Тізе рефлексі — тобықты неврологиялық балтамен соққанда төрт басты бұлшық еттің ширығуына байланысты аяқтың тізеден жазылуы. Рефлекстік доғасы жұлыңның III-ІҮ бел сегменттерінде тоғысады. Өкше рефлексі — өкше сіңірін неврологиялық балғамен соққанда үш басты бұлшық еттің ширығуына (жиырылуына) байланысты табанның керіліп жазылуы. Рефлекстік доғасы жұлынның І-II сегізкөз сегменттерінде тоғысады. Жұлын шартсыз рефлекстерінің патологиясы. Нерв жүйесі құрылымдарының зақымдануына байланысты рефлекстердің төмендеуі (гипорефлексия), жойылуы (арефлексия), күшеюі (гиперрефлексия), симметриялы жақтардағы екі жақтан бірыңғайлығы сақталмауы (анизорефлсксия) мүмкін. Орталық нейрондар зақымданғанда қалыпты жағдайда кездеспейтін (патологиялық) рефлекстер пайда болады. Патологиялық рефлекстерге келесілер жатады: Ауыз рефлексі — неврологиялық балғамен төменгі немесе жоғарғы ерінді ақырындап соққанда ауыздың дөңгелек бұлшық еті жиырылуы. Мұрын-ерін рефлексі — мұрынның ұшын неврологиялық балғамен ақырындап соққанда ерін бұлшық еттерінің жиырылуы. Маринеску-Радовичи алақан-иек рефлексі — терінің бас бармақ томпағы маңайын (тұсын) сызып тітіркендіргеңде иек бұлшық етінің жиырыла қысқаруы. Оральдык автоматизм рефлекстері ми қыртысы-бұлшық ет жолының орталық неврондары екі жағынан зақымданғанда пайда болады. Қол ұшы патологиялық рефлекстері — қол ұшы тұсын әр жерінен тітіркендірген кезде оның саусақтарының ақырындап бүгілуі. Россолимо симптомының қол ұшындағы үйлестігі. Дәрігер саусақтарының ұшымен сырқаттың бүгулі ІІ-ІУ саусақтарының ұшын (әлсін-әлсін) соққылағанда байқалады. Жуковский симптомы сырқат алақанының орта тұсын неврологиялық балғамен соғу арқылы көрініс береді. Якобсон-Ласк рефлексі істік тәрізді өсіндіні неврологиялық балға мен соғу арқылы белгі береді. Аяқ ұшында көрініс беретін патологиялық рефлекстердің диагностикалық маңызы өте зор. Олар екі топқа бөлінеді. Біріншісі— теріні аяқтың әр тұсынан тітіркеңдіргенде бас бақай жазылуы. Онымен қоса кейде басқа бақайлардың жан-жаққа ыдырап бірінен-бірінің алшақтауы. Сол себепті бұл рефлекстер экстензорлык немесе жазылу аяқ ұшы патологиялық рефлекстері қатарына жатады. Оларды төмендегідей тәсілдер арқылы анықтап, әрқайсысын жеке-жеке атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |