Баланың дүниеге келуі – күрт өзгеріс болып табылады. Біршама тұрақты ортадағы тіршіліктен (ана организмдегі) ол кенеттен жиі өзгеріп тұратын сан алуан тітіркендіргіштерге толы, ауалы ортадағы мүлдем жағдайға, яғни бұрынғы дәрменсіз тірі жан дәрежесінен ақыл – есті адам болып өсетің дүниеге шығады. Жаңа туған бала (туған сәттен 1-2 айға дейін).Өмірге бала шыр етіп келетіні белгілі. Бірақта, баланың дүниеге келуіндегі шыр етіп қалуын әр түрлі пікірлермен ғалымдар түсіндіргісі келеді. Мәселен З.Фрейд жарық дүниеге келген баланың шыр ете қалуын ана организмінен бөлінген сәтте болатын қамыға жылауы деп есептеді. Фрейд бойынша, осы сәттен бастап баланың инстинктік қажеттіліктері мен қоғамдағы өмір талаптары арасында тұрақты қақтығыс пайда болады. Фрейд бұл қақтығыстың психикалық өмірді қандай үздіксіз драмаға айналдыратын пессимистік тұрғыда суреттейді. Шартты рефлекс Зерттеулер көрсеткендей, баланың туа біткен аздаған реакцияларының жиынтығында сыртқы тітіркендіргіштерге көптеген рефлекстер бар, олардың негізінде ештеңе дамымайды. Бұл – баланың хайуанаттардың арғы атасынан тұқым қуалайтын атавизимдік рефлекстер. Жоғарыда аталған туа біткен рефлекстердің ішінде жармасу рефлексі мен еңбектеу рефлексі осыған жатады. Бұл рефлекстерге тән қозғалыс түрлері бара – бара жойылады. Жармасу рефлексі жұдырық түйген кезде алақанның тітіркенуінен пайда болады. Баланың психикалық дамуына сыртқы дүниемен өзара әсер теу қабілетін дамытуға қажетті қозғалыстарды жармасу қимылдары негізінде емес, саусақтардың тітіркенуінен пайда болатын қармау негізінде басталады. Жармасу рефлексі бала қарамауға үйренуден бұрын жойылады. Табанмен тіреп еңбектеу рефлексі де кеңістікте өздігінен қозғалуды дамытудың негізі болып есептелмейді. Зерттеулер нағыз еңбектеу аяқпен итеруден емес, қолдың қозғалысыныан басталатынын көрсетті: бала көңілі ауған нәрсеге ұмтылады, қолын «кезек қозғап», алға жылжиды. Қармау мен еңбектеу туған күннен бастап емес, одан едәуір кейін, үлкендердің осы қимылдары үйретуімен, жаттықтырумен қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |