Жүйелі оқытуға бейімделу Біріншіден бейімделу ұғымына анықтама бере өтсек. Жалпы «бейімделу»



бет3/4
Дата04.10.2023
өлшемі153.62 Kb.
#479849
1   2   3   4
Жүйелі оқытуға бейімделу Шәріпхан Парзина

5-ші сыныптардың бейімделуі
Бесінші сынып оқушысы:

  • бұл жас ер жету сезіміне бірте-бірте қол жеткізумен байланысты;

  • теріс әрекет тән – қарсы тұруға ұмтылу, үлкендердің кез келген ықпалына, сөздеріне, пікірлеріне, сезімдеріне берілмеу;

  • басты орындағы оқу әрекетінің бірте-бірте қарым-қатынас әрекетіне ауысуы жүреді – өз құрдастарымен сенімділік-достық қатынастар орнату;

  • мінез-құлықтың ересек адамдар белгілеген әлеуметтік нормалары екінші орынға шығады;

  • құрдастары арасында жеке абыройға ие болуға ұмтылу еліктеу үшін үлгі боларлық тұлғаны белсенді түрде іздеуді туғызады;

  • баланың өзіне, сыртқы келбетіне, өзін-өзі тануға, өзін-өзі тәрбиелеуге ерекше назар аударуы тән;

  • өзіне және айналасындағыларға сыншылдықтың артуы;

  • өзін-өзі бағалаудағы тұрақсыздық, бұл: өзінің мектептегі қабілеттерінің жағымды немесе теріс бағалануына; құрдастарымен, сондай-ақ педагогтармен тұлғааралық қатынастың қаншалықты жолға қойылғанына; отбасындағы өзара қарым-қатынастың ахуалына байланысты.

Оқудағы қиындықтар мына қажеттіліктермен байланысты:

  • бұрын игерілген материалды еске түсіру, қайта жаңғырту және баяндау;

  • қиындықпен игерілетін жаңа мәліметтерді есте сақтау;

  • алдағы әрекетті жоспарлау, оны орындаудың неғұрлым ұтымды жолдары мен тәсілдерін таңдау, нәтижесін күні бұрын көре білу.

Бесінші сынып оқушысы бетпе-бет келетін қиындықтар:

  • кабинеттік жүйе;

  • пән мұғалімдерінің көптігі;

  • үй тапсырмаларының жаңа түрлері;

  • оқылатын пәндер санының көбеюі;

  • мұғалімдерге бейімделудің күрделілігі.

12 жасқа қарай балалар 5-ші сыныпқа көшеді, негізгі мектеп осы кезден басталады. Бұл кезең бала ағзасы үшін 1-ші сыныпта оқуды бастаған кездегідей қиындық тудырады. Негізгі мектепке физиологиялық және психологиялық бейімделу оқу жылының бүкіл 1-ші тоқсанын қамтиды. Оқу процесін ұйымдастыруда өзгерістер жүреді (жаңа пәндердің көптігі, жаңа мұғалімдер, сабақты, үй тапсырмаларын және т. б. ұйымдастыруға қойылатын түрлі талаптар).Осы кезеңдегі тәрбие қағидаларының бірі – баланың құқықтары мен міндеттерін кеңейтудегі үйлесімділікті тұспалдайтын динамикалық тепе-теңдік қағидасы.Бұл қағиданың әсіресе бала өз бетінше дамудың жаңа деңгейіне көтерілетін сыни кезеңдерде маңызы зор. Жаңа құқықтарға ие болу жаңа міндеттердің пайда болуымен түйінделеді (мысалы, енді бала досына қонаққа өз бетімен бара алады, сондай-ақ қарындасына да қамқорлық танытады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет