Қызып кету (гипертермия)
Қызып кету этиологиялық және патогенездік тұрғыдан қарағанда қызба реакциясынан басқа болады. Дене кызыпкетуісыртқы орта температурасына және киген киімге байланысты жылуды сыртқа беру қиындайды, термореттелу жүйесінің кызметі жеткіспейді. Әрине, бұл процесс ағзаға түскен физикалық жүкке де байланысты.
Қызба реакциясында қызып кетуге қараганда эндопирогендер жасалады және термореттелу деңгейі өзгереді. Қызбада иммунитетік реактивтілік қозады: фагоцитоз, антиденегенез қабілеттенеді. Вакцинация жасаганнан кейінгі қызба реакциясы спецификалык антидене жасауды қолдайтындығы дәлелденген. Ал егер дене қызуы көтерілмесе антидене титры (мөлшері) төмен болады.
Қызбаның ағзаға әcepi
Зат алмасупроцесі.Зат алмасу процесі қызбаның біріншісатысында көрнекті жоғарылайды. Метоболизм деңгейі осы жоғары күйде екінші сатыда болады. Сол кезеңде пирогендік заттардың қызу реттеу орталығына әcepi ақыр соңында клеткалар митохондрияларында тотығу, фосфорлану процестерінің ажырауына әкеледі. АТФ жасалу және қуатты қорға жинау (аккумуляция) бұзылады. Сондықтан қуат жылу күйінде тарайды, немесе негізінен жылу энергиясы жасалады.
Физиологиялық жүйелердің қызметік орталық жүйке жүйесінде инфекциялық; өзгерістер болады; сандырақтау, қозу жайлары. Көптеген жағдайларда қызбада көңіл -күйдің төмендеуі (апатия), сел қостық (адинамия), дене сынуы, ұйкы келу жайлары болады. Шартты рефлекстік әрекеттер төмендейді. Вегетативтік нерв жүйесінде фазалық өзгерістер дамиды: біріншісатыда симпатикалық, үшіншіде -парасимпатикалық бөлікте.
Жүрек -тамыр жүйесі. Қызбада эффекторлық өзгерістер шет аймақтағы тамырлар таралуымен басталып, канның таралуы реттеледі. Қызба барысында тамырлық өзгерістертepiтамырларының кеңеюімен аяқаталады. Тамырлық жауап жылу реттеу механизмінің физикалық фазасын анықтайды. Үшіншісатыда тамырлық өзгерістер коллапске әкелетіні айтылды.
Бүйректегі қанайналыс. Бүйректегі қанайналыс өзгереді бірінші сатыда күшейеді ол диурезді жоғарылатады. Үшіншісатыда бүйректегі қанайналыс төмендейді, несеп жасалу азаяды. Оны қатты терлегеннен дамитын сусыздануды болдырмайтын бейімделу реакциясының бipi деуге болады. Сусыздану қанның қоюлануын шақырады, гемодинамиканы қиындатады, оның профилактикасы -мол су қабылдау.
Жүрек -тамыр, сондай -ақ орталық жүйке жүйесі қызметтерінің өзгepyi тепе –теңдігінің бұзылуымен де байланысты. Жекелеп айтқанда газсыз ацидоз протейнаттар жасалуына әкеледі және кейбір бостандықтағы электролиттердің, мысалы, кальцийдің деңгейін төмендетеді.
Ас қорыту жүйесі. Қызба жайында ас қорыту бездерінің сөл бөлу қабілеті төмендейді, тәбет нашарлайды, ұзақ қызба адамды жүдетеді. Сондықтан да сырқатты құнарлы тамақпен қамтамасыз ету керек. Вегетативтік нерв жүйесінің екі бөлігінің өзара қатынасы бүлінгендіктен қарын -ішек тізбегінің қозғалыстық функциясы бұзылады.
Қызба маңызы. Бүкіл айқын байқалатын процесстер сияқты қызба да қорғаныс және жарақат құбылыстарын алып жүреді.
Қызбаның тepic әcepi микроб токсиндерінің, тоқыма клеткаларының бүліну заттарын, метаболизм өзгеруінің ағзада интоксикация шақыруынан. Сондықтан да қызба жайында жұмыс жасау қабілеті төмендейді, дімкәстік дамиды, бас ауырады, селқостық болады, тәбет жоғалады.
Ағзаның, көптеген физиологиялық жүйелерінде қызмет әрекеті өзгереді. Соның ішінде жүрек -тамыр жүйесіне қосымша көп куш түседі. Температураның күрт (критикалық) төмендеуі, үшінші сатыда коллапс дамуына әкелуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |