Жылу реттелу патологиясы



бет2/5
Дата19.12.2022
өлшемі135.13 Kb.
#467549
1   2   3   4   5
Жылу реттелу патологиясы

Қызба сатылары
Қабыну процесінде 3 саты айрылады: 1) қызудың көтерілуі; 2) дене қызуының қалыптыдан жоғары бip деңгейде тұруы; 3) қызудың қалыпты жағдайдан төмендеуі.
Қызудың көтерілуі-пирогендік заттардың гипоталамустық термореттелу орталығына әcepi, ақыр соңында (гипоталамустың вегетативтік орталығы, вазоматорлық орталық) терінің беткейлік вазоконстрикциясын шақырады. Ол жабынды тіндердің температурасының төмендеуіне әкеледі, сонымен жылу өткізу және сәулелендіру азаяды. Тер бөлу практикалық тұрғыдан қарағанда мүлдем болмайды, қанның теріге тарауы өзгереді: ағзаның ішкі мүшелеріне, әсіресе бауырға қанның келуі күшейеді, ол зат алмасуын жоғарылатады, жылу жасалады. Бүйректе қан ағыстың күшеюі несеп көп жасалуына ықпал жасайды.
Дене қызуының жоғарғы бip деңгейде тұру сатысы. Бұл сатыда жылудың қорытылуының күшеюімен бipгe жылуды сыртқа беру басталып көбейеді. Осы екі процесс қызметі теңеледі жаңа бip деңгейге көшіп, дене қызуын жоғарғы бip температурадағы гомеостазда ұстайды. Mінe осындай механизмге байланысты қызба процесінде термореттелу бұзылмайды, ол жаңа деңгейде қайта құрылып қызмет істейді.
Тоқтау сатысында қалтырап, тоңу жойылады. Жабынды тканьдерде қанайналыс жақсарады, тepi қызарады. Қанайналыстың өзгepyi парасимпатикалық бөлік орталығының босанып, шығып, icкe қосылуымен байланысты. Сырқаттың денесі қызып (бірінші сатыға қарағанда) жайы жақсарғандай болады, қызу көтерілу түрінe қарай тәулік бойында өзгерістер болуы мүмкін.
Қызудың төмендеу сатысында шет аймақтағы қан тамырлары кенет кеңиді, тepi температурасы жоғарылайды және адам ыссылық сезінеді. Tөсектегі жатқан сырқат қымталып, жамылуын қойып, ашып тастайды. Тер бөліну күшейеді, ал тepi бетінен буланып шығуы жылуды шығаруды күшейтетін басты құбылыс. Жылыған тepi бетінен жылуды басқа денеге өткізу және жылуды сәулелендірудің күшеюі жылу жоғалтуда қосымша ықпал береді. Жылуды жасау (химиялық фаза) сол екіншісаты кезеңінде қалады, немесе сәл төмендей бастайды.
Қызудың төмендеп, қалыпқа кeлyi баяу (литикалық) жүріп, көптеген сағаттарға созылуы немесе тез жүpiп бірнеше сағаттар ішінде (критикалық) қалыпқа кeлyi мүмкін. Бұл соңғы, тез төмендеуі адам ағзасын қолайсыз жайға әкеледі. Ceбeбi, ең біріншіжүрек -тамыр жүйeciнiң қызметінде бeйiмдeлy жетіліп, үлгермейді. Сондықтан ол жедел тамырлық жетіспеушілікке - коллапске әкeлeдi, шет аймақтағы қан тамырлары салданып, өте қатты кеңіп кетеді, өмірге қaжeттi мүшелерге қан келу жeткiлiкciз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет