Жыныс жолымен таралатын аурулар



бет2/6
Дата03.01.2022
өлшемі19.94 Kb.
#451690
1   2   3   4   5   6
СозПр

Соз ( гонорея) – жыныстық жолмен берілетін, сексуальді контакті арқылы берілетін, жиі кездесетін ауру. Бұл несепағар өзегінің іріндеуімен және ауру тудыратын микроорганизмдер – гонококктың болуымен сипатталады. Гонореяның еркектер мен әйелдерге біршама айырмашылықтары бар.
Еркек гонореясы. Еркектерде ол жыныс жолымен ғана жұғады. Жаңа гонорея ( 2 ай ауру кезінде) және созылмалы гонорея (2 айдан жоғары) деп бөлінеді. Аурудың байқалуы 3- тен 5-ке дейінгі күн аралығында пайда болады).
Несепағардың алдыңғы бөлігінде алдымен күю сезімі мен қышуы, сосын кілегейлі бөліністер байқалады (жыныс мүшесінің басы). 3-4 күннен соң ауру құбылыстары қатты көрінеді. Несепағар өзегінің сыртқы тесігінде қызару мен ісіну пайда болып, ол тығыздалып және аурулы болады. Ірің бөлінеді: лайланады, сары түсті және көп бөлінеді. Несеп шығарушыға ауыру пайда болады. Содан басқа бұл қолайсыз жұқтырылған факт жүйкені тоздырып , психо- эмоционалды стрессті қалыптастырады.
Егер бұл жағдай медициналық көмекке назар аудармаса, онда қуыққа инфекция тереңіне таралады. Несеп шығару жиі болады және ақырында ауруы күшейеді.
Емделуі жеткіліксіз немесе емделу толық өткізілмесе, онда гонорея созылмалы түріне көшеді. Несептің бөлінуі азаяды және онда іріндік қауыз бен жіптер табылады. Қосалқы және қуық алды бездерге тарп, аурудың күйі біршама нашарлайды. Қосалқы бездің зақымға ұшырауы, жоғарғы температура, бездің ісінуі және бірден ауруымен байқалады. Өзектің тарылуы келешек ұрықсыздықпен аяқталады.
Қуық алды бездің зақымдануы жоғары температурамен және шап ауруымен сипатталады. Импотенцияның дамуы да ықтимал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет