Жүйке жүйесі ауруларының семиотикасы және диагностикасы. Орындаған: Бабасова А. К



бет8/13
Дата05.06.2024
өлшемі0.97 Mb.
#502357
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
561871.pptx

  • Батыру-сығуды сезіну.
  • Дәрігер сырқаттың денесі мен аяқ-қолдарының әрбір бөлшектерінің симметриялы тұстарын саусағымен немесе барэстезиометр деп аталатын арнайы аспаппен батыра сығып байқайды. Адам қалыпты жағдайда батырудың әр түрлі деңгейін ажырата алады.
  • Салмақты сезіну.
  • Дәрігер сырқаттың екі қолын алдына созғызып, алақанына әр түрлі салмақтағы таразы тастарын қойып бақылайды. Қалыпты жағдайда салмақтың 15-20 г шамасында айырмашылығы анықталады.

Сезімталдықтың зақымдалу түрлері:

  • Сезімталдықтың зақымдалу түрлері:
  • Парестезия — денеде өздігімен бірнәрсе өрмелегендей, ұйу сезімінің пайда болуы .
  • Анестезия – Сезімталдықтың жоқтығы. Гипестезия – Сезімталдықтың төмендеуі.
  • Гиперестезия – берілетін тітіркенгіш өте қатты сезіледі.
  • Дизестезия – сезімтал стимулдарды бұрмаланған түрде қабылдау: укол суық сезімі тәрізді қабылданады Аллохейрия – ауырсыну тітіркендіргіш орналасқан жерде емес оған қарама-қарсы симметриялық аймақта орналасады.
  • Полиэстезия –бір тітіркенудің көп болып сезінуі.

Рефлекс дегеніміз орталық нерв жүйесінің сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге беретін күрделі жауабы.

  • Рефлекс дегеніміз орталық нерв жүйесінің сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге беретін күрделі жауабы.
  • Рефлекстің морфологиялық негізі — рефлекстік доға (иін), яғни қозу импульстерін рецептордан орталық нерв жүйесі құрылымдарына, одан орын-даушы ағзаға (мәселен бұлшық етке) жеткізетін жол.

Шартсыз рефлекстерді зерттеу тәсілдері және олардың патологиялык жағдайлардағы көріністері .

  • Шартсыз рефлекстерді зерттеу тәсілдері және олардың патологиялык жағдайлардағы көріністері .
  • Рефлекстерді тексеру орталық нерв жүйесіндегі доғаларының тұйықталатын деңгейлеріне сәйкес «жоғарыдан төмен» қарай, яғни ми бағанынан жұлынның соңғы сегменттеріне қатысты құрылымдары қызметінің дұрыс-бұрыстығын барлау (байқап білу) арқылы жүзеге асырылады .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет