайтару үшін энергиясының шығыны сулы жүйелердегі суды қозғалтуға қарағанда әлдеқайда төмен);
  • Будың кішкентай тығыздығы су тығыздығынан төмен болу салдарынан гидростатикалық қысымның кішкентай болуы;
  • - тұтынушыларда бу кезінде қажетті конденсат бұрушылар мен конденсатты қайтару бойынша сорғыш қондырғыларын орнатпай ақ пайдаланылуы.

Су тасымалдағышының буға қарағанда артықшылықтары:
- жылу көзінен су температурасын өзгертіп тұтынушыларға жылу жіберуді орталықтан реттеу мүкіндігі;
- энергетикалық потенциалын, яғни температурасын жоғалтпай ұзақ қашықтықтарға тасымалдау мүмкіндігі (ірі жүйелерде 1км ұзақтыққа температураның түсуі 1°С);
- ашық жылумен қамту жүйе кезінде жергілікті жылыту және ыстық сумен қамту жүйелерінің жылу желілеріне жалғастырудың төмен бағасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет