Жүйелі оқытуға бейімделу Біріншіден бейімделу ұғымына анықтама бере өтсек. Жалпы «бейімделу»



бет2/4
Дата04.10.2023
өлшемі153.62 Kb.
#479849
1   2   3   4
Жүйелі оқытуға бейімделу Шәріпхан Парзина

Сатылары
I – бағдарлық, жаңа ықпал кешеніне жауап ретінде қызу реакция мен іс жүзінде ағзаның барлық жүйелерінің айтарлықтай шеиеленісі бас көтереді. «Физиологиялық дауыл» екі-үш аптаға созылады.
II – орнықсыз бейімделу, ағза бұл ықпалға реакцияның қандай да бір ұтымды нұсқаларын табады. Бұл сатыда «бейімделу бағасы» төмендейді.
III – салыстырмалы түрде орнықты бейімделу сатысы, ағза шиеленіске жауап қатудың барлық жүйелердің аз жүктемесін талап ететін неғұрлым қолайлы нұсқаларын табады.
Үш сатының ұзақтығы – 6–8 апта шамасында, яғни оқу жылының 1-ші тоқсаны, ең күрделісі – 1–4 апталар.Бейімделудің табыстылығына жүйелі оқытуды бастағандағы жасы да әсер етеді. Алты жастағы баланы жеті жастағыдан алшақтататын жас оның физикалық және психикалық дамуы үшін маңызды. Мектепке барудың тиімді жасы 6 жас емес (1 қыркүйекке), 6,5 жас. Дәл осы жаста (6-дан 7 жасқа дейін) мінез-құлық реттілігі дамиды, әлеуметтік нормалар мен талаптарға бағдар қалыптасады, логикалық ойлау негіздері қаланады, әрекеттің ішкі жоспары жасалады.Алты жастағы балалар негізінен жеті жастағыларға қарағанда ұзақ бейімделеді. Оларда ағзаның барлық жүйесінің неғұрлым жоғары шиеленісі, жұмысқа қабілеттіліктің төмендігі мен орнықсыздығы байқалады. Сондай-ақ биологиялық және паспорттық жастағы жеке айырмашылықты да есепке алу керек, ол 0,5–1,5 жасты құрауы мүмкін.Мектепке бейімделудің ұзақ әрі табысты процесі, әрі қарай оқу көбінесе балалардың денсаулық жағдайымен анықталады. Денсаулықтың бірінші тобындағы балалардың бейімделуі жеңіл өтеді, ал созылмалы аурулары бар балаларда айтарлықтай күрделі.Қолайлы түрде бейімделу үшін ағза жетілудің белгілі бір деңгейіне жетуге тиіс, бұлшық еттер мен жүйке процесінің нақты күші, ақыл-ой мен физикалық күштерге төзімділік болуы керек, зейінді, жадыны, көңіл бөлу қабілетін және т. б. қамтамасыз ететін физиологиялық тетіктер қалыптасуға тиіс. Сондықтан балаларды бірінші сыныпқа қабылдау баланың оқуға дайындығы туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия (консультациялар) қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет