Жж аралығындағы қазақ әдебиеті. Орындаған: Кабажаева А. H



бет2/4
Дата31.07.2022
өлшемі219.02 Kb.
#459854
1   2   3   4
Арайлым

Жапандағы жалғыз үй» – тың игеру тақырыбына арналды дегенмен, шаруашылық мәселелерін емес, адам тағдырын, оның өсу, өзгеру психологиясын тартымды суреттеген шығарма. Онда елдегі әлеуметтік өзгерістер бір отбасының тағдырына байланысты көрсетіледі.

  • Жапандағы жалғыз үй» – тың игеру тақырыбына арналды дегенмен, шаруашылық мәселелерін емес, адам тағдырын, оның өсу, өзгеру психологиясын тартымды суреттеген шығарма. Онда елдегі әлеуметтік өзгерістер бір отбасының тағдырына байланысты көрсетіледі.
  • Жазушы онда заманның, уақыттың адамға, оның тағдырына кайшылықты әсер етіп жатқанын атады. Тың көтеру ісі де қайшылықты. Жапандағы жалғыз үйдің құлауы, бір жағынан, жаңарып жатқан тіршіліктің ықпалы болса, екінші жағынан, шаруаның жеке меншікшіл сезімінің күйреуін аңғартады.

Бұл жылдардағы ауыл еңбеккерлері жайлы романдарды Қазақстанда тың көтерумен байланысты туған жаңа туындылар толықтырды. Бұлардың ішінде С. Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй», 3.Шашкиннің «Сенім» романдары көрнекті орын алады.

1960-2000 жылдардағы әдебиеттің саяси әлеуметтік дамуы. Жалпы қазақ әдебиетінің даму тарихына көз жүгіртсек, әріден келе жатқан ақын-жыраулар кезеңін алмай, діни-ағартушылық, демократтық, ұлт-азаттық көтеріліс, Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі әдебиетпен салыстырғанда 1960-2000 жыл кезеңіндегі әдебиет өзіндік ерекшеліктерге ие.


1960-2000 жылдардағы әдебиеттің саяси әлеуметтік дамуы
Жаңашыл көзқарас
Жаңа заман
Жаңа бағыт
Бұл ерекшеліктер:

Кешегі күнде әдебиеттің қайнар көзі болған ел тағдыры, жер тағдыры, отарлау саясаты, майдандағы жауынгер тағдыры сынды мәселелер енді қазақ қоғамына келе бастаған жаңашылдыққа ұласа бастады. Сол тұста жарық көрген роман болсын, өлең сөз туындылары болсын тек тақырып жағынан ғана ерекшеленбей, сонымен қатар сюжеттік-композициялық, идеялық-көркемдік тұрғысынан да, яғни шығармадағы каһарман бейнесін сомдауда, дәуір ерекшеліктерін танытуда өзіндік жаңалықтарға ие. Тілге тиек еткен мал шаруашылығы, тың игеру, егіншілік, өндіріс жұмыстары, күнделікті күйбең тіршілік қарбаласындағы қара жұмыс адамының образын жасау барысында сол кездегі дәуір көрінісін бейнелей келе, әдебиетте қазіргі заман шындығын суреттеп, адамның бүгінгі бейнесін танытуға ұмтылады. Сонымен қатар осы кезеңдегі әдебиетке тән бір ерекшелік, бұл-адам психологиясы, яғни адамгершілік қасиеттер: ар-намыс, қажырлылық, жігер, ұят, борыш, еңбекқорлық сынды рухани құндылықтар мен іштарлық, көре алмаушылық, жемқорлық, жағымпаздық сияқты жағымсыз мінездер арпалысып, замана сомдаған адам бейнесін айқын танытады


1967 жылы «Қазақ әдебиетінің тарихы» деген атпен үшінші томы жарық көрді.
Бұл зерттеу еңбегіне қазақтың «ақтаңдақтары» – С.Сейфуллин, Б.Майлин,
І.Жансүгіров, М.Дулатов, М.Жұмабаевтар мен Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин,
А.Тоқмағамбетов, Т.Жароков, Ә.Тәжібаев т.б. шығармашылықтары жайлы
монографиялық тараулар енді.

Кеңестік дәуірдегі әдебиеттің дамуына байланысты қазақ әдебиетін зерттеу еңбектері мен сыни мақалалар көптеп шыға бастады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет