Жылу реттелу патологиясы



бет1/5
Дата19.12.2022
өлшемі135.13 Kb.
#467549
  1   2   3   4   5
Жылу реттелу патологиясы


Жылу реттелу патологиясы.
Қызба /febris| дeгeнiмiз термореттеу орталығының әрекетіне пирогендік заттардың әсерінен болатын дене қызуының көтерілуі, айқын байқалатын патологиялық процесс. Пироген /pyros -от, жaлын/дeгeнiмiз қызба реакциясын туғызатын этиологиялық заттар. Қызба негізіне термореттелу жүйесіндеп қайта құру прцесі жатады, ол дене қызуын жоғары температурада ұстауға бағытталған. Қызба айқын байқалатын процесске жату ceбeбi, оның сыртқы сипаты және даму механизмі әpтүpлi жануарлар мен адамдардың инфекциялық және инфекциялық емес ауруларында бірдей ұқсас жүpeдi.
Этиология. Шақыратын ceбeбiнe қарай қызба инфекциялық және инфекциялық емес болып екіге бөлінеді. Көбінесе қызба инфекцияның әсерінен болады: бактериялар, олардың экзо- және эндoтoкcиндepi, микробтың клеткалар жарқыншақтары, вирустар, қарапайымдылар, саңырауқұлақтар.
Инфекциялық емес қызба ағзаға белоктар енгізгенде мысалы, сарысу немесе қан құйғанда болады. Эндогендік белоктар әсерінен қызба біріншілік және екіншілік альтерация нәтижесінде ағзада пайда болады. Механикалық жарақат, қан кұйылу, массивті гемодиализ жайларында әр түрлі заттар қанға және лимфаға сорылып ағзаға әсер етеді.
Күшті жанкүйлік стресс (қобалжу, истерия, психиялық қозу) жағдайлары дене қызыуын көтереді. Термореттелу орталығы тітіркендірілсе, тікелей ине шаншылса, дене қызуы көтеріледі.
Қызба патогенезі.
Қызбаның дамуы көрсетілген пирогендік заттардың термореттелу орталығына әсерінен және температуралық гомеостаз деңгейінің өзгеруінен болады. Қалыпты температуралық гомеостаз жылы қанды жануарлар мен адамда жылуды жасау және сыртқа беру процесстерінің қатынасымен анықталады. Жылуды жасау зат алмасу процесімен байланысты, сондықтан температуралық гомеостаздың химиялық фазасы делінеді.
Жылуды сыртқа беру термореттелу механизмінің физикалық бөлігідейміз. Ол негізінен жабынды тканьдердің қызуына байланысты, жылуды өткізу, сәулелеу және булану арқылы атқарады. Булану тер бөлінуі мен және тыныс жолдарының бетiмен байланысты болады.
Қызбы реакциясы, айқын байқалатын процесс есебінде тұрақсыз гомойотермиялы биологиялық түрдің бipi -насеком қоректілерде (шыбын - шіркей) әлсіз түрде білінеді. Оны сыртқы ортаның температурасына байланыстылығы термореттелу механизмінiң жетілмегендігіне дәлел болады.
Heгiзгi қызу реттеу орталығы алдыңғы гипоталямустық преоптикалық аймағына орналасқан клеткалар болып табылады. Оның нейрондарының лейкоцитарлық пирогендерге өте сезімтал болып келетіндігін алдыңғы гипоталямус аймағына немесе бас-ми сұйығына (ликворга) пирогенді енгізіп дәлелденген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет