Ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат



Pdf көрінісі
бет108/168
Дата16.06.2023
өлшемі2.94 Mb.
#475153
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   168
ӘНХ 2020 2021

 
 
«Информатика» оқу пәні 
2021-2022 оқу жылында 10-11-сыныптарда «Информатика» оқу пәні 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы
7 наурыздағы № 105 бұйрығымен бекітілген жаңартылған мазмұн бойынша 
үлгілік оқу бағдарламасымен қоғамдық-гуманитарлық бағытта (ҚГМ) 16-
қосымшаға және жаратылыстану-математикалық бағытта (ЖМБ) 15-қосымшаға 
сәйкес оқытылады (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 
2017 жылғы 27 шілдедегі № 352, 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрықтары). 
«Информатика» оқу пәнін оқытуға бөлінген апталық жүктеме: ҚГБ ҮОЖ 
бойынша 10-11-сыныптарда 1 сағаттан, ЖМБ ҮОЖ бойынша 10-11-сыныптарда 
2 сағаттан.
Жалпы білім беру мектептің профильді сыныптарында информатика 
курсын оқыту қоршаған орта туралы ақпаратты алуға, іздеуге, талдауға, сыни 
тұрғыдан бағалауға, ақпаратты таңдап алуға; ақпаратты жіберуге; объектілер мен 
үдерістерді жобалауға, өз іс-әрекеттерін жоспарлауға; жоспарларды құруға, 
түзетуге және іске асыруға бағытталған.
Бұл білім саласы пәндерінің мазмұны бөлімдер бойынша берілген. 
Бөлімдер бөлімшелерге бөлініп, әр бөлімшені оқып игеру сыныптар бойынша 
күтілетін нәтижелер: дағдылар немесе біліктер, білім немесе түсініктертүрінде 
оқу мақсаттары жүйесінде көрсетілген. 
Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларында барлық пәндер 
бойынша ұзақ мерзімді жоспар берілген. Онда курс материалы тоқсандарға 
бөлініп көрсетілген. Ұзақ мерзімді жоспарда тақырыптарды игеруге және 
бөлімшелерді игеруге жұмсалатын сағат сандары көрсетілмеген. Бөлімшелердің 
арасында сағат санын бөлу құқығы практик-мұғалімге берілген, бірақ материал 
көрсетілген тоқсанда толық оқытылуы тиіс. 
Қоғамдық-гуманитарлық 
бағыттағы 
10-11-сыныптарға 
арналған 
«Информатика» оқу пәнін оқыту мақсаты білім алушыларды негізгі біліммен
тиімді пайдалануға арналған заманауи ақпараттық технологиялармен жүретін 
жұмыс дағдыларымен және қабілеттермен қамтамасыз ету болып табылады. 
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-сыныпқа арналған «Информатика» 
оқу пәнінің базалық білім мазмұны: 
1) «Компьютерлік жүйелер» 
Ақпараттық 
қауіпсіздік: 
«ақпараттық 
қауіпсіздік», 
деректер 
«құпиялылығы» және «тұтастығы»; қауіпсіздік шаралары – деректерді резервтік 
көшіру және шифрлау; жеке тұлғаны сәйкестендіру әдістері; 
2) «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру» 


193 
Дизайн теориясы: «дизайн», «қолданылуы», визуалды дизайнның 
классификациясы; Ақпаратты қабылдау принциптері; «жақсы дизайн» 
қағидаттары (ыңғайлылық, қарапайымдылық); графикалық файл пішімдері; 
графикалық файлдарды түрлендіру; сайттың дизайн-макетін әзірлеу. 
Бейне контентін құру: видео түсірілімнің негізгі қағидалары және 
бейнелерді өңдеу; бейнемен жұмыс істеу бағдарламалары; бейне клиптерді 
өңдеу. 
Веб-жобалау: сайттар конструкторы; веб-беттегі мультимедиа; сайтты алға 
жылжыту әдістері; сайтты жариялау. 
3) «Ақпараттық процестер мен жүйелер» 
Ақпараттық технологияларды дамытудың қазіргі заманғы үрдістері: 
машиналық оқытудың принциптері, нейрондық желілер; жасанды интеллект 
қолдану салалары; Blockchain (блокчейн) технологиясының мақсаты мен жұмыс 
принципі. 
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 11-сыныпқа арналған «Информатика» 
оқу пәнінің базалық білім мазмұны: 
1) «Компьютерлік жүйелер» 
Бұлттық технологиялар: файлдарды ортақ пайдалану. 
Ақпараттық қауіпсіздік: ақпаратты және зияткерлік меншікті қорғау; 
электрондық цифрлық қолтаңба, мақсат, қолдану алгоритмі. 
2) «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру» 
3D – модельдеу: виртуалды және кеңейтілген шындық; олардың адам 
денсаулығына әсері; бірінші тұлға көрінісімен 3D панорама (виртуалды саяхат) 
жасау. 
3) «Ақпараттық процестер мен жүйелер» 
Ақпараттық технологияларды дамытудағы заманауи үрдістер: Қазақстанда 
цифрландыру процесінің қазіргі заманғы үрдістері; электрондық үкімет порталы. 
4) «Қосымшаларды әзірлеу» 
Мобильді қосымшалар: мобильді қосымшалар интерфейсі; мобильді 
қосымшаларды әзірлеу және орнату. 
IT 
Startup 
(ай-ти 
стартап): 
Crowdfunding 
(краудфандинг) 
платформаларының жұмыс қағидалары; маркетингтік жарнама, өнімді өткізу 
және сату жолдары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   168




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет