Ауру 4 кезеңге бөлінеді:
1. Инкубациялық кезеңде белгісі болмайды. Бұл 20-40 күнге созылып және жыныс мүшелерінің кілегей қабығында қатты шанкрдың болуымен сипатталады.
2. Сифилистің біріншілік кезеңі. Бұл 6-7 аптаға созылады, қатты шанкрдың шығуынан бастап, дененің барлық жері бөрткенге дейін. Қатты шанкр – инфекцияның енген жерінде пайда болған кішірек жара. Еркектерде қатты шанкр кейде жыныс мүшесінң басында байқалады. Ал, әйелдерде- жыныс еріндерінде, жатырдың мойнында. Шанкр біреу болады, оның размері үлкен емес, ұсақ монета сияқты, дөңгелек, қатты созылмалы, жалпақ табақша тәрізді және сұйық бөлініп тұрады. Әдетте ол аурусыз. Қатты шанкраның пайда болуынан бастап лимфатикалық түйіндері үлкейеді.
3. Сифилистің екінші кезеңі. Бұл 3-4 жылға созылуы мүмкін. Дененің бар жерінің бөртуімен басталады. Бөртпесі кіші көлемді қызғылт дақ тәрізді болады. Бұл кезеңде ішкі мүшелер де зақымдала бастайды.Аурулардың бәрі инфекцияның көзі ретінде қауіпті. Сифилистің үшінші кезеңі. Бұл ішкі мүшелердің қатты бұзылуымен белгіленеді. Бұл жұққаннан кейінгі 3-4 жылдан кейін емделмесе, ұзаққа созылатын және өлімнің себебі болатын кезең. Сифилистің бұл кезеңінде адамның сырт пішіні бұзылып мүгедек болады.Жүйке жүйесі азап шегіп, ісік тәрізді құрылымдар (гумма) пайда болып, лезде психикасы бұзылады.
Сифилис –қауіпті ауру және қарқынды емделуді талап етеді. Ешқандай жағдайда бұл ауруды асқындыруға болмайды, бұл өлімдей қауіпті.
Бұл дертті негізінен арнаулы микробтар таратады. Әсіресе спирохеттер микроскоппен ғана көруге болады. Сырт пішіні штопырға ұқсас бұралып келеді. Бұл микроб жыныс ауруының қандай түрі болмасын барлығын жұқтырады.Дене қызарады, жара пайда болып кейіннен іріңдейді. Біраз уақыт өткеннен кейін (6 аптадан 1 жылға дейін), дененің кез келген жері бөртіп, қызарып кетеді. Бөрткені ауырайды, не қышымайды. Жалпы адамды мазаламайды.Бұл аурудың осы кездегі белгілері, бұрынғы кездегілермен салыстырғанда мүлдем басқаша. Таңба-таңба болып шаштың түсуі, тамақ қырылдап қалады, адамның басы ауырып температурасы көтеріледі. Бірақ бұл белгілер болмауы да мүмкін. Егер сифилисті емдемесе, ол адам ағзасына төтенше құбылыстар туғызуы сөзсіз.
Сал ауруы (паралич), көзі көрмей соқыр болып қалуы, құлағы естімей саңырау болып қалуы, адам есінен мүлдем айырылып кетуі, тіршілік дуниесімен қоштасуы ықтимал. Сифилисті емдеу үшін ең кең қолданатын дәрінің бірі антибиотик – пенициллин. Ол төмендегі сатыдағы саңырауқұлақтардан өндіріледі. Сифилис жүкті анадан туылатын балаға жұғуы сөзсіз. Ол ауру болып туылады. сүйектері кемтар болып дүниеге келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |