17. Нейрофибрилдер ұзын молекулалы белоктардан тұрады.
Нейрон ұзақ жұмыс істегеңде олар жойылып та кетуі мүмкін.
18. Нейронның денесін с о м а деп атайды. Оның пішіні әртүрлі:
сопақша, ұршық тәрізді, дөңгелек, домалақ, үш бұрышты,
төрт бұрышты, жұлдыз тәрізді, т.б.
19. Денесінен ұзынды-қысқалы өсінділері - нерв талшықтары
шығады. Ұзын талшығын а к с о н (грекше аксон - тірек деген
мағынада), қысқа талшықтарын д е н д р и т деп атайды (дендрон
- ағаш). Аксонның сыртын қоршаған м и е л и н қабығы бар.
Миелин - ақ май тәрізді (липид) заттан түзілген. Ол әрбір 1,5-2 см
сайын үзіліп, Ранвье белдеуіне айналады. Аксон арқылы нерв
клеткасының денесінен басқа нейрондарға, жұмысшы мүшеге
нерв импульстері тасылады.
20. Мүшелерге келген аксонның ұшы тармақталып нерв
ұштарына айналады. Нерв ұштары қызметіне байланысты екі
түрлі болып келеді: сезгіш үштар -рецепторлар және қозғаушы
ұштар -эффекторлар. Рецепторлар сыртқы және ішкі ортаның
қандай да болмасын тітіркендіргішінің әсерін нерв
импульстеріне - қ о з у ғ а айналдырады. Ал эффектор орталық
жүйке жүйесінен келген қозуды жұмысшы мүшеге жеткізеді.
21. Синапстың құрылысы мен қызметі Нейрондардың бір-бірімен байланысы с и н а п с деп аталатын
арнайы ерекше құрылым арқылы іске асады.
Синапстың құрылысы мен
қызметі. Синапс 3 бөлімнен
тұрады:
пресинапстық
(синапстың алдындағы), синапс
саңлауы және постсинапстық
(синапстың соңындағы) бөлімдер.
Пресинапстық
бөлімнің
пресинапстық мембранасы бар.
Пресинапстық мембрана неиронның аксонының жуандаған
ұшы - синапс түймешесінің қабығы. Синапс түймешесінің іші
синапстық көбікке толы болады.
22. Әрбір нейронның денесіндегі синапстардың саны 100, тіпті бірнеше мыңға дейін
болуы мүмкін. Ал әрбір нерв талшығы 10 мыңға дейін синапс түзе алады
Бұл көбік медиатор деп
аталатын белсенді химиялык
заттан тұрады (лат. медиатор делдал,
арада
жүруші).
Қабылдаушы
нейронның
пресинапстық
бөлімімен
жалғасатын жерінің қабығын
постсинапстық мембрана деп
атайды. Пресинапстық және
постсинапстық мембраналардың
арасында синапс с а ң л а у ы
болады. Ол - клетка аралық
сұйыққа толы кеңістік.
23. Жүйке жүйесінің
жүйке жүйесінің
қызметіне қарай
болады:
маңызы. Адамның
маңызын оның
былай анықтауға
денедегі барлық мүшелердің және
мүшелер жұйелерінің қызметтерін реттейді;
денедегі барлық клеткалардың,
ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл
организмнің тірлігін қамтамасыз етеді.
мүшелерді бірбірімен
байланыстырып,
организмнің бір
тұтастығын іске
асырады;
сыртқы ортаның өзгермелі
жағдайларына организмді
бейімдейді;
организмді сыртқы ортамен
байланыстырады;
24. Жұлын • Жұлын (medulla
spіnalіs) — адам мен
омыртқалы
жануарлардың
омыртқа жотасының
ішінде орналасқан
орталық жүйке
жүйесінің бір бөлігі.
25. Дененің қаңқасының бұлшық еттерінің тонусын сақтайтын
организм үшін аса маңызды рефлекстер де осы жұлындағы
орталықтардың қатысуына байланысты. Жұлынның қозғаушы
орталықтарынан үнемі келіп тұратын нерв импульстеріне
байланысты адам кеңістікте белгілі орын алып қозғала алады.
Ішкі мүшелердің вегетативтік рефлекстері де жұлын арқылы
орындалады (жүрек-қан тамырлары, ас қорыту, зәр шығару т.б.
рефлекстер).